60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет170/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Әл Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1975. – 419 б. 
2. Мұхамеджанұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993. – 224 б. 
3. Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп. Өлеңдер, поэмалар, қара 
сөздер. – Алматы: Раритет, 2008. – 384 б. 


359
ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ –
СЫРТҚЫ ОРТАНЫ ТАНУ
Кайырбекова Г. 
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» КММ
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 
Білім сапасы әділеттілік орын алған жерде ғана өсіп, өркен жаяды. Сондықтан 
да, білім жолы әділетсіздікті кешірмейді. Тағы бір ескерер жайт, ұстаздық маман-
дыққа жастар тек диплом алу үшін бармауы керек деп ойлаймын. Олар бұл маман-
дықты жүрек қалауымен, жан дүниесімен таңдаса екен дейсің. Өйткені олар елдің 
ертеңіне жауапты адамдар. Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосса, 
төр – мұғалімдікі» деген екен. Бұл, сірә, мұғалімге қойылар талаптың оңай еместігі 
мен зор жауапкершілікпен атқарылатын асыл парыз екенін меңзеген қанатты қағи-
да болса керек. 
Данышпан Абай атамыз: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстазға байланысты», – деп айтады. Бұл жол бізді 
жақсылыққа үндейді, баланы биікке талпындыруға жетелейді. Біз көбіне мән бере 
бермейтін бала тәрбиесіне асқан ыждаһаттылық танытуға үйретеді. Қалай десек те, 
баланың бірінші тәрбиеленетін орны – отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іле-
сің» деген қазақ мақалының қисынына сүйенсек, отбасы баланың өмірінде бірінші 
орында тұратынын аңғарамыз. Баланың жеке тұлға ретінде негізі қаланып, өмірге 
деген көзқарасы айқындалатын жері – отбасы. Дүниеге келген бала ең бірінші әке-
шешесіне қарап өседі, бой түзейді. Тағы да қазақ даналығы «әкеге қарап ұл өсер, 
шешеге қарап қыз өсер» дейді. Ендеше, баланың бойына білім нәрін сеуіп, ғылым-
білімге баулудың алдындағы тәрбие өзегі – ең бірінші отбасынан басталатыны ақи-
қат. Абай дана ойын таратып жатпайды, тек қана «жақсы ата, жақсы ана» дейді де 
қояды. Қалған шаруа – ұстаздың еншісіндегі дүние. Оны талдап, талғап, түсініп 
жас ұрпақтың бойына сіңіруде ұстаздар қауымы аянып жатқан жоқ. 
Балаға бірінші үлгі – ата-ана. Абай ойының иіріміне сүңгісек, ата-ананың өзі 
жақсы болмағы абзал. Ал жақсы ата-ана қандай болуы керек деген сауалға келсек, 
ата-ананың жақсылығы баланы ғылым-білімге қызықтыруда жатыр. Талбесіктен 
жақсы тәрбие алған баланың болашағы да жарқын болмақ. Ал «жақсы құрбыдан» 
дегені баланың тікелей араласатын ортасын айтып тұр. «Досыңды көрсет, сенің кім 
екеніңді айтайын» дегенді де қазақ дөп басып айтқан. Баланың ой бөлісер, түрлі 
тақырыпта әңгіме қозғайтын ортасының білімге, тәрбиеге әсері бар. Сондықтан да 
баланың араласатын ортасын ата-ана да, ұстаз да бір мезгіл қадағалағаны абзал. Қа-
зақта: «Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» деген сөз бар. Пір – бұл жерде ұстаз. 
Шәкіртті тәрбиелеп шығару үшін алдымен өзің соған лайық ұстазға айналуың ке-
рек деген ойға меңзейді. Демек, баланың қалыптасуында ұстаздың атқаратын рөлі, 
тигізетін әсері ұшан-теңіз. Ұстаз – баланы шыңдаушы. Отбасынан қанаттанып, мек-


360
тепке келгенде оның болашағына тікелей ұстаз жауапты болады және дос-құбының 
да әсері осы кезден басталады. Ұлттың болашағы ұрпағында, ұрпақтың тәрбиесі 
ұстаз қолында екені ақиқат. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды 
жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мі-
нез-құлқының, тәртібінің, сана-сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсің, 
ұстазға тән қасиетті бойыңа дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп тапсырған әр 
үйдің келешегіне, үміт күтіп отырған мұрагерінің санасына білім, жанына жақсы-
лық сыйла. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт 
тәрбиелеу – бүгінгі өмірдің басты талабы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі 
ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уа-
қыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұ-
мыс. Қазіргі таңда «халықтық тәрбие тағылымын игерген, рухани бай, өресі жоға-
ры, білімді, ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру» деген қағидамен жұмыс 
жасалып жатыр. Себебі, ұлы бабамыз Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» 
деген екен. Біз алдымен таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құн-
дылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Сол арқылы қуат алып, 
ертеңге деген сенімімізді нығайта түсу – бүгінгі ұрпақ алдындағы үлкен міндет. Ол 
үшін Отанға, елге деген сүйіспеншілікпен қатар әр адам бойына адамгершілік құн-
дылықтарын жия білуі тиіс. Адамгершілік – ең жоғарғы құндылық. Халқымыздың 
тұңғыш ағартушысы – Ы. Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек 
пен ата-ана үлгісі», – деп айтқан. 
Осыған орай тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері де білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қоғамдағы әлеуметтік-мәдени транс-
формация ескеріле отырып әзірленді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жал-
пыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның 
еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары 
мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Тәрбиенің тұжырымдамалық 
негіздері отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процесте-
рінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, 
оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын 
жаңартуға бағдарланған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Респуб-
ликасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, 
тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анық-
тайды. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда 
қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын зама-
науи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді. 
Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттықмәде-
ни құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған 
мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге 
агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқ-
тырады. 
Педагогикалық процестің өзегі – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар. 
Тәрбие жұмысының бағыттары: 


361
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие 
3. Ұлттық тәрбие 
4. Отбасы тәрбиесі 
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты 
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесін-
де, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру 
тиімділігі тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық 
құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалады. 
Әл-Фараби бойынша бақытқа жету – бұл адам өмірінің мақсаты, ол адамның 
сыртқы ортаны тануы арқылы және оны өмірде бағыттап отыратын этикалық ұста-
нымдар арқылы жүзеге асады. 
Ендеше, әр балаға ыстық ұясында тәрбие беріп, түзу жол сілтеп, еңбекке баулу 
басты міндет. Тәуелсіз елдің болашақ қырандарын, ата-ананың үміт еткен ұландарын 
білімнің биігінен, тәрбиенің төрінен көрсек еткен еңбегіміздің ақталғаны дер едік. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет