үстіңгі жіптерін бөліп тұратын тақтайша. Демек, бір-біріне параллель жатқан
145
жіптер шумағын ажыратып тұратын тақтайша. Айырушылық, ажыратушылық се-
масы уәж болып затқа адарғы деген атау берілген. Міне, «бөліп тұратын» деген ма-
ғынасы адам санасына сәуле түсіріп, сөз мағынасының қандай сөздермен төркіндес
екенін ажыратуға мүмкіндік береді.
4) Сөздік мақалада синтаксистік фактордың ролі ерекше. Себебі сөздік мақала
сөздердің синтаксистік қарым-қатынастағы сөздер тобынан тұрады. Мысалы ажы-
рау, айырылу, адырылу сөздерінің мағыналары бір-біріне жақын екендігі синтак-
систік сөз тіркесі арқылы ашылады. Қазақта адыра қалғыр немесе әдіре қалғыр//
әдірем қалғыр секілді қарғыс мәнді тіркес бар. Осы тіркес адырам (әдірем) сөзінің
ажырау, айырылу сөздерімен мағыналық байланысы бар екенін анықтап көрсетеді.
Егер де осындай тіркес бүгінгі күнге дейін жетпей, тілімізде қолданылмаса, бұл
сөздің мағынасы ашылмай қалған болар еді. Бұған қоса бұл сөзде ұлғаю процесі
жүргенін байқауға болады. -м дыбысының қосылуы арқылы сөз құрамы ұлғайып
тұр. Демек, көне түркі сөздігіндегі тілдік бірліктерді фономорфологиялық тұрғы-
дан қарастырудың маңызы зор.
5) Тарихи мәдени фактор қазақ тіліндегі сөздіктердің мәні ашушы фактор ретінде
танылады. Себебі ұлттық тіліміздің тарихи сөздігін жасап шығару бүгінгі күннің
талабы деп білеміз. Ұлтты ұлт ретінде танытатын қай уақытта да тілі болып сана-
лады. Сөздіктердегі сөздік мақаланы тарихи-мәдени аспектіден қарастыруда тіліміз
арқылы халқымыздың жүріп өткен жолы, бүгінгі асыл мұраттары айқын ашылып
көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Древнетюркский словарь. – Ленинград: АН СССР, Ин. языкознания, 1969. –
676 с.
2. Богатова Г. А. Историческая лексикография как жанр // В. Я. М., 1981, №1 80-
89 сс.
3. Көбденова Г. Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстаным-
дары: филол.ғыл.канд. ..диссер. автореф. – Алматы, 2008. – 30 б.
4. Шойбекова Ғ. Туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі мен уәжділігі (семан-
тикалық тәсіл): филол.ғыл.канд. ..диссер. автореф. – Алматы: 2006. – 133 б.
146
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |