60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет72/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакция-
сы, «Атамұра» баспасы
2. Тұрағұл Абайұлы (зерттеулер, мақалар, аудармалар). - Алматы, 2018
3. «Жұлдыз», №1, 1992 ж. 
4. Қуралұлы А. Қазақ дәстүрлі медениетінің энциклопедиялық сөздігі. — Алма-
ты: Сездік-Словарь. 2007. 
5. Әуезов М. Абай жолы 
6. Синонимдер қазақша сөздік. 2015.


135
ТАРИХШЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНҰЛЫНЫҢ
АБАЙ ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАРЫ
Ахметжанова Ж. 
№95 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Алаш десе, ойымызға бірден Әлихан оралады. Ал Абай да сол Алаштың бас ақы-
ны. Алаштың бас ақыны туралы Әлихан Бөкейхановтың жазған мақалалары бар. 
Алты Алаштың көсемі ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлт көшбасшысы, қайта жаң-
ғырған қазақ мемлекетінің тұңғыш төрағасы (президенті) Әлихан Бөкейхановты 
«тұңғыш абайтанушы» деп көрсеткен мақалалар да соңғы кезде баспасөз бетінде 
жарияланып жүр [1].
Әлихан Бөкейханов ойшыл ақынның көзі тірісінде 1889 жылы «Особые прибав-
ления к «Акмолинским областным ведомостям» мен оның қазақ тіліндегі қосым-
шасы – «Дала уалаяты газетінде» екі тілде қатар жазған «Письмо в редакцию» және 
«Хат баспаханаға» атты мақаласы негіз бола алмайды. Мақаланың орысша нұсқа-
сында «Вы благородные старики, будьте сотрудниками «О. П. », расскажите нам 
все, что вы видели хорошего, что вы рассказываете в летний вечер, сидя на сопке у 
колодца, или зимою в гостях своим одноаульцам, что вы видели, живя с хорошими 
представителями киргизского народа, как решали споры знаменитые бии: Жарыл-
кап, Алчынбай, Муса, Кунанбай и др., не льстившиеся на шелковые халаты, толс-
тые карманы, дайте примеры, наставления нашим бииям, любящим ловить рыбу в 
мутной воде!», – делінсе [2], қазақшасы соның сөзбе-сөз аудармасы: «Сіз, текті қа-
риялар, газетке көмек беріңіздер, көрген жақсыларыңызды бәрін айтыңыздар! Өз-
дерің жаздыгүні кешке таман айтатын, төбенің басында, құдықтың қасында отырып 
я қысты күні – ауылдастарыңның үйінде қонақта отырып айтқандарыңды, көрген-
деріңді – қазақтың жақсыларыменен бірге жүріп, қалайша атақты билердің билік 
қылғанынан, дау бітіргенінен – Жарылқап, Алшынбай, Мұса, Құнанбай һәм ғайри 
жақсылардың пара алып, жібек шапанға, қалтасының пайдасына қызықпағандық-
тарын; осы күнгі билерге, «лай судан балық ұстаймыз деп жүрген, өсиет етіп, ғиб-
рат беріңіздер!» [3]. Мақалада автор ұлы ақынның аға-сұлтан болған әкесі Құнан-
байды емес, «қара қылды қақ жарған» әділ билігімен аты шыққан Абайдың өзін 
айтып отырса керек [1]. Белгілі алаштанушы-журналист, марқұм Жайық Бектұров 
1989 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде жарық көрген көлемді «Үш Әлекең» 
атты мақаласында жазғандай (газеттің нақты қай санында шыққаны туралы мәлі-
мет қолымда болмай тұр), Абайдың көзі тірісінде оның өлеңін 1900 жылы орысша-
ға аударып, «Киргизская степная газета»-ға жариялауы да «абайтанушы» деуге 
онша келмейді. Тіпті «Россия. Географическое описание нашего отечества» көп-
томдығының Қазақ өлкесіне арналған 18 томындағы Абайдың жаңашыл ақындығы 
туралы бір жол пікірі де емес. Ол пікір, ашығын айтқанда, «Әлиханның ақыл-кеңе-
сімен жазылды» деген ешбір дәлелсіз топшылау болмаса, авторы тіпті өзгелер-ді. 
Әлиханның абайтанушылығы туралы әңгіме бола қалса, әдетте көпшілікті, арасын-


136
да абайтанушылары да, журналистері де, басқалары да бар, «осы Абай мен Әлихан 
жүздесті ме?» деген сауал ойландырады. Тарихи дерек-айғақтар қазақтың бағына 
туған қос алыптың өмірде бір емес, талай рет жүздескенін бұлтартпай дәлелдейді. 
Абай мен Әлиханның жақын туыстығы өз алдына. Әлиханның туған інісі Смахан 
төре 18 қойын дәптерден тұратын «Әлекеңнің өмірі» атты естелігінің 1-дәптерінде: 
«Әлиханның шешесінің әкесі (тобықты Мамай батырдан) Дулат батыр – ұры, бір 
жегенде бір уақ малдың етін жеп, сорпасын ішіп кетеді екен... Дулаттың екі қызы: 
бірі Бекжан – Әлиханның шешесі, бірі – Бошантай (Рызықбай шешесі) – Хұдайбер-
ді әйелі, Құнанбай келіні», – деп жазды [4, 104]. Демек Әлихан мен Шаһкәрім Құ-
дайбердіұлы екеуі – туған бөлелер. Бұл бір. Екіншіден, Абай мен Әлиханның 1896-
1904 жылдары Семей облыстық статистика комитетінің мүшелері ретінде, комитет-
тің жиындарында көрісуі мүмкіндігін де ешкім теріске шығара алмайды. Тамыздың 
16-19 аралығында Абай елін сапарлаған «Ұлы Абайдың ізімен» атты ғылыми-та-
нымдық экспедициясы Қарқаралыда жас күнінде Абай тоқтаған Хами Бекметьевтің 
мұражай-үйін қызықтады. Алайда Абайдың оқта-текте аялдаған ол үйде Әлихан-
ның айлап жатқанын не экспедиция мүшелері, не мұражай-үйінің директорынан 
бастап қызметкерлерінің бірі де бейхабар. Сол себепті де, әрине, мұражай-үйде бо-
лашақ ұлт көшбасшысы, Алаш Ұлттық Республикасының атасы әрі төрағасы Әли-
хан Бөкейхан туралы бірауыз сөз, фотосурет не тарихи құжат жоқ. Ал Смахан төре 
естелігінің 1-дәптерінде: «Әуелі жеті жасында Қарқаралыда ноғай Зариев моллаға 
мұсылманша оқуға беріпті. Тоғыз жасында Қами Бекметьев үйіне қойып орысша 
оқытыпты. Содан күтімсіз болып, интернатқа өз бетімен түсіпті», – деп жазды [4, 
104]. Нағыз «абайтану» Әлихан Бөкейханның жас күнінен-ақ ақынның ұлылығын 
тануынан, оның поэзиясынан ұлт әдебиетінде, дәлірек айтсақ – енді ғана қалыптаса 
бастаған жазба әдебиетінде әлі жоқ жаңашылдығын көріп бағалай алуынан бастал-
ды. Әлиханның мұндай сезімталдығын, көрегендігін оның 1889 жылы «Особые 
прибавления к «Акмолинским ведомостям» және «Дала уалаятының газетінде» жа-
риялаған ең алғашқы орысша-қазақша 16 мақаласынан айқын аңғарамыз. Сол ма-
қалаларында автор Абай поэзиясындағы сыни көзқарасына еліктеп, бұқара халық-
ты адастырған надан, дүмше моллаларды, болыс-би, тілмәштарды, «әр елден өлең-
менен қайыр тілеп, сөз қадірін кетірген» ақындарды аяусыз әшкерелейді. 1904 
жылдың жазында қырдан қаралы хабар алысымен, Әлихан Омбыдан «Абай мар-
хұмның өлеңдерін кітап қылып басыңдар деп балаларына хат жазады». Кәкітайдың 
мезгілсіз қайтыс болуына орай 1915 жылдың басында «Қазақ» газетінде жарияла-
ған бұл азанама мақаласында Әлихан әрі қарай: «1905-інші жылдың әпрел аяғында 
Кәкітай (Ысқақұлы Құнанбай) Абайдың жазба кітабын алып, Омбыдағы маған кел-
ді. 1905-інші жылы жазғытұрғы саясат ісі не екенін біздің «Қазақ»-ты оқушылар 
білер. Кәкітай біздің үйде бірер жұма жатты. Абай, Пушкин, Лермонтов сөздерін 
бірге оқып, мәз-мейрам болдық», – деп есіне алды [4, 2]. Міне, Абайдың өз өлеңде-
рі, А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крыловтан аударғандары мен қара сөздерінің Тұ-
рағұл жинап көшірткен қолжазбасы қолына тиіп, Омбыдағы өз үйінде «бірер жұма 
жатқан» әрі туысы, әрі досы Кәкітаймен сырлы әңгімесінің нәтижесінде ұлы ой-
шыл ақынның өмірі қысқа да нұсқа баяндалған, ал шығармашылығына «Еуропа-


137
ның әйгілі ақындарына мақтаныш болады» деп асқақ баға берілген тұңғыш «Абай 
(Ибрагим) Кунанбаев» атты мүнәқып-мақала дүниеге келді. Назар аударатын мәсе-
ле, мүнақып-мақаланың соңында автордың өзі марқұм Абайдың өмірі туралы мәлі-
метті ұлы Тұрағұлдан алғанын атап көрсетеді. Ал автордың өз қолында ойшыл-а-
қынның өлеңдері жазылған қойын дәптері болған. Міне сол дәптерін ол 1903 жылы 
Омбыға келгеніне бір-ақ жыл болған қандасы, шәкірті әрі болашақ ең жақын үзең-
гілесі – Ахмет Байтұрсынұлына берді. Ол туралы «Қазақтың бас ақыны» атты ма-
қаласында Ахметтің өзі былай деп жазды: «Ақмола, Семей облыстарында Абайды 
білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам 
кем, тіпті, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан. Абай-
дың сөздері кітап болып, басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облы-
сында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естіме-
дім дегенге едәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда 
Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді... 1903-ші 
жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті» [10, 2]. Ал Әлиханның мүна-
қып-мақаласы алдымен семейлік «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 
3 санында [6], одан кейін Орыстың императорлық география қоғамы Батыс Сібір 
бөлімі Семей бөлімшесінің «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Си-
бирского Отдела И. Р. Г. О. » жинағында болар-болмас өзгеріспен екінші рет жария-
ланды [7]. Мақаланың газетте жарияланған нұсқасында атап көрсетілгендей, Абай 
шығармаларының тұңғыш жинағын Әлиханның редакциялауымен таяу арада Геог-
рафиялық қоғамның Семей бөлімшесі басып шығаруы керек еді. Ә. Бөкейханның 
«Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мүнәқып-мақаласы шыққан «Семипалатинский 
листок» газетінің 1905 жылғы 25 қараша күнгі № 250 Алты Алаш көсемінің өміріне 
қатысты ерекше назар аудара кететін жайт: Әлихан Бөкейхан отарлық езгісінде 
отырған «қалың елі қазағының» құқы мен азаттығы үшін қиян-кескі күресін ғылы-
ми-публицисткалық қызметімен, оның ішінде абайтанушылығымен қарама-қатар 
атқарып жүрді. Соның бірден-бір айғағы: Әлихан отаршыл империяның І Мемле-
кеттік думасы депутаттығына түсу үшін сайлауалды науқанын өткізу және іс ара-
сында өзі редакциялап болған Абай шығармаларының қолжазбасын баспаға тапсы-
ру ойымен 1906 жылдың 8 қаңтарында Омбыдан Семейге келе жатқан жолында – 
Тұзқала (Павлодар) іргесіндегі казактардың Ямышевский кентінде тұтқынға алы-
нады. Қолжүгі (портфелі) ішіндегі Абай қолжазбасымен бірге тәркіленеді. Ямы-
шевский кентінен Тұзқаланың абақтысына жабылған күннің ертесіне – 10 қаңтар 
күні Әлихан Павлодар қалалық 2 учаскіеі судьясын шақыртып алып, өзінің қылмы-
сы болса тергеу жүргізіп дәлелдеп, сотқа беруін, болмаса – дереу босатуын талап 
етумен қатар, қолжүгімен бірге тәркіленген қолжазба – қазақ ақыны Абай Құнанба-
йұлының өлеңдері екенін, құны 5 мың патша рубліне тең екенін айтып, оны сақтау-
ды қатаң талап етеді. Әлихан еш айып-қылмыссыз Тұзқала-Омбы абақтыларында 4 
ай отырып, 1906 жылы өзінің туған елі – Тоқырауын болысында сайлаушы (выбор-
щик) болып сайланғаны мәлім болған соң, 30 сәуірде бостандыққа шығады. Абай-
танушылардың кейбірі ұлт көшбасшысы Тұзқаладан Омбы абақтысына ауысты-
рылғанда, Абайдың қолжазбасы «жоғалыпты» деген ешбір айғақ-дәлелсіз жаңсақ 


138
болжам айтатын көрінеді. 1905 жылдан Ә. Бөкейхановты бүкіл Дала өлкесі халқы-
ның «діни-саяси қозғалысының бірден-бір дем берушісі әрі жетекшісі» деп таны-
ған генерал-губернатордың әкімшілігі оны абақтыдан босатар алдында оның пас-
портын «жоғалтқан» болып бірнеше күн ұстағаны рас. Абайдың қолжазба өлеңдері 
мен қара сөздерінің біразын орысшаға аудартып, «саяси астар» іздеп таба алмағаны 
тағы бар. Бірақ қолжазбаны «жоғалтуға» дәті бармады. Себебі, Ә. Бөкейхановты 
абақтыдан айыбы не қылмысы болмағаны үшін емес, сайлаушы болып сайланғаны 
үшін босатылды. Егер Ә. Бөкейханов сайлаушы болып үлгермегенде, оны нақақтан 
нақақ 4 ай түрмеде ұстаған Дала генерал-губернаторы «әкімшілік тәртіп» деген 
құйтұрқы баппен (Батыс Сібір генерал-губернаторлығы Дала генерал-губернатор-
лығы болып қайта құрылған 1882 жылы оның алғашқы генерал-губернаторы бол-
ған Герасим Колпаковский ешбір заңға сыймайтын, тек қазақтарды кемсітуді көзде-
ген осындай «ереже» енгізіп, ол бойынша мыңдаған қазақ баласы, олардың ішінде 
әйгілі Науан қазырет Таласұлы мен оның шәкірті, І және ІІ Думаның болашақ депу-
таты Шаймерден Қосшығұлұлы да бар, тергеусіз-сотсыз «ит жеккенге» айдалды. Ә. 
Бөкейханов ол ереженің заңсыздығын әшкерелеп С. -Петербор басылымдарына көп 
жазды және оны бұздыруға көп күш жұмсады. Ал Мемлекеттік дума сайлауы тура-
лы 1905 жылы шыққан ережеде Думаға сайланған депутаттармен қатар, сайлаушы-
ларды да кісі өлтіруден басқа жеңіл қылмыстары үшін соттың үкімінсіз тұтқындау-
ға болмайтын. Ә. Бөкейханов тұтқындалған 1906 жылдың қаңтарынан бастап Дала 
өлкесі облыстарында Алаш қозғалысы жетекшілерімен қатар, Географиялық қо-
ғамның Семей бөлімшесі мүшелерін де қудалау басталды. Нәтижесінде Қазақ ақы-
ны А. Құнанбайұлы өлеңдерінің құны 5000 рубль тұратын қолжазбасын сақтауды 
талап еткен Ә. Бөкейхановтың судья жазып алған арызы Абай шығармаларының 
тұңғыш жинағы шықпай қалды. Қазақтан 12 депутат сайланған Мемлекеттік дума-
ның І және ІІ шақырылымдары күштеп таратылып, ІІ Дума қуылған 1907 жылдың 
3 маусымында ІІ Николай патша қол қойған сайлау туралы жаңа заң шығып, 5, 5 
млн қазақ халқы сайлау құқынан айырылысымен Алаш жетекшілерін қудалау өрши 
түсті. Оның ішінде Әлихан І Думаны таратуға наразылық білдіріп «Выборг үндеуі-
не» қол қойғаны үшін 3 ай түрме жазасына кесіліп, Семей түрмесінде 3 айдың ор-
нына 8 ай отырып, 1908 жылдың желтоқсанында бостандыққа шықты. А. Байтұр-
сынұлы мен М. Дулатұлының 1917 жылғы бір мақаласында атап көрсетілгендей [8, 
4], Алты Алаш көсемі өзіне әбден өшіккен Дала генерал-губернаторы әлгі атам за-
манғы «әкімшілік тәртіп» бабымен «итжеккенге» айдайтынын сезіп, өз ықтияры-
мен алдымен С. -Петерборға, одан Самарға «эмиграцияға» кетті. Әлихан «қазақтың 
бас ақыны» Абай шығармаларының тұңғыш жинағын ешбір қиындықсыз Қазан не 
Уфада қалаларында басып шығарар еді. Алаш көшбасшысы да ұлы ақынның тұң-
ғыш жинағын отаршыл империяның төл астанасында жарыққа шығарды. Кітаптың 
өзінде жазылмаса да, жинақ Әлиханның «ыждаһатымен» шыққанын Абайдың «опа-
тына дәл он жыл толуына» орай жазған «Абай» (Опат 23 иун 1904-інші жыл) атты 
мақаласында Міржақып Дулатұлы (мақалаға М. Д. деп қол қойған): «1909-ыншы 
жылы Абайдың балалары мен інілерінің ризалығы һәм Ғали ханның ыждаһатымен 
Абай кітабы Петербургте Бурагански баспаханасында басылып шықты», – деп атап 
көрсеткен-ді [10, 1]. 


139

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет