60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет51/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. «Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық. 
2. https: //qamshy. kz/article/45324-kone-turki-tilindegi-tumen-sozininh-tegi-nede© 
qamshy. kz
3. Катаринский В. В. Грамматика киргизского языка. – Оренбург, 1897. 
4. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. 
5. Тұрышев А. Қ Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің әдеби тілге қатысы. Оқу- 
әдістемелік құрал. – Павлодар: Кереку, 2009. – 74 б. 
«КИРИЛЛ ЖӘНЕ ЛАТЫН ГРАФИКАЛАРЫНДА ҚАЗАҚ ЕСКІ 
ЖАЗУ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СӨЗДІГІНІҢ» ҚҰРЫЛЫМЫ 
Көбденова Г.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «тіл тарихы және 
диалектология» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филол.ғ.к.
2018-2020 жж. арналған 
«Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ 
жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарлама-
лық-нысаналы зерттеу аясында «Кирилл және латын графикаларында қазақ ескі 
жазу лексикасының сөздігін әзірлеу» мақсат етілді.
Сөздіктің құрастырушылары болып: филол.ғ.к. Г.Мамырбекова, Ж.Абитжанова, 
Г.Көбденова, М.Жақып және докторант Б.Ешметова белгіленді.
«Дала уалаяты», «Шаһнама», 100 томдық «Бабалар сөзі», Мәшһүр-Жүсіптің шы-
ғармаларынан, 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» т.б. дереккөздерден ескі 
кітаби сөздер жинақталуда. Ескі кітаби лексиканың варианттылығы және олардың 
жазу емлесін латын графикасы негізінде ретке келтіру мәселелері
 қарастырылды.


94
Сөздіктің лексикографиялық өлшемдері нақтылау үшін зерттеу жұмыстарын 
жүргізу, сөздікке алынатын тіл бірліктері, олардың мағынасын ашу, сұрыптау, сөз-
дік мақаланың құрылымын айқындау т.с.с. ғылыми теориялық-практикалық мәсе-
лелерді шешу күн тәртібіне енді.
Сөздіктің 
макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау, сөзтізбенің көлемі мен си-
паты, материалдарды орналастыру қағидалары) және 
микроқұрылымын (сөздік 
мақаланың құрылымы, сөздік анықтаманың түрлері, сөз туралы әртүрлі ақпарат-
тардың қатысы, тілдік деректеме материалдардың түрлері т.б.) зерттеу қажеттігі 
туындады [1].
Тарихи лексикография қазіргі лигвистиканың антропоөзектік саласымен байла-
нысты даму керек. Сөздіктерге жасалатын талдау адам лексиконын ұйымдастыру 
мен оның жадында сақталған білімдердің жиынтығы туралы объективті мағлұмат 
береді. «Адам және сөздік» диалогы коммуникативті және танымдық әрекеттің ма-
ңызды формасы болып табылады. Тарихи сөздікті қолданушылардың үш негізгі 
тобы бар: тілді тұтынушылар, тілді зерттеушілер және қоғамдық ғылымдар салала-
рының мамандары [2, 7
 б.]. Жоғарыда айтылғандарды сараптай келсек, оның бірін-
шісі – қазақ тілін, тарихын білгісі келетін көпшілік оқырман, екіншісі – тіл тарихын 
зерттеуді мақсат тұтқан тілші, этнограф, тарихшы мамандар. Яғни оқырмандардың 
басым көпшілігі қазақ тілін ана тілі деңгейінде жоғары меңгерген жергілікті оқыр-
мандар болып табылады.
Лексикограф оқулықтың авторы секілді өз атынан сөйлемейді, ол қоғам мен жеке 
адам арасын жалғастырушы, яғни тілдің ұжымдық жеткізушісі. Лексикограф – 
ұжымдық білімді жеткізуші кәсіби маман [3, 17 б.]. Тарихи санаға қозғау салушы, 
өткен мен бүгінгі күннің арасын сөзбен жалғасытырушы.
Сөздікті дайындау барысында төмендегідей теориялық мәселелердің нәтижесіне 
қол жеткіздік.
І. 
Сөздік мақала. Сөздік мақаланың құрамы атау сөз және оның варианттары-
мен, атау сөздің түсініктемесі, дефиницасы, дәйек сөз және дереккөзінен тұратын-
дығы анықталды.
ІІ. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет