60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет169/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Пе-
дагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2016 ж. 
2. Жеті модульді ықпалдастыра оқыту. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2013 ж. 
3. Ағылшын тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы, 2015 ж. 
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА МЕН ТӘРБИЕШІНІҢ РӨЛІ
Нургожанова Г. 
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» КММ
«Қарлығаш» балабақшасының аға тәрбиешісі
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың 
қас жауы, ал ол келешекте оның өміріне кауіп әкеледі» деп философ Әбу Нәсір әл 
Фараби айтқандай, балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру – басты 
парызымыз [1, 43 б.]. Өйткені, бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, 
келер тарихқа аманат. Жас өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, 
өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу-қоғамыздың өзекті мәселесі. 
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отанының басында-
ғы ата-анасы. Бала тәрбиесінде ата-ана мен тәрбиешілердің жауапкершілігі үлкен 
орын алады. Себебі, ата-ана мен тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, өмірге қөзқа-
расын қалыптастырады. «Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатал ұста бос жүрме-
сін сандалып» – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-
ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған 
жөн [2, 6 б]. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. 
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерле-
рінің бірден бір парызы. Сонымен қатар, біз ата-ананың бала тәрбиесінде үлкен 
жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сездіре отырып, әр 
баланың өзіндік ерекшеліктерін дамытуымыз қажет. Педагогикалық ұжым мен ата-


357
аналар күшімен балаларды еңбек сүйгіштікке, үлкендердің еңбегін құрметтеуге, тап-
сырылған жұмысқа жауапты қарауға, кемшілік пен қиындыққа төтеп бере алатын, 
адамгершілік әдеттер мен ізеттілікті меңгерген, әлеуметтік жағынан да бейімделген 
баланы тәрбиелеуді көздеген жөн. Міндеттердің шешілуі анкеталар мен сұхбаттасу 
яғни ата-аналармен тығыз қарым-қатынас арқылы ата-ананың ойларын, салауатты 
өмір салтына көзқарасын білу. Балабақшада уақытылы ата-аналар жиналысы мен 
ата-аналармен бірлескен дөңгелек үстелдер, денсаулық күндерін, ашық сабақтарды 
өткізуді дәстүрге айналдырған жөн. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ана 
мен тәрбиешілердің өнегесі үлкен рөл атқарады. Адамзаттың бәрі де анадан туып, 
соның бауырында өсіп ер жетеді «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» – дейді халқымыз. 
Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты сұлу бала тәрбиелеуді басты назарда ұстайық 
ата-аналар! Ата-ананың өз балаларына деген шектен тыс сүйіспеншілігі олардың бо-
йында жекешілік, пайдакүнемдік, қанағатсыздық және де басқа жиркенішті мінез-
құлықтарды тудырады. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы 
жетістіктерге жетіп, өзінің даму әулетіне көтеріле алады. Мектепке дейінгі ұйымы 
мен отбасы ынтымақтастығын нығайту үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында үлкен 
байланыс болуы қажет. Әр баланы тани білу тәрбиешінің ерекшелігіне де байланыс-
ты. Баланың бәрін бірдей көріп, бірдей тәлім-тәрбие беру тәрбиешінің басты міндеті. 
Баланың үлкен саналы азамат ету өміріміздің яғни отбасы мен педагог ұжым арасын-
дағы байланысымыздың шешімі деп те айтуымызға болады. 
Бүгінгі таң бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Біз қаншама дамып, 
басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, Бала – Ұрпақ – Өркен деген ұғым 
өз деңгейінде болуы тиіс. Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы Абайдың «Ғылым 
таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. 
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз. 
Тілеуің, өмірің алдыңда, 
Оған қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер малшашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз [3, 67 б]. 
Ойшыл жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдап жазған. Абай жас өркеннің 
бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. 
Халықтың «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген да-
налық сөздердің мағынасы өте терең. Баланың бойына ізгі қасиеттерді ерте сіңіру 
керек болады, себебі есейіп, қалыптасып кеткен соң баланың бойындағы теріс мі-
нез, жағымсыз қылықтарды өзгерту қиынға соғады. Баланың тәрбиесі дұрыс болуы 
үшін ата-ана өз мінез-құлқын, өмірге көзқарасын ой елегінен өткізіп, тіпті кей кезде 
өзін-өзі бақылаған да жөн болады. Бала тәрбиесіндегі отбасының міндеттері: 


358
• баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау
• еңбексүйгіштікке баулу, еңбекке құлшынысын арттыру; 
• өзіне-өзі қызмет етуге үйрету; 
• отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету; 
• үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету. 
• әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. 
Осы қасиеттерді бала бойына жас кезінен сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттер-
дің берір іргетасын қалаған боламыз. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық 
педагогика қашанда негізгі орын алады. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір 
жолы көзін жеткізу, сенімін арттыру. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ата-
аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. 
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі балаларға тәлім-тәрбие беру, оларды мектепке 
дайындау ісімен айналысады. Тәрбиеші білім беру саласындағы іс-әрекетті терең 
түсінетін, қоғамдық өмірге белсене араласатын, педагогикалық шеберлігі жеткілік-
ті маман болуы керек. Мектепке дейінгі кезеңде балалармен жұмыс істеу үшін ән 
айтып, би билеу, сәнді қимылдау, дұрыс сөйлеу, көркем шығарма оқу да маңызды. 
Тәрбиешінің міндеттері: 
тәрбиеленушінің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру; 
демалыс уақытын ұйымдастыру; 
әр баланың қызығушылығына ұқыптылықпен қарау
балаларға қамқор болу; 
ата-аналармен байланыс жасау; 
балалардың денсаулығын сақтау, қорғау т. б. 
Тәрбиелеуші тұлғаның адам өміріндегі рөлі туралы Абай: 
«Ақырын жүріп, анық бас, 
Еібегің кетпес далаға, 
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға. . . « – дейді [3, 51 б]. 
Тәрбиеші мәдениеттілігінің көрсеткіштері – әдептілігі, өзін сыпайы, еркін ұстай 
білуі, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Мұндай тәрбиешіні балалар да жақ-
сы көреді, құрметтейді. 
«Болар елдің баласын сәнінен емес сәлемінен танимын» – деген екен қариялар, 
сондықтан да әр баланы елдің үлкен беделі зор азаматы етіп тәрбиелейік. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет