Пайдаланылған әдебиет:
1. Гак В. Г Эволюция сповобов номинации в свете соотношения внешных и
внутренных стимулов в развивитии языка // Все союзная научная конференция по
теоретическим вопросамязыкознания «Диалектика языка» тезисы докладов. – М.,
1980 с. 19-29
2. Аманжолов С. Қазақ тілі треориясының негіздері. – Алматы: Ғылым 2002. –
368б.
3. Маманов И. Е Тіл мәдениеті, Алматы: Білім, 1985. -18б.
4. Алексеев П. М Частотные словари. СПб: Санкт Петербугского университета,
– 2001. -156 с.
5. Қазақ тілінің ауызша формасы – Алматы: Ғылым 1987. -198б.
6. Ауызша қарым-қатынастың негізгі және қосалқы бірліктері / З. А. Абдулжано-
ва // Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті хабаршысы. Гумани-
тарлық ғылымдар сериясы, -2013. – 5 (1-бөлім). 6-10б.
7. Комманский Г. В. Коммуникативная функция и структура языка. -М. : Наука,
1984. -175с.
8. Соколов А. В. Социальные коммуникаций М. : ИПО Профиздат2001. -224
МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ТІЛДІК МАНИПУЛЯЦИЯ
Алтаева А.
«Тұран» университеті «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының
профессоры, филол. ғ. д.
Ғылыми-техникалық ілгерілеуге байланысты адамзат дамудың жаңа деңгейіне
көтерілді. Тұлғаның қалыптасуына ықпал етуші психологиялық факторлар өзгер-
ді. Осындай жағдайда адресатқа ықпал ету өнерінің негіздерін үйренуге деген қа-
жеттілік туып отыр. Өз ойыңды дәлелдеу, көзқарасыңды дәйекті жеткізе білу, өзің
туралы әсер қалдыру – коммуникацияның тиімді болуының кепілі. Бұндай «өнер»
адресаттың жасына, жынысына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне, саяси ұстаны-
мына және мәдени белгілеріне бағынбайтынымен ерекше.
Кез келген сөйленім (айтылым) сөйлеушіні белгілі бір ұстанымда болуға итер-
мелейді. Коннотациялы сөздердің санынан тілдегі бейтарап лексиканың қабаты
223
барынша кеңейіп отырады. Керісінше бейтарап сөз де белгілі бір контексте баға-
лауыш рөл атқаруы мүмкін.
Адам санасы көп жағдайда сыртқы күштерге қарсы тұра алмайды. Сана инер-
циялы, қайшылықты ұнатпайды, қарапайымдыққа бейім. Әлемдегі жағдайдан ақ-
параттандыра отырып, БАҚ адамның ойлауына, әлемді қабылдауына, бүгінгі күн-
нің мәдени келбетіне ықпал ете алады. Баспасөз, радио, телевизия арқылы шындық
болмыстағы деректерге қатысты білім қалыптасады, одан әрі адам ойының бел-
сенділігін арттырады.
Журналистика тілінің адресатқа ықпал ете алар айрықша күші болуы керек. Кез-
келген басылым әлеуметтік тапсырысты орындауға мүдделі. Ол қоғамның белгілі
бір тобының саяси көзқарасын білдіреді; оқиғаның қандай да бір қырына назар ау-
дарады; кейде қажетті пікірді білдіре де алады. Басылымның басым көпшілігіндегі
материалдар бірыңғай пікірде болады.
Алайда қазіргі ақпараттық қоғамда жаһандық өзгерістер бұқаралық коммуни-
кацияның дамуымен тікелей байланысты болғандықтан, өмір салтына ғана емес,
адамның қазіргі ойлау тәсіліне, қабылдауына, құндылықтар жүйесіне де әсер ете-
ді, өз пайдасын алға тартады.
Бұқара көпшіліктің газетке, радиоға, телеақпаратқа шексіз сенімі БАҚ-ты би-
ліктің құралы етті. Осылайша мәтін авторының қатысуымен астыртын басқару
жүзеге асады.
А. А. Леонтьевтің сөзіне көңіл бөлсек, сөйлеуге ықпал етуде оқиғаны жеткізудің
интерпретациясы маңызды көрінеді. Өздігінен алғанда кез-келген оқиға объектив-
ті, ал оны қалай қабылдау ақпаратты жіберушіге байланысты. Бір оқиғаның өзі әр
түрлі факті түрінде бола алады, өйткені «шындық болмыста факті деген болмайды:
бұл біздің қорытындымыздың немесе шындық туралы ақпаратты қайта өңдеуіміз-
дің нәтижесі». Шындығында адресат оқиғаның бір нұсқасын ғана қабылдайды, ал
тұтас көріністің өзін оқиғаның бірнеше нұсқасын салыстыру арқылы ғана алуға
болады [1, 73 б.].
А. А. Данилованың пікіріне жүгінсек, автор тілдік манипуляцияны «айтылмақ
ойдың мазмұнына немесе идеясына қатысты адресатты әдейілеп адастыру мақса-
тында тілдік тұрғыдан жасырын ықпал ету» ретінде сипаттайды [2, 25 б.].
Психологиялық және психолингвистикалық механизмдер арқылы адресаттың
психикасына сөз арқылы әсер етуді тілдік манипуляциядейді. Ол көбіне адресатқа
жат мақсатты, өзгенің ынтасы мен ниетін үгіттеу үшін қолданылады. Тілдік мани-
пуляция, әсіресе, эмоцияның негізінде іске асады.
«Тілдік манипуляция» термині екі тұрғыдан түсіндіріледі:
1 Сөз арқылы ықпал ету – адресатпен өзара қарым-қатынас процесі, мақсаты –
коммуниканттарды ымыраға келтіру.
2 Сөз арқылы ықпал ету – біржақты процесс, нәтижесінде адресат пассив тың-
даушы болады да, оның пікірі мен әрекет-шешіміне сөйлеуші басшылық етеді.
Жеке қарым-қатынастан бөлек, топтық қауым не үлкен массаға да медиа арқылы
манипуляциялық амалдар қолданылады. Идеологиялық насихат, жарнама, сайлау
алды кампаниялар – бәрі манипуляция арқылы санаға әсер етіп, қоғамды тыңдау-
224
шы әрі қалағанын жасаушы қауымға айналдырады. Ең бастысы үлкен қауымға
жаппай манипуляция медиа арқылы ықпал етеді.
«Тілдік манипуляция барысында көркемдеп сөйлеушінің мінез-құлқындағы мы-
нандай негізгі шарттар бұзылады:
1) әділдік (аудиторияны сөйлеудің мақсатына, мазмұнына қатысты адастыруға
тыйым);
2) ұстамдылық (көпшілік алдында қорлауға және ешбір дәлелсіз бағалауға ты-
йым);
3) қырағылық (қауіп түсу жағдайынан хабардар болу, шу көтеруге тыйым)» [2,
40-46 б.].
Журналистикадағы өзекті проблемалардың бірі – БАҚ тілін әдейілеп қоғамның
санасына ықпал етудің құралы әрі астыртын басқарудың ресурсы ретінде жұмсау.
Интернет – эмоционалды энергетикамен «айқасқа» түсетін коммуникативтік ке-
ңістік, мұндағы коммуниканттардың стилі мінсіз дей алмаймыз. Автордың (жур-
налистің) өзінің белгілі бір стилі, оған қоса функционалдық және ауызекі сөйлеу
стилі бар. Ал өзге субъектілердің (оқырмандардың) өз стилі бар. Түрлі стильдердің
эмоционалдық бояуларының араласуы нәтижесінде субъективті пікірлердің өзара
алмасуы жүзеге асады. Оқырмандар мақалаға реакция танытып қана қоймайды, ма-
қала авторымен және оқырмандар өзара диалогке түседі. Көп жағдайда оқырмандар-
дың өзара диалогі қайшылыққа толы болады. Ал авторға қатысты кей оқырмандар
журналисті бастамашы, ұрысқа итермелеуші деп түсінеді. Кейбірі рахаттанып оқы-
са, енді бірінің көңілі толмай, авторды жек көріп отыруы мүмкін. Автор мен оқыр-
манның эмоциясы және олардың өзара әсері нәтижесінде автордың электронды және
газет мәтіндерінің бірыңғай эмоционалдық кеңістігі қалыптасады.
Тілдік манипуляция саясатта, БАҚ-та, жарнамада, дінде және адами қарым-қа-
тынаста кеңінен қолданылады. Тілдік манипуляцияның түпкі мақсаты көп жағдай-
да табыс табуға негізделген.
Саясатта тіл арқылы астыртын басқарудың әдістері күннен-күнге күшейіп келе-
ді. Соның нәтижесінде қазіргі қоғамда саяси манипуляцияның рөлі маңызды болып
тұр. Астыртын басқарудың ықпалы қажет кандидатқа дауыс беруден емес, тұрғын-
дардың мемлекет бекіткен ойын шарттарына көніп, мойындауынан көрінеді.
Діни секталарда түпсанаға оқылған немесе айтылған сөзге сүйеніп ықпал ету
басым. Жарнама мен саяси манипуляциядан өзгешелігі: бұнда әдемі картина, му-
зыка немесе лозунгілер болмайды. Діни уағыздар тыңдарман көпшілікке- жағым-
ды дауыс, дұрыс қойылған дикция, шешендік өнер, көркем сөздер арқылы әсер
етеді. Қарапайым, қара сөзбен де сананы астыртын басқаруға болады.
Діни уағыздардың басты мақсаты – еліміздегі дәстүрлі дінімізді дұрыс насихат-
тау, кейбір жастардың дәстүрлі емес діни ағымдарға қарай бетбұруының алдын
алу. Уағыз айтудың көмегімен теологтер көпшіліктің көкейіндегі түрлі сауалдарға
дін тарапынан, білім-ғылым тұрғысынан жауап беріп, халықты діни сауаттанды-
руға үлесін қосуда. Алайда адам санасына астыртын ықпал етудің элементтерін
мына тұстардан байқауға болады: Алланың атымен сөйлеу; Пайғамбардың сөзінен
мысалдар келтіру; тозақ отымен қорқыту; қиямат жайлы айту; біз – мұсылманбыз;
225
ең қасиетті жандар – әке, шешенің атынан сөйлеу; күнәсіз адам жоқ; садақа – қайы-
рымды жандардың ісі т. б.
Өнімді өндіру және қызмет көрсету қазіргі іскерлік кеңістікте табыстың көзі болуы-
на байланысты жарнама БАҚ-та барынша беделді орынға ие. Бүгінгі нарық бәсеке-
ге қабілетті сауда-саттық ұсыныстарынан кенде емес. Соған орай кәсіпкердің «сатып
алушыны қызықтыра білу» деген басты міндеті жарнама ісінде бәсеке тудырады.
Жарнаманың адресатқа ықпал етудегі басты құралы – тіл. Тіл адамның психо-
логиялық және физиологиялық қалпына, әлемді қабылдауына, көзқарасына әсер
ете алатын күшке ие. Жарнама тауарды жан-жақты сипаттап ұсынуға тиіс. Ал жар-
нама мәтіндері барлық уақытта бұл талаптың үдесінен шыға бермейді. Мәтінді
құрастырушылар көбіне адресатты тауардың шынайы сапасынан алыстату үшін
әйелдерді «ертегілер еліне» жетелеп, алдайды. Сондай амал-тәсілмен сананың ло-
гикалық талдауын әлсіретеді. Мысалы: «Кальций Д3 никомед, Ақынға айналады
әрбір еркек».
Әйелдің ер адамға ұнағысы келуі әйелдер қауымына арналған жарнамаларының
негізін құрайды. «Мен тәніме қалай күш берсем, шашыма солай күш беремін...
. шашыңа арналған мультидәрумен іспеттес. Нәрлендіргіш коктейльмен шашың
100% күшейе түседі».
Қазақ тіліндегі жарнамаларда мынандай тілдік ерекшеліктер жиі ұшырасады:
есте жатталып қалатын фраза не сөйлем;
риторикалық сұрақтар;
мінсіз өмір, арман, мақсат;
шартты райлы сөйлемдер (Сен аш болсаң, өз-өзіңе ұқсамайсың. Аш болсаң, еп-
сізсің. Сникерс же.);
бұйрық райдың жұмсақ интонациямен жұмсалуы (Қалаған затқа қажет ақшаны
табыңыз.). Сөйлем жұмсақ интонациямен оқылып, бұйрық райда құрылған. Осы-
лайша көрерменнің ойына бейсаналы түрде манипуляция жасалады;
сөз бен бейненің арасындағы байланыстан бейненің сөзді түсінуге көмектесуі
байқалады.
Жарнамаға тән манипуляцияның әдіс-тәсілдерінің ішінен мына қағидаларды
атауға болады:
– «Ұсыну» қағидасы – тауардың бағасын арттырып, тиімділігін күшейту үшін
оған белгілі актерлердің, әншілердің, спортшылар мен өзге де әйгілі адамдардың
есімдерін пайдалану;
– «Ауыстыру» қағидасы – тауардың сапасы мен қасиетін белгілі бір заттың сапа-
сы мен қадір-қасиетіне ұқсастыру, яғни ассоциация бойынша баға беру;
– «Қарапайымдылық» қағидасы – тауардың қажеттілігін қарапайым адамдар-
дың, халықтың қажеттілігімен ұштас тыру;
– «Карта ауыстыру» қағидасы – бұқараға білдіртпейтін тәсілдерді қолдану ар-
қылы нақты фактілерді ашық түрде бұрмалау;
– Жауап беруді қажет етпейтін риторикалық сұрақтар.
– Импликатура. Мәтінде ақпарат ашық берілмейді, оқырманның (көрерменнің)
стереотиптік ойлауына қарай белгілі болады.
226
«Манипуляция» сөзі латын тіліндегі «manus» – қол сөзінен шыққан. Көне сөз-
діктерде манипуляция қолдың ептілігі арқылы қандай да бір объектілерді шебер,
ширақ қолдануды білдіреді. Ал бүгінде мұндай объектілердің орнына адамдар
алынып отырғандықтан, бұл сөз ауыспалы мағынаға ие болды. Іс жүзінде қо-
ғамдық сананы (оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы) манипуля-
циялау адамдарды өмірдің басымдықтарын, қағидаларын, мораль нормаларын, т.
б. өзгертуге мәжбүрлейтін ерекше билік түрі болып табылады. Шебер манипуля-
цияның нәтижесінде көп адамның мінез-құлқы манипуляторларға пайдалы бағыт-
тарда болжанып отырады.
Дегенмен қоғамды БАҚ-тың манипуляциясынан қорғауға болады. ХХІ ғасыр –
ақпараттық ғасыр, кез-келген ақпаратты қабылдау үшін психологиялық тұрғыдан
дайын болуға қажетті уақыт. Егер біз ақпаратты саналы түрде қабылдасақ, естіген-
ге сене бермесек, қисынсыз дүниелерге сенбесек, естіп, көріп немесе оқығанымыз-
ға есеп беріп отырсақ, онда біздің сананы астыртын басқару қиын болады. Демек
қоғамдық пікір тек БАҚ арқылы ғана емес, өзіміздің қатысуымызбен де қалыпта-
сады.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |