60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет56/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Нысанбайұлы Н. Шығармалары. 98 т. «Қазыналы оңтүстік». – Алматы: Нұрлы 
әлем, 2013. 
2. Өмірзақов С. Д. Қоқан басқыншылығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті (моногра-
фия). – Шымкент: Алтын шаңырақ, 2018. 
3. Түнқатарұлы И. Шығармалары. 97 т. «Қазыналы оңтүстік». – Алматы: Нұрлы 
әлем, 2015. 
4. Майлықожа шәкірттерінің шығармалары. 225 т. «Қазыналы оңтүстік». –Алма-
ты: Нұрлы әлем, 2014. 
5. Байшопанұлы Ж., Жанкелдіқызы Ұ. Шығармалары. 95 т. «Қазыналы оңтүс-
тік». –Алматы: Нұрлы әлем, 2013. 
ТАРИХИ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ «АМАНАТ» КОНЦЕПТІСІ
Дүнгенбай Э. 
ҚазҰлтҚызПУ магистранты
Отарбекова Ж. 
ҚазҰлтҚызПУ проф. м. а. 
Халқымыздың ұлттық болмысын танытатын «Аманат» сөзінің мағынасы кең. 
Қазақ халқының санасына берік бекіген бұл түсінік ұлттың адамгершілік қасиетін 
паш етіп тұрғандай. Қазақ Ұлттық энциклопедясында аманат сөзіне екі түрлі түсі-
нік берілген: «Сақтау үшін немесе екінші бір адамға табыс ету үшін берілген зат, 
нәрсе», екіншісі, орындауға тапсырылған міндет, өсиет [1]. Анықтамадан аманат 
мәселесінің адамдар арасында дамитынын көріп отырмыз. Әлдебір зат, яки адам 
аманатталуы мүмкін. Аманатталған дүние өзінің діттеген жеріне аман-есен жетуі 
тиіс. Оның жетуіне аманатты көтерген жан жауап береді. 
«Аманат» сөзін концепт тұрғысынан зерделеу қазақ ұлтының ұлттық-мәдени құн-
дылығын көрсетеді. Өйткені аманат мәселе тек қана ұғым емес, бүкіл ұлттың түсі-


106
нігін, әлемді қабылдауын түсіндіретін концепт. Белгілі бір зат, құбылыс жөніндегі 
адамның түсінігі, танымы [2]. Ал концепттің ауқымы кең. В. А. Маслова концепті 
«Ментальные сущности, которые имеют имя в языке и отражают культурно-нацио-
нальные представления человека о мире» [3] деп түсіндірсе, ғалым Ю. С. Степанов 
«Концепт не только мыслятся, они переживаются. Они – предмет, эмоций, симпа-
тий и антипатий, а иногда и столкновений» [4] деп тұжырымдайды. Аманат мәселе 
қазақ тарихымен біте қайнасып жатуы, аманат концептісіне қарама-қарсы қиянат 
түсінігінің болуы оны концепт тұрғысынан зерттеуге толық негіз барын көрсетеді. 
Тарихи шығармалар ұлттың өткен тарихын баяндайды. Бүтін бір ұлттың немесе 
адамзаттың өткен өмірі туралы біртұтас картинка жасауға, өткен тарих туралы түсі-
ніктің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Қазақ халқының тарихи шығармаларын тал-
дай келе, аманат концептісінің жиі кездесетіндігін анықтадық. Аманат концептісі 
зерттеуге алынған тарихи шығармалар Ә. Кекілбаевтың «Үркері», І. Есенберлиннің 
«Көшпенділері», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романы. Зерттеу жұмыстары 
тарихта, екі елдің арасында аманат мәселесінің жүретіндігін және аталған концеп-
тінің саяси сипат алатындығын анықтадық. Сөзімді нақтылайтын болсам, екі ел 
арасында басым болып табылатын ел кепілдік ретінде, өзінің қауіпсіздігі ретінде 
екінші тараптан жақын туысын аманатқа алады. Мысал келтірейік: «... Егер хан 
аманат беріп жатса, оларды Уфаға әкеліп ұстай тұрады. Қазақтардан босатылған 
тұтқындарды Уфаға әкеп тапсырады. Ондай жағдайда орыс қолындағы тұтқындар-
ды босатып ұлыс-ұлыстарына жібереді. Осының бәрін ойдағыдай орындап шыққа-
сын Москваға оралып, Сыртқы істер коллегиясына не істеп, не қойғандығы жөнін-
де жазбаша есеп беріп, өзі алып кеткен қаражат пен мүлікті қайда жұмсағаны, кімге 
бергені туралы алушылардың қолдары қойылған ведомость тапсыруы қажет... » [2]. 
Бұл үзінді «Үркер» романына келтірілген. Сөз етіп отырған хан Әбілқайыр. Ресей 
патшасы талаптардың орындалуына кепілдік алғысы келетін ойын жеткізген. Қазақ 
хандығының Ресей империясын қосылу тарихы сипатталған бұл бөлімде екі жақты 
келісімнің аманатқа негізделген тұстары барын жоққа шығара алмаймыз. 
Мемлекеттер арасындағы аманатты суреттейтін шығарманың бірегейі Ілияс 
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Кеңес Одағы тұсында жарық көрген 
бұл туынды қазақ сөз өнерінің, тарихты көркем пайымдаудың озық үлгісін көрсет-
кен үздік шығарма. Үш кітаптан тұратын бұл шығарманың екінші «Жанталас» кіта-
бында аманат концептісі жиі кездеседі. Жиі кездесуінің де анық себебі бар. «Жан-
таласта» XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақстанның Ресейдің қол астына кіруі жазыл-
ған. Кітаптың басты кейіпкерлері қазақтың атақты хандары Қасым хан, Хақназар 
хан, Абылай хан, хан кеңесшісі Бұқар жырау. «... Ақыры немере ағасы Әбілмәмбет 
хан мен Орынбор губернаторы Неплюевтің кірісуінің арқасында бір мың жеті жүз 
қырық үшінші жылы тұтқыннан босанған. Қалден Церен бұның орнына аманат 
етіп Әбілмәмбет ханның кіші баласы Әбілфейіз бен Барақ сұлтанның ортаншы ұлы 
Шағайды алып қалған. Қалден Церен Абылай сұлтанды құр босатпаған, түбі өзіме 
керек болар деп, оған сүйікті қарындасы, батыр Хочаны жар етіп қосқан... » [5]. Жо-
ғарыда «Көшпенділерден» келтірілген үзінді аманат ретінде табысталған тұлғаның 
ауыстырылып отырғандығын да дәлелдейді. Мұндай жағдай «Үркерде» де кездесе-


107
ді. Шығармада Ресейде ұзақ уақыт кепілдікте болған Ораз-Мұхамед сұлтан Тәуекел 
ханның ұлы сегіз жасар Мұрат сұлтанмен ауыстырылады. Бұл жағдайлардың үкен 
тарихи мәні болатын. Ресей патшалығының қол астында болған Ораз-Мұхамед екі 
ел арасындағы мәселелерді оңтайлы жүргізе алады деген үміт, саясат еді. Оңай бол-
маса да жатырлас інісін өзінің ұрпағы, ізін жалғастырар ұлына айырбастайды. Бұл 
жөнінде романның 411-бетінде баяндалған: «... Ораз-Мұхамед сұлтаннын Отанына 
оралуы екі ел — Русия мен Қазақ Ордасы арасындағы қатынасты жаңа арнаға тү-
сірмек. Пейіл — біржола түзелмек, достық мәңгіге жалғаспақ. Ақ патшаның алдын 
көрген, Орыс елінің барын таныған білгір сұлтан тек игі іс жолына ғана қызмет 
етері күмәнсіз. Мың жасағыр сайыпқыран Тәуеккел-бахадұр хан жаннатқа аттанған 
соң ата жұртының тізгінін қолына алса, Русия мен Қазақ Ордасынын қалтқысыз 
кауышуына ешқандай бөгет қалмайды. Ағайын-туыс емес, ағалы-інілі боламыз
анттас андадан — бесіктес бауыр шығамыз. Бұл — болашақ ісі. Ертеңгі күнге тағы 
қауіп жоқ. Ораз-Мүхамедтің орнына аманат ретінде Тәуеккел ханның туған ұлы 
Мұрат сұлтан қалады. Жатыры ортақ ініге іңкәр хан өз өзегін жарып шыққан ұлын 
жамандыққа қимаса керек! Інісін берсең, ұлын алдың. Қолың етектен озып, қолқа 
жүрекке жетті. Енді не керек? Қайтар Ораз-Мұхамедті!. 
Бұлтаққа жол қалмаған еді. Думный дьяк іс жайын өзінен жоғарыға жеткізетінін 
мәлімдеді... ». 
Аманатталған тұлға екі ел арасындағы байланысты орнатады, дұрыс арнаға ба-
ғыттайды деген ойда болған. Сол елде білім алып, сауатын ашады, көзқарасын қа-
лыптастырады. 
Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты романында Ораз-Мұхаммед орыс бас-
шылығының қол астында болады. Аманатқа берілген ол туралы орыс жылнама-
сында былай делінген: «... Большой полк насчитывал в своем составе несколько 
десятков тысяч человек стрельцов, пеших и конных воинов. Ураз-Мухаммеда знали 
и любили в войсках» [6]. Бұлай жазуының да негізі бар. Қабілетін байқаған Борис 
Годунов оны швед, поляк елшілігін қабылдауға, түрлі халықтық кеңестерге қатыс-
ты. Жиырма төрт жасында швед басқыншылық соғысында ерекше ерлігімен көзге 
түседі. Тіпті әскердегі үшінші басты адам дәрежесіне жетеді. «Орыстың воевода-
сы» деген атаққа ие болады. Ораз-Мұхаммед ерлігі туралы поляк тарихшылары да 
сөз етеді. Ол Ресейдің шет жағында орналасқан қасым деген қуыршақ мемлекетті 
басқарады. Орыс билеушілерінің қол астында жүрсе де Ораз-Мұхаммедтің өз көз-
дегені болады. Оның арманы Мәскеуді билеуге Есім ханды жіберу еді. Дегенмен 
оның бұл ойы жүзеге аспайды. Патшаның жансыздары бұл ақпаратты біліп, жеткі-
зеді. Патшаның ғайыптан пайда болған ұлымын деп айтатын Дмитриймен мәмілеге 
келіп, нәтижесінде ол өз әскерімен Мәскеуге шабуылдайды, әрі жеңіліске ұшырай-
ды. Бұл жағдайдан кейін Речь Посполита императоры Ораз-Мұхаммедтің өзін Мәс-
кеу тағына отырғызбақшы болады. Орыс тарихшысы В. Ключевский: «... : Была 
высокая вероятность того, что престол займут не Романовы, а Мухамедовичи» дей-
ді. Ораз-Мұхаммедтің өмірі арпалысқа толы. Кезінде 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет