60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет137/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   179
Сонда, бір қасықтай шикі өкпе үшін екеуміздің арамыздағы махаббатымыз бір 
сәтте суый қалғаны ма? Осы бір қаңғырған немеге қайдан тап болғансың? (Қыл-


277
мыскер, 358-б.). Жоғарыда кейіпкерлер тілінен келтірілген шикіөкпе – бала, қаң-
ғырған неме – үй-жайы жоқ адам сөздерінде эмоциялық-экспрессиялық реңк бар, 
жағымсыз мағынаны тудырып тұр. Бұлар бейнелі-бағалауыштық метафоралар. 
Адамның мінез-құлқына байланысты жануарлар әлемінен олардың нақты зат 
ретінде санадағы бейнелеріне негіздеп көкжал, оқжылан, көртышқан сияқты ата-
лымдарын сөйлеуге қолданғанда олардың белгілі бір қасиеттері немесе қасиеттер 
жиынтығы метафоралануға қатынасады. С. Жүнісов те кейіпкерлерінің бейнесін 
жасау үшін аң-құс атауларын жұмсайды
С а р ы ж о р ғ а. Барарымды барсам да, ол сұр жыланның бетін көруге дәтім 
шыдамады (Ажар мен Ажал, 92-б.). Адамның мінез, жүріс-тұрысына байланысты 
жағымсыз мағынада жұмсалынған, жек көру сезімін береді. 
А ж а р. Қатай – тонын айналдырған қасқыр (Ажар мен Ажал, 94-б.). Қолданыс-
тағы метафоралар арқылы адамның жек көру сияқты сезімі берілген. 
А ж а р. Тең құрбы болған соң өзіңізге алдын-ала құлаққағыс қылайын десем, сіз 
жөн-жосық жоқ... (Ажар мен Ажал, 82-б.). Құлаққағыс-емеурін бірлігі бейнелі ой-
лау нәтижесінде жасалынған. 
М ұ х т а р. Отыз жеті – көмусіз жатқан ұйқыдағы алып жылан, құйрығын ба-
сып қайтесің? (Кемеңгерлер мен көлеңкелер, 380-б.). 
М а х а м б е т. Мен құйқасын үйтіп, езуін тіліп табаққа салар көнбіс қойдың 
басы емеспін, иә, табағыңа да, тамағыңа да сыймайтын азулы иттің басымын 
(Махамбеттің өте шыққан өмірі – ай! 13-б.). Еркіндік, бостандық үшін күрескен 
Махамбет ақын мен Исатай батырдың бейнелерін жасау үшін, Махамбет тілінде 
«азулы иттің басымын» деп ит сөзін өзінің тура мағынасында емес, ауыспалы мән-
де, метафора ретінде жұмсап тұр. 
З ұ л х а р н а й ы н. Көке-ау, мен жұмыртқаны әлдеқашан жарып шыққан, екі 
қанатында екі погоны бар орыс қоразымын да, ал сіз тауық емес, татар тауығы-
ның әтеші емессіз бе?! (Сонда, 15-б.), 
Қ а р а у ы л қ о ж а. Осыдан он-ақ шақырым жерде ордалы қасқырлар. Үш-төрт 
мың қол. Ордаңды талқандап, ханның басын шабам деп келеді. (Сонда, 28-б.), 
К о м п о з и т о р. Сенің түрме бастығың – абжылан, сен – ібіліс, ал қазіргі өкі-
мет басшылары – пайғамбарлар, ең басшысы – құдай (Тұтқындар, 161-б.). 
С. Жүнісовтың «Кроссворд немесе әзіл маскарад» комедиясында жаңа жыл қар-
саңында аңдардың маскасын киген кейіпкерлердің айықтырғыштағы әңгімесі бе-
рілген. Бұл драма трагикомедиялық бағытта жазылған. Бұл пьесаның көтерген мә-
селесі кезінде «тоқырау жылдары» деп аталған кезеңдегі шындыққа сай болатын. 
Өмірде білімі шамалы, шен дәрежесі жоғары адамдардың адами қасиеттерінің аз-
дығы беріледі. Парақор, жемқор, айлакер, алаяқтар өмірін хайуандар кейпінде күл-
кілі етіп көрсетуде қаламгердің асқан шеберлігі байқалады. 
Автор ойына, баяндалып отырған оқиға желісіне, аңдар кейпіндегі бетперде 
(маска) кейіпкер бейнесіне, бітім-болмысына, ішкі әлеміне сәйкес келеді. С. Жүні-
сов драма оқиғасын кейіпкердің түс көруі әдісі арқылы береді. Болып жатқан оқиға 
айықтырғыштың бастығы Жұмабектің түс көруінде өтеді. «Кроссворд немесе әзіл 
маскарад» драмасында күлкілі сәттер мен күрделі тартыстар ғана емес, орта мен 


278
сол ортада өмір сүріп отырған адамдар үлкен шеберлікпен сипатталады. Қоғам мү-
шелерінің адамгершілікке жат қылықтары мен әдеттері сыналған. Көркем мәтіндегі 
ерекше мәні бар сөз «кроссворд» шығарма атауына айналған. 
С. Жүнісовте эмоционалды бояуы бар сөздер жиі кездеседі. Мәселен, жағымсыз 
қарым-қатынасты көрсететін сөздер: Е, көп пәтерлі үйде не болмайды? Иә, және 
ығайлар мен сығайлар тұрса. Үй тұрғындарының қандай екенін сипаттайтын эмо-
ционалды-экспрессивті бояуы ашық сөздер. Сөздердің стилистикалық қасиеті оның 
экспрессивті бояуына қатысты. С. Жүнісовтің драмасында эмоционалды-экспрес-
сивті сөздер кейіпкерлер тілінде бейнелілікті арттыруда өте маңызды. 
С. Жүнісовтің тілін зерттей отырып, біз тек сөздерді қолданудағы шеберлігіне 
ғана емес, лексемалардың мазмұны мен мәніне көңіл аудардық. Олар кейіпкерлері-
нің рухын көтеретінімен ерекшеленеді. 
С ә б и р а. Қарақтарым-ау, бұларың шын ба, өтірік пе? (Қысылғаннан қыз бол-
дық, 98-б.). 
Қарақтарым сияқтымұндай сөздер әдеби тілге көркемдік беріп қоймайды, соны-
мен бірге тілге стилистикалық көтеріңкі көңіл-күйді, эмоционалдылықты білдіреді. 
Өз кейіпкерінің бейнесін ашып көрсету үшін драматург адамның сезімін білдіретін 
сөздерді кеңінен қолданады. Стилистикалық мақсатта эмоционалды-экспрессивті 
сөздер кеңінен қолданылған. 
Қаламгердің өзіндік қолтаңбасы мен шеберлігі кейіпкерлерін түрліше сөйлетуі-
мен де өлшенеді. 
Кейіпкерлер тілінде экспрессивті-эмоционалды сөздер ерекше орын алады. Мұн-
дай сөздердің барлығы жалпы халық тілінен алынған. 
Жоғарыдағы көркемдегіш құралдардың арасында дәстүрлі тілдік құралдармен 
бірге авторлық қолданыстар да бар. Кейіпкер бейнесін ашу үшін түрлі амал-тәсіл-
дер қолданылатыны белгілі. Кейіпкер тілі арқылы оның портреті былай суреттеледі: 
Әбден ашынған соң айғайлап: «Ал мына қысыр сиырдың тандыры кепкен желінін-
дей қыртыс-қыртыс әжімдерді, шаштағы ақты қайда қоясың», – деп ем (Ажар 
мен Ажал, 76-б.). Кейіпкер тілінен оның жас еместігін байқаймыз. С. Жүнісов ке-
йіпкердің тілі арқылы кейіпкерінің портретін шебер бергенін байқауға болады. 
Метафораның белгілі бір халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихы, таным-ойы, дүние 
түйсінуі, салт-санасының тілдік көрсеткіші болып табылатыны, ол – тұжырымдау 
мен танудың бір үлгісі, сондай-ақ жаңа ұғымдарды жасай отырып, жаңа білімнің 
қалыптасуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. 
С. Жүнісов қолданысындағы метафораларды тілдік және поэтикалық (сөйлеу ке-
зінде туындайтын контекстік) деп бөлуге болады. Поэтикалық метафора индивидуал-
ды-авторлық (жеке қолданыстағы) метафоралар деген де пікір бар. Индивидуалды-
авторлық метафоралар жеке адамның дүниені бейнелі қабылдауын, тануын көрсетсе, 
дәстүрлі метафоралар тұтас бір халықтың ортақ бейнелі ойын, дүниетанымын білді-
реді. Сол себепті олардың білдіретін мағынасы көпшілікке түсінікті болады. 
С. Жүнісов қолданысындағы индивидуалды-авторлық метафоралар жазушының 
ой-толғанысы, тікелей бір сезім күйлерінен кездейсоқ туындап отырады және бей-
нелілігі күшті болып келеді: 
Мысалы, Кей жерінің беті тобарсып, кей тұсы әлі қата қоймаған қалың қар ақ-
сақ ойылып келедіАртынан аңшы қуған арланша жалтақтап жүрегі алып ұшқан 


279
Қарасайдың қазіргі ойы да ақсақ ойылып келеді (Қос анар, 279-б.). 
Осы сөйлемдегі ақсақ ойылу тіркесін индивидуалды-авторлық (тура мағынасы: 
тепе-тең түспеу) метафоралық қолданыс, яғни жазушы әр жерден ойылып жатқан 
қарды сан-саққа жүгірген кейіпкер ойының бір тоқтамаға келе алмағанымен жа-
рыстыра қолданып тұр. 
Төмендегі метафораларды жеке авторлық қолданыстағы метафоралар деп анық-
тадық: күн кірпігі; дымқыл бүйірі; кәрі төмпешіктер; жалпақ өңірдің ақ көрпесін; 
қарлы жыландар; отты күннің маңдайы; ескі дастарқан кенеуін кетірмей, көсіле 
жатқан дархан дала; ой іріген бөздей жыртылып; безер жас; ішін өртеп ағыл-те-
гіл аққан мол жас; тоқпақтай қол сандықтың ішінде жүздеген қара кетіп барады, 
астаудай семіз жылқылар; жүрексіз қалған қуыс кеуде, жұртты жалаң бидай кө-
жеген қамау; парасатты ойды жұтатып алмайық; тың жер – ұшан-теңіз дария
Бұл метафоралар бойынан бейнелілік, экспрессивтік, баға берушілік, танымдық 
сияқты қасиеттерді байқауға болады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет