134
Тұрағұл Абайұлы орыс тілінен кітаптар аударып отырып, барынша қазақы тілге
икемді, түсінікті болуына, тым қарабайыр да емес, көркемдік пен стилдік ерекше-
лікті сақтауға тырысқаны байқалады. Жоғарыдағы секілді сындырылған терминдер
кітаптан ара-тұра кезіккенімен, автордың жалпы шығармашылығында тіл шұбар-
лығы мүлде байқалмайды. Кейбір ғылыми тақырыптағы аудармаларын оқығанда,
әдеби шығарма оқып отырғандай күй кешеміз. Бұндай қасиет өткен ғасыр басында
қазақ халқын өнер-біліммен күшейтуді қолға алған барлық зиялылардың кітапта-
рынан да кездеседі. Дегенмен, Абай баласының тілі өзгеше шұрайлы. «Сыйырдың
сүті тілінде» деп орыс мақалын да жымын білдірмей қазақшаға аудара кетеді автор.
Қорыта келгенде, Тұрағұл еңбектерін әдеби көркемдік жақтарынан әдебиетта-
нушылар ізденіс жасап, сегіз қырлы тұлғаны ғылыми тұрғыда зерттеу ісін қолға
алатынына сенімдіміз. Біз қолжетімді материалдар негізінде өз тарапымыздан Тұ-
рағұл Абайұлы аудармаларындағы өзгешелеу сөздер мен сөз тіркестеріне белгілі
деңгейде талдау жасадық. Адамзат балсының ішінде қазақ халқы қанды қасіретті
ауырырақ арқалаған өткен ғасырда тек жалған жаламан атылып кеткен, істі болған
жүз мыңдаған зиялыларымыздың еңбектері жұрт болып жұмылып, түгендеуді қа-
жет етеді. Әсіресе, адамзатқа қазақты танытқан, қазақ кеңістігінен адамзат кеңісті-
гіне көтерілген ғұлама Абайдың 175 жылдығында Абайтану ғылымынан бөле қа-
рауға келмейтін, аса ауқымды зерттеуді талап ететін еңбек – Абайдың Тұрағұлының
еңбектері болып отыр.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: