60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет115/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Қазақша-орысша тілмаш. – Москва‚ 1925. – 224 б. 
2. Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдеби тілі мәселелері. 
– Қарағанды‚ 1997. -130 б. 
3. Жолдыбаев М. Қазақ тілін байытамыз // Еңбекші қазақ. 12. VІІІ. 1926. 
4. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі‚ 1993. -320 б. 
5. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 624 б. 
6. Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. – Астана, 2017. – 740 б. 
АУЫЗША ТІЛДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаңабекова А.
филол. ғ. д., А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы 
лингвистика бөлімінің меңгерушісі
Өтегенова Б.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және «Ғылым ордасы» 
кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру 
бағдарламаларының 2-курс магистранты
Жалпы адамдардың қарым-қатынасына байланысты адамдар арасындағы әре-
кеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі тілдік қатынас, екіншісі–тілсіз қа-
тынас. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастықта-
ры да бар. Сәйкес жақтары олардың екеуі де адамдардың бір-бірімен байланысын 
қамтамасыз етеді, тілдік қатынаста да белгілі бір дерек ой, мағлұмат хабарланады, 
бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін. Негізі тілдік, тілсіз қа-
тынаста адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей 
шындығы» (К. Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер 
арқылы көрінеді. Тіл-сөйлеу жүйесі мен құрылымы жасалу әрекеті арқылы ғалым-
дардың қызығушылығын арттырды. 
Көптеген ғалымдар тілдің пайда болуы алдымен қоршаған ортаның санада бей-
неленуі деген тұжырымға келеді. Бұл жөнінде В. Г. Гак: «Все идет от действитель-
ности через мысль в языке, и все от языка возвращается через мысль в действи-


218
тельность» десе [1, 22] тіл білімінде осы мәселе төңірегінде С. Аманжолов : «тіл 
– сана-сезімнің, ойдың тәжірибеде көрінетін заттық сәулесі» дегенді айтады. [2, 68] 
Сонымен дүниені тану алдымен адамның санасында қалыптасады, содан кейін тіл 
арқылы бейнеленеді екен. Адам нені танып білсе, санасында нені қалыптастырса 
нені үйренсе тіл тек соны ғана сыртқа шығарады. Адам санасында қалыптаспаған, 
адам танымаған нәрсені тіл өздігінен бейнелей алмайды. Тіл мен таным бір-бірі-
мен сабақтас деп айтуға болады. Білеміз қоғамдық өмірде тіл маңызды орынды 
алады, тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл болуы мүмкін емес. Қоғам үшін қызмет ететін 
тілді халық өзінің қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, жетілдіріп отыра-
ды. Сонымен қатар тіл – қыры, сыры көп өте күрделі құбылыс және де адам өмірі-
нің барлық мазмұны тілде көрініс табады 
Тіл-қоғам мүшелерінің өзара пікірлесетін қатынас құралы болумен бірге, ол қо-
ғам тарихының айнасы. Қазақ халқының тарихында болған ірі оқиғаларды, өзге-
рістерді әр кездегі халық ауыз әдебиетінен, батырлар жырынан, жыраулардың, ха-
лық ақындарының қалдырған әдебиет мұраларынан біліп отырамыз. Осы мұралар 
арқылы әр кезеңде тілде болған өзгерістер мен жаңалықтарды да байқауға болады. 
Әр жырау, халық ақындары өздері өмір сүрген кезеңде халық тілінде жырлаған. 
Олардың тілінен қай аймақта туып-өскендігін де аңғаруға болады. Өйткені олар 
жырларында сол өңірдің тіл ерекшеліктерін мол қолданады. 
Қазақстанда тек он тоғысыншы ғасырдың соңғы ширегінде Абай мен Ыбырай 
қаламынан шыққан еңбектер таза қазақ тілінде басылып, қараңғыда жарық берген 
жұлдыз секілді болды. Сөйтіп Совет дәуіріне дейін қазақ тілінің өзгеріп дамуы-
на сөйлеу тілі үлкен әсер етті. Осы кезеңде араб, парсы, орыс тілдерінен ауысқан 
сөздер де ауызша сөйлеу тілінің әсерімен қазақ тілі дыбыстық заңымен үндесіп 
өзгеріп енді. [3]
Тілді қазіргі заман талабымен байланыстыратын болсақ сауатты да шешен сөй-
лей білу біз үшін өте тиімді деп айтуымызға болады. Себебі қазіргі таңда тілдік қа-
тынастың барлық түрлерін игерген жоғары мәдениетті адамдарға қоғам қажетсінуі 
айқын аңғарылуда. Жалпы сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық 
жоқ. Ал адам іс-әрекетінің кейбір салаларында ол аса қажетті де тиімді жұмыстың 
міндетті алғы шарты және сауатты да шешен сөйлеу дағдысы адамдар арасында 
жылы да жағымды қарым-қатынас орнатуға және сақтауға мүмкіндік береді
Қоғамның өзгеріп дамуына байланысты оның тілі де жарыса өзгеріп, дамып 
отыратындығы жалпы тіл білімінде анықталған қағида. Тіл арқылы адам ойын 
сезімін жеткізеді, көзқарасын білдіреді, тіл қарым-қатынас жасаудың құралы. 
Тіл білімі зерттеуде қазақ тілінде көптеген сөздіктер құрастырылды, бұл сөздік-
тер тіліміздің байлығын, кеңдігін көрсете алады. Осылардың бірі болып қазақ ті-
лінде көркем тілдің жиілік сөздіктері жасалды, бірақ ауызша тілдің жиілік сөздігі 
құрастырылған жоқ. Сол себепті біз ауызша тілдің жиілік сөздігін құрастыруды 
мақсат етіп отырмыз. Алдымен көркем жазба тілінің жиілік сөздігі мен ауызша 
тілдің ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік. Қазақ тілінің көркем жазба тілі-
нің жиілік сөздігі ол көркем тіл, яғни жазбаша сөздіктер дайын хатталған, рәсім-
делген, редакторлық жүйеден өткен жинақтар мен материялдар арқылы құрылған, 


219
ал ауызша тіл еркін, тірі тіл, яғни қарым-қатынас тілі ешқандай дайындықсыз та-
биғи қолданылады. Жиілік сөздіктер арқылы ауызша тіл мен жазба тілінің, сөз 
қолданысының айырмашылығын білу біз үшін қызықты тақырыптардың бірі бо-
лып отыр. 
Қазақ тіл білімінде сөйлеу коммуникациясы, ауызекі сөйлеу ерекшеліктері Р. С. 
Әмірдің, Б. Хасанұлының, Ф. Ш. Оразбаеваның, Б. Шалабаеваның, Ж. Манкеева-
ның, З. Ш. Ерназарованың, Ж. Ибраимованың, Л. М. Шайкенованың еңбектерінде 
кездеседі. 
Сонымен тілдің екі жақты формасы бар, яғни қоғамға екі түрде қызмет етеді: 
жазбаша және ауызша. Сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлері әртүрлі материял-
дық негізден құралады: ауызша сөйлеудің материалдық негізі ауаға таралатын ды-
быс толқындары, ал жазбаша тілдің әртүрлі суреттеулермен қағазға түсірілетін 
әріптер болып есептеледі. 
Қарап отырсақ тарихы жағынан ауызша тіл жазбаша тілден бірінші пайда бол-
ған. Ауызша тілді біз тікелей қарым-қатынас барысында қызмет ететін дыбысты 
тіл деп айтамыз. Бұл кезде дауыс ырғағы, логикалық екпін, айтылу анықтығы, кі-
діріс маңызды рөл атқарады. Адамның ішкі сезімін, ойын жеткізуде ауызша тіл 
сөйлеудің түрлі ырғағына ие болады. Тікелей қарым-қатынаста ауызша тілді қа-
былдау, көру, есту каналдарымен бір уақытта болады. Ауызша сөйлеу барысында 
сөйлеуші бір мезгілде ойлау және сөйлеу процестерін қатар қолданады. 
Сонымен қатар күнделікті сөйлеу тілі ауызша тілдің барлық түрлеріне әсер ете-
ді. Ауызша тілді зерттеу барысында жалпылама ғылыми стиль, публицистикалық 
стиль, ресми-іскери қарым-қатынас, әдеби сөйлеу және күнделікті сөйлеу стиль-
дері деп бөлінеді. Осы стильдердің барлығы қамтыла отырып, жиілік сөздік құ-
растыруға үлкен септігін тигізеді. Жиілік сөздік зерттеуші зерттеген мәтіндерінен 
тізіліп жасалған сөздер мен басқа да лингвистикалық бірліктерден тұратын сөздік. 
Онда ол лингвистикалық бірліктердің берілген мәтінде қолданылу жиілігі көрсе-
тіледі[4. 4]. 
Енді ауызша тілді дайындалған (баяндама, дәріс т. б) және дайындықсыз (әң-
гімелесу, сөйлесу) деп бөліп қарастырамыз. Бірінші арнайы дайындықпен болған 
ауызша тілде сөйлеу алдын-ала толық ойластырылып, нақты құрылымы ұйымдас-
тырылып, сөйлеуші өз мәтінін қарым-қатынасқа түсіреді. Ал екіншісі дайындық-
сыз ауызша тіл тосыннан пайда болады. Бұл ауызша тілдің негізгі бірлігі бірте-
бірте құралады. Сол себепті жәй әңгімелесу мен сөйлесуде ұзақ кідірістер болады, 
олардың орнын толтыру үшін м-м-м, а-а-а, е-е-е, э-э-э деген сияқты дауыстар қол-
данылады, ол ойын қорытындылап сөйлеу процесін ары қарай жалғастыруға кө-
мектеседі. Дайындықсыз ауызша тілде тілдің фонетикалық және морфологиялық 
деңгейі грамматикасы бақыланбайды, автоматты түрде сыртқа шығарылады. Осы-
ған байланысты ауызша тілде бірнеше қайталау сөздер, қысқа сөйлемдер, сөйлеу 
барысында қателіктер, күрделі сөзтіркестері мен сөйлемдердің тапшылығы орын 
алады. 
Осыған байланысты академик ғалым Рабиға Сыздықтың айтуы бойынша ауыз-
ша сөздің өзі екі түрлі болады: бірі адамдардың күнделікті тұрмыста бір-бірімен 


220
бетпе-бет (ауызба ауыз) сөйлесу актісінде жүзеге асатыны, екіншісі топ алдында 
сөйлейтіндер. [5. 8]
Енді топ алдындағы сөздерге әр алуан жиналыс, конференция, мәслихаттардағы 
жасалатын баяндамалар, жарыссөз, сұрақ-жауаптар, насихатшылардың дәрістері, 
жоғары оқу орындары оқытушыларының дәрістері, жүргізетін консультациялар 
мектеп мұғалімдерінің сабақ түсіндіруі, студенттер мен оқушылардың сабақта ем-
тиханда жауап беруі, әртүрлі салтанатты және қаралы жиындарда айтылатын сөз-
дер және радио мен телеарналарда берілетін хабарлар жатады. Бұлардың бәрінің 
ресми сипаты болатындығын, әрі белгілі бір әлеуметтік мүддені көздейтін сөздер 
екендігін академик Р. Сыздық атап өтті. 
Ұзақ уақыттар бойы біздің грамматикалық түсінігіміз әдеби тілдің негізінде қа-
лыптасып келді. Қазіргі тіл ғылымында ауызша сөйлеу тілін қарқынды зерттеу 
барысында ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік грамматикасы бар екендігі туралы қоры-
тынды шығарылды. Сөйлеуге зерттеулер жүргізу арқылы сөйлеу лингвистикасын-
да тілдік бірліктердің құрылымын анықтайтын заңдылықтар ашылды. 
Ауызша қарым қатынастың тілдік бірліктерін анықтаумен, оларды топтастыру-
да тілдік фактілердің айқын еместігі қиындық тудырады. Әдеби тіл мен ауызша 
дискурстан алынған нақты мысалдарды саралай келе төрт түрлі ақпарат арқылы 
сөйлеу лингвистикасында тілдік бірліктердің берілетіні анықталды. 
– Нақты ақпарат арқылы адамның зияткерлік білімі толықтырылады немесе қа-
зіргі кезде маңызды тұрмыстық мәндегі ақпараттар беріледі. 
– Қатысымдық яғни коммуникативті ақпарат сөйлеу авторы мен оның адресаты 
арасындағы қарым-қатынас барысында көрінеді. 
– Дискурсивті ақпарат дискурстың ұйымдастырылуы мен адресаттың хабардар 
болуы, ақпараттың қабылдануы, мәтін мен автор арасындағы қарым-қатынасты 
көрсетеді. 
– Сигналды ақпарат еріксіз сөйлеудің бір үлгісі, сөйлеушінің эмоционалды және 
психо-физиологиялық күйін көрсетеді [6, 7]
«Қоғам мүшесі ретіндегі адамға қатысты қоғамдағы коммуникация шынымен 
тек тіл түрі мен тіл негізінде ғана шығуы мүмкін, себебі қоғамдық санадағы мінсіз 
әлемнің болуының біріншілік нысаны тіл болып табылады» [7. 20]. 
Коммуникациялардың ерекше белгілерінің арасында мыналар бөлінеді: 
– коммуникацияға қатысушылар ретінде екі индивид сияқты екі субьект : инди-
вид және топ немесе адамдардың екі немесе одан да көп топ шығады; 
– бір субьектіден екіншісіне берілуге жататын обьект міндетті түрде болады ; 
– коммуникацияға мақсаттылық тән . 
Коммуникацияның мақсаты мінсіз болмысы бар мағыналарды коммуникантар-
дың бір-біріне хабарлауы болып табылады [8, 16]
Ауызша тілдің ішінде сөйлеу тілі дегеніміз әдеби тілге жататын бейресми қолда-
нылатын сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты (спонтан-
ды) сөз. Нағыз осы дайындықсыз сөйлеу тілінен сөздік құрастыру, тіл үйренуші-
лерге үлкен көмегін бере алады. 
Сөйлеу тілінің эмоционалды экспрессивті бояуы қанық болады және осымен 
байланысты интонациясы бай, ым, ишара тәрізді бейвербалды таңбалар тілдік 


221
таңбалармен жарыса жүреді. Сонымен қатар сөйлеу тілінде кітаби тілге тән лекси-
каның элементтері, терминдер, шет тілі сөздері, терминдер, диалект, жаргон эле-
менттері кездесіп отырады. Бұл сөйлеу тіліндегі тақырып алуандылығымен бай-
ланысты. Сөйлеу тілінде боп, кеп, бересашы, күн жауа, бартын, барат, айтат, кеп 
қапты берсейші тағы басқа дыбыстық құрамы жағынан ықшамдалған бірліктер 
жиі қолданылады. 
Сөйлеу тілінің тағы бір тілдік ерекшеліктерінің бірі – тұрпат меже тұрғысынан 
ықшамдалған бірліктердің мәтінде ұзына бойы қолданылуы шарт емес, сондықтан 
ықшам нұсқамен толық нұсқа алма-кезек қолданыла береді. Бұл қасиет сөйлеу ті-
ліне тән еркіндікті білдіреді, кеп кетті/келіп кетті. 
Сөйлеу – ол әрекет. Ол адамдардың бір-біріне тіл арқылы ықпал, әсер етуін, 
әрекетке жұмылдыруын жүзеге асырады. Және де сөйлеу арқылы қарым-қатынас 
қалыптасады. Олай дейтініміз сөйлеу жеке адамның әрекеті емес, бұл – әр сөйлеу-
шінің артында тұрған әлеуметтік топтардың қоғамның белсенділігін, әрекет иеле-
рінің қозғалысын көрсететін әрекет түрі. 
Ауызша сөйлеу тілінде сөйлеу коммуникациясының көмекші бірліктері қызмет 
атқарады. Олар дискурсивтідиалогтық қайталаулар және дыбыс ишаралары
Соңғы уақытта дискурсивті сөздер мен оларға жақын бірліктер орыс тілін зерт-
теушілерге ерекше назарын аударатын обьектісі болып отыр. Диалогтық қайта-
лауға біршама еңбек арналған, алайда бұл сөйлеу феномені барлық аспектіде зерт-
телмеген. Ал дыбыс ишаралары термині арқылы біз бірінші белгі түріндегі сөйлеу 
құбылыстарын белгілей аламыз. 
Әңгімелесушінің жан дүниесіне байланысты түсіністік сөйлеушілердің, тілде-
сушілердің дүниетанымдағы жақындық өмір тәжірибесіндегі ұқсастық, мүдделес-
тік мәдени туыстық тағы басқалары диалогтың нәтижелі болуына әсерін тигізетін 
шарттардың бірі. 
Қорытындылай келе сөйлеушінің тілді білу деңгейі төмен болғанда тілдік қа-
тынас сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Мұндайда сөйлеуші жергілікті сөздерді қол-
дануы мүмкін. Белгілі бір фактіні сөйлеуші образ арқылы жаңғыртады, жай сөзді 
мәнерлі сөзбен береді, ал мұндай екінші реттегі тілдік бірліктер автордың көзқара-
сын, сезім күйін, сөз сомдау мәнерін көретеді. 
Сонымен зерттеуімізде ауызша тіл мен жазбаша тілдің ерекшеліктерін бақылай 
отырып ауызша тілді үйренуде үлкен көмегі тиетін «Ауызша тілдің жиілік сөзді-
гін» құрастыруға үлкен себеп бар деп ойлаймыз. Сөйлеудегі «жанды тілдің» өзіне 
тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып 
келеді. Себебі шынайы тіл ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына 
белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында, сұрыпталған, шыңдал-
ған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып та-
былады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса 
алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алады. 
Егер ана тілімізге күн сайын жаңа сөздер, жаңа қолданыстар мен жаңа терминдер-
дің еніп отыратынын ескерсек, мұндай зерттеу күн тәртібінен түспейтін әрі ұтым-
ды, әрі заман сұранысына сай зерттеу деп білеміз. 


222
Ауызша тілдің жиілік сөздігі ең алдымен тіл үйрету үшін қажет. Алайда оның 
тілді ана тілі ретінде үйретудегі пайдасы екінші тіл ретінде үйретуге қарағанда 
өзгеше. Сөздіктің негізгі мақсаты – ауызша тілдегі белсенді сөздік қор шегарасын, 
сол арқылы қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренетіндерге арналған тиімді оқулық-
тар мен оқу құралдарын, оларға база болатын лексикалық-грамматикалық мини-
мум әзірлеуге қажетті лексикалық материалды анықтап бере алады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет