60х84 1-8 Сарыбаев indd


Ж. Баласағұни – «Құтты білік»


бет141/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179
Ж. Баласағұни – «Құтты білік» 
[4, 76-92 б.]: 
Н. Макиавелли – «Государь»
[5, 55-101 б.]: 
1
«Шариғатты тарат, ұқтыр, таны да, 
Ізгі атағың бірге тарар бағыңа»
«Билеуші сотқа бағынышты емес!»
2
Қатулан, әділдіктен таймасын жол
Қор қылмай, жігіттіктің пайдасын көр. 
Қадірін біл, жігіттік кетер тастап, 
Қанша қапсыр, бұл тірлік түбі қашпақ. 
Барында жігіттіктің күші бойда, 
Қор қылмай, ибадат ет, пейіл қой да!
«Саясат пен билікте өз мақсатыңа жету үшін 
ештеңеден тайынбау қажет»
3
«Кім білімді болса жаһан бегінен, 
Әділ заңды солар түзеп, теліген», 
«Жаудың бойын қылышымен бұқтырып, 
Түзесе елін әділ заңмен ұқтырып!»
«Күшті әскер жоқ жерде жақсы заң бола ал-
майды»
4
«Ұлықтықты алған жоқсың сен тілеп
Берді тәңір, рахымымен белгілеп. 
Бұл бектікті берді саған даралап, 
Ай, білікті, шүкірлік ет бағалап!»
«Жаулап алған жерлердегі халық біртілді бол-
са, оларды басқару оңай болады, тек бұрынғы 
билеушінің әулетін жойып жіберсе жеткілікті»
5
«Егер қолың ұзын болса – халыққа 
Ізгі қылық, ізгі сөзбен жарылқа! 
Жігітшілік өтер, өшер тірлігің, 
Дүние – түс, көшерсің тез бір күні». 
«Бек пе, құл ма, мейлі, жақсы-жаман ба, 
Өзі өлді, қалды аты – ізі ғаламда». 
«Хаққа табын, сеніп адал құлқыңа
Бауырмал бол, түзу қара жұртыңа»
«Билеуші жаңадан жаулап алынған елдерде-
гі шалғай аймақтарда көбірек әскер ұстауы 
қажет. Бұл билеуші үшін арзанға түседі әрі 
егістіктері мен жерлері тартып алынған, ке-
дейленген бір топ бұқара халық билеушіге еш-
теңе істей алмайды. Ал халықтың қалған бөлі-
гі осы жағдай олардың да бастарына келуден 
қорқып, көп ұзамай сабасына түседі»
6
Кісі ұланы қара жерге қол салды, 
Барлық істе ол білімін қолданды. 
Ақылымен кісі асыл атанар
Бекке ел ісі білімімен жасалар. 
«ел басқару ісінде кемеңгер билеуші ұлғайып 
келе жатқан қиыншылықтың дер кезінде ал-
дын алмаса, бәріне белгілі болған сәтте жөн-
деуге кірісуі – бос әурешілік »
7
«Кісі міні ақылменен күзелер, 
Халық міні білімменен түзелер. 
Бұл екеумен тындырмасаң жұмысты, 
Білімді қой, ал қолыңа қылышты! 
Ақылды бек – басшысы елдің, шырығы, 
Қылыш жұмсау – білімсіздің қылығы»
«соғыстан қаша алмайсың, ал кейінге қалды-
руың – қарсыласыңа пайдалы болуы мүмкін»
8
«Ақыл керек ерге жаһан бастауға, 
Ақыл, жүрек керек елді ұстауға. 
Ақылымен тұтты, әлемді ұстаған, 
Білімімен биледі, елге нұсқаған!» 
«Жаулап алынған қаланы қолда ұстап қалудың 
ең сенімді амалы – оны қирату»
9
«Ізгілік пен жақсы қылық – амалы, 
Мұнымен ер екі дүниені алады. 
Сен ізгілік тілер болсаң, одан да, 
Кел, ізгілік жаса, сөзді доғар да»
«Егер билеуші билігін сақтап қалғысы келсе, 
керек кезде ізгіліктен бас тарту қасиетін да-
мыту керек»
10 «Қайырым күтсең ақылыңмен аңғар да, 
Қайырым жаса қайырымды жандарға!»
«Ел билеушісі мейірімді болғаннан гөрі, қатал 
болғаны билігі үшін жақсы»


286
11 «Қолына алған ісін біліп атқарар, 
Білімді істе тұтып, халқын басқарар. 
Қара халық байыды, елін түзеді, 
Ел баюын – қағидам деп жүреді»
«қара халық байыса, тойынғаннан бас көте-
реді. Әлсіздерге болыса отырып, олардың кү-
шейіп кетуіне де жол бермеу керек»
12 «Өнер керек жапанды ұстап, ұғуға, 
Гүр арыстан керек құлан қууға. 
(Даңқ, қуат керек әлем жаулауға
Гүр арыстан керек құлан аулауға!) 
Жиһангерге қасиет керек мың, түмән, 
Сүйенсе оған, білмейді елі мұң, күмән»
«Егер билеуші тек арыстанның қасиетімен 
шектелсе, мемлекет болашағы бұлыңғыр бол-
мақ. Керек жағдайда түлкі секілді қулық жа-
саса, кейде арыстан секілді айбар көрсетуі ке-
рек»
13 «Әркез үстем тұтсын десең, қолдарың
Мақтап мәртін, әскеріңді қолдағын! 
Қошта әскерді, тілегіңді тілегін, 
Жау иіліп, болар күллі тілегің!
Қалың әскер ұстап, сыйла, тарылма, Солар 
саған қияр шыбын жанын да»
«Жалданған немесе одақтастардың әскері 
басыңа бәле орнатады. Одан да өзіңнің жеке 
әскеріңе сен», «Жалданған әскермен жеңіске 
жеткенше, өз әскеріңмен жеңілген артық!»
1 – кесте. Екі шығармадағы ел басқару ісіне қатысты қағидалар
Қос шығармада да мемлекеттің құлашын кеңге жайып, көкке самғауы да, керісін-
ше көктен жерге қарай құлдилауы да билеушіге байланысты екендігін аңғартады, 
серке қайда бастаса қалғандары да сонда жүреді дегенге саяды. Екі шығарма өмір-
дің ағы мен қарасы секілді екі бағытта жазылған. Бірі періштедей пәктікті ұсынса, 
бірі қаталдық та қажеттігін көрсетеді. Шынында да, өмірде жамандық болмайынша 
жақсылықтың қадірін түсінбей жатамыз. Тым қатыгез болуға болмайды, салдары 
ауыр болмақ. Бұған тарихымыздан Сталиндік басқару жүйесі дәлел. Тым мейрімді-
лік танытуға да болмайды, өйткені кей адамдар жұмсақтықты өз пайдасына жара-
туы мүмкін. Сондықтан билеуші аспан мен жердің арасындағы көкжиек секілді, Ж. 
Баласағұни айтқан мейрімділік ел билеушісінің бойындағы ең басты қасиет болса, 
Н. Макиавелли айтқан қаталдықты да ел билеу ісінде мүлде керек емес деп айта 
алмаймыз. 
Бұл жерде ескере кететін бір жайт, екі шығарманың да тақырыбы мен идеясы 
ел билеу ісі болғанымен, екі автордың да билікке деген кей көзқарастары ұқсаға-
нымен, бұл шығармалардың қайнар көзі, дүниетанымы, ішкі рухы мүлдем бөлек. 
«Құтты білік» – ислами қайнардың жемісі, ел билеу ісінде тек бұл дүниедегі билікті 
сақтап қалу мақсат етілмейді. Дінді негізге ала отырып, мейірімді басқару жүйесін 
насихаттайды. Ал «Государь» шығармасында керісінше, осы дүниедегі, яғни нақты 
қазіргі қолда бар билікті сақтап қалу мен оған жетудің тиімді, құйтырқы амалдарын 
жасауға кеңес береді. Н. Макиавелли – діндар христиан, адалдығы мен әділетті-
гі басым, мейірімді тұлға болғанымен, ел билеу ісінде қаталдықты негізге алуды 
ұсынады. Бұл шығармаларда Батыс пен Шығыстың ел билеу ісіне қатысты әртүрлі 
көзқарастары байқалады. Мәселен, Ислам ғұламасы Бәдиүззаман Саид Нұрси Азия 
мен Еуропаны бірдей критерийлермен салыстыруға болмайды деп айта келе, мы-
нандай айырмашылықтарды ескертеді: «Біріншіден, Еуропа – дүкен, әскери казарма 
секілді, ал Азия – егістік, мешітке ұқсайды. Әскери казарма мен мешіттің ішкі жағ-
дайы бірдей бола алмайды. Онымен қатар, барлық дерлік пайғамбарлардың Азияға 


287
келуі, ал философтардың Еуропадан шығуы тағдырдың бір ишараты сияқты, яғни 
Азия халықтарын дамытатын – дін мен жүрек, философия мен хикмет пәндері дін-
ге жәрдем етуі керек, орындары ауысып кетпеуі керек. Екіншіден, Ислам діні мен 
Христиан дінін салыстыруға болмайды» – дейді [6, 325б.]. Біздіңше, бірінші себебі 
айқын әрі түсінікті, ал екінші себебіне Н. Макиавеллидің «Шіркеулік мемлекет» 
атты тарауындағы пікірлері дәйек бола алады: діни құзыретті орталықтың заирлы 
билігі мен діни билігінің ажыратылуы (Рим папасы Александр VI тәжірибесі). Ал 
«Құтты білікте» – қоғамның барлық аспектілері тұтас діни басқаруға негізделген. 
Қорытындылай келе, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. а. у.) хадисінде келтіріл-
гендей: «өткен оқиғалардан ғибрат алмағандар, өздері кейінгі ұрпаққа ғибрат бо-
лып қалады» – демекші, біз қазір өткен тарихи оқиғаларды зерттеп, зерделеп дұрыс 
қорытынды шығара алмасақ, онда болашақтағы қателердің басы осы болмақ. Ж. 
Баласағұни бабамыздың сөзімен айтқанда: 
«Сөз, өсиет – мұра, өліден тіріге
Мирас тұтса, пайда өзіне, діліне!» – дегендей, кейінгі ұрпақ ел үшін аярнбай тер 
төгіп, қайырымдылық жолымен жүреді деп сенеміз. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет