60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет117/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Леонтьев А. А. Психолингвистические особенности языка СМИ // Язык СМИ 
как объект междисциплинарного исследования: учеб. пособие. – М., 2003. – С. 73. 
2. Данилова А. А. Языковое манипулирование в СМИ как способ разрушения 
традиционной системы ценностей и языковой картины мира. М., Макс-Пресс, 2005. 
– С. 25-46. 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ 
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Абдирасилова Г. 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, филол. ғ. к., доцент
Ертеде қазіргі уақыттағыдай жүйелі білім алмаған уақыттың өзінде-ақ қазақ 
халқы, сол кездің өзінде-ақ баланы жастайынан табиғи ортамен үнемі қарым-қаты-
наста болуға, дүниетанымын қалыптастыруға, ауасын жұтып, суын ішіп отырған 
табиғатын аялауға, жанашырлықпен қарауға тәрбиелей отырып, әрбір география-
лық атауларды қарапайым өмір сүру барысында қалыптастырып отырған. 
Ғасырлар бойы көшпенді өмір кешкен ата-бабаларымыз табиғаттың сан-қилы 
сырын игеріп, оның әрбір құбылысын бағалай білуі халқымыздың тұрмыс жағда-
йымен, салт-санасымен, ырымдарымен байланысты болған. 
Негізінен көшпенділер деп аталған қазақ халқының тағдыры жермен тығыз бай-
ланыста болған. Олар далада туылып, осы жерде кіндік қаны тамғандықтан да 


227
«Өмір сүру қатынасымызда, өміріміздің баянды болуы да осы қоршаған ортадағы 
табиғатқа тікелей қатысты» – деп білген. Сондықтан да болар, олар жердің жайсаң, 
құнарлы, шөбі шүйгін, көкмайса, өзен – көлдің жағалауында, асқар таудың етегін-
де, қысқасы жер жанатында мекен еткен. Қай заманда болмасын адамзат алдында 
тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмір жалғастыратын са-
лауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Қазақ халқының сол кездегі 
өмір сүрудегі мақсаттарының бірі – осы саналы ұрпақ тәрбиесі болатын. 
Қазақ халқы өз өмірін көшіп-қона жүріп, әсем табиғаттың құдіретін бойларына 
сіңіріп өскен. Табиғаттың негізгі бір бөлігі – географиялық атауларға – күн мен 
түнге, айға, жұлдызға, суға, көк тәңірге, ауа-райының құбылыстарына үлкен мән 
бере отырып, табынғаны туралы көптеген философтардың және көптеген ғалым-
дардың ғылыми еңбектерінен кездестіруге болады. 
Сонымен қатар, қазақ халқы әлем кеңістігін, аспанды, ауаны аялау – қазақ хал-
қының қанына сіңген, өмір бойы өзімен бірге келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі. 
Сондықтан да болар халқымыздың «Аспандарың ашық болсын», «Тәңірлерің жа-
рылқасын», «Жаңа ай жарылқай гөр, ескі ай есіркей гөр» – деп жас ұрпаққа бата 
беріп, «Ай қорланса – аяғыңды сайла, күн қорланса – күрегіңді сайла» – деп ес-
кертпелер айтып тәрбиелеп жатады. 
Бала өмірге келгеннен бастап-ақ өзінің тұлғалық қалыптасуын ең алдымен өзін 
қоршаған табиғаттан алады. Мұндай пікірлер жөнінде ежелгі философтар ғалым-
дар: әл-Фараби, И. П. Сафронов, Д. М. Фамин, А. Гуссейнов, В. И. Фурсов және 
философия ғылымын зерттеушілер: Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, Ғ. Ақманбетов, Ә. 
Жақсыбековтың еңбектерінен көруге болады. 
Аталған ғалымдардың еңбектерінде «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жүйесіндегі 
үйлесімдікті орнату, табиғи байлықты сақтауға, молайту және тиімді пайдалануда 
жауапкершілік сезімін туғызу әрекеттерін кеңінен зерттейді. 
Жас ұрпақты тәрбиелеуде елін, жерін сүйетін, отанжандылық қасиеттердің қа-
лыптасуы – қазақ халқының асыл қазыналарының бірі. Яғни, әрбір ұлт өзінің салт-
дәстүрін сақтап, сол рухта тәрбие беруде баса назар аудару қажеттігін ескерткен. 
Сондықтан да біз жас ұрпақты елін, табиғатын сүйе білетін азамат тәрбиелеуде 
халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды 
деп есептейміз. 
Табиғат туралы бірде-бір ақындарымыз, жазушыларымыз жырламай кеткен 
емес, ал ғұлама-философтарымыз дүниенің негігі бөлігі – табиғат пен адамдардың 
арасындағы тығыз байланысы туралы ғылыми түрде дәлелдеп кеткен. Бірқатар 
филофтарымыз табиғатқа икемделуді, бейімделуді қажеттілік деп қана емес, өмір-
дің мәні, рухани-адамгершілік міндеті деп санаған. 
Сонымен қатар туған табиғат туралы дәріптеуге арналған әр тақырыптағы ақын-
жазушылардың әндері туған табиғаттың географиялық атауларына (көрікті тау-та-
сы, сарқырап аққан өзен-көлі, топырағы, жауыны мен бораны, т. б.) деген ыстық 
ықыласын әнмен жеткізеді. 
Табиғат, туған жер, Отан, Жер-Ана, Атамекен, Асқар тауым, өзен-көлім… деген 
сөздер әрбір адамның құлағына жылы естіліп, өмірге деген сүйіспеншілігін арт-


228
тыра түседі, ет-жүрегін елжірететіні даусыз. «Атамекен, туған жер» – деп жазады 
ақындарымыз – адамзаттың жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келген 
ортасы, құтты қоныс мекені, алтын бесігі. Сонымен қатар, табиғат – сұлулықтың 
өмір бақи таусылмас көзі, табиғаттың баға жетпес сұлулығын ақын-жазушылар, 
суретшілер, сазгерлер өз шығармаларына өте ертеден арқау етіп отырған. 
Атақты Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әні түнгі тамаша табиғат кө-
рінісін көз алдыңызға елестетеді. Мұнда табиғаттың керемет құдіреті осы ән арқы-
лы беріліп тұр, қазақ халқы өзінің сезімін осылай әнмен жеткізіп отырған. 
Ал Қ. Мырзалиевтың «Табиғатты бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қа-
заққа дала берген секілді, Еркелікті ерікті желден алған секілді, Мөлдірлікті көгілдір 
көлден алған секілді» – деп қазақтың жеке қасиеттерін қалыптастыруда әрі ұстаз, 
тәжірибесі мол тәрбиеші, ұрпақ тәрбиесінің құралы осы – табиғат деп айқындаған. 
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, 
болжаулар, тиым сөздер, т. б. бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде тілді 
дамытумен қатар, дүниетанымын қалыптастырудың, оларға туған елінің табиға-
тын сүюге, тәрбиелеуге арналған бірден-бір жолы. 
Қазақ халқының шеберлігі сонда, ертеде жүйелі білім болмаса да, халық ауыз 
әдебиеті арқылы табиғатты қорғауға, сүйіне білуге, дүниетанымын кеңейтуде жас 
ұрпақты тамаша тәрбиелей білген. Соның ішінде қоршаған ортадағы география-
лық атауларға байланысты: аспан, жұлдыз, күн, тау, тас, топырақ, өзен, көл, ауа-
райының құбылтарына байланысты айтылған сөзге шебер, ешбір халыққа тең кел-
мейтін халқымыздың асыл мұрасы, сөз мәйегі – мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тиым 
сөздер, әртүрлі болжамдар нақыл сөздер арқылы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып 
келеді. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын нығайтуда тиым сөздердің маңызы 
өте зор. Бұл тиым сөздер қарапайым болып көрінгенімен, мәні тереңде жатыр. Ал 
олардың мағынасын тек қана өмірде ұстанып қана қоймай, адамзаттың адамгерші-
лік және моральдық сана-сезімінің деңгейін көтеру үшін де маңызы зор. Егер біз 
осы айналамыздағы табиғатқа жанашыр, дұрыс көзбен қарасақ, онда деніміз де, 
жанымызда сау болмақ. Тиым сөздер тек тәрбиелік мәнімен шектелмейді сонымен 
қатар, экологиялық мәселелерді шешуде үлкен рол атқарады. Осы тиым сөздер-
дің айтарлықтай көлемі табиғаттың бір бөлігі – географиялық атауларға арналған. 
Мысалы: «Жерді қазба», «Кір жуған суды өзенге төкпе», «Туған топырағыңды қас-
терле», «Су ішкен қүдығыңа түкірме», «Жалғыз өскен ағашты кеспе»,, «Көктемде 
мал мен құсқа тиіспе», «Ағын суды былғама», «Суды ылайлама», «Суға түкірме», 
«Құмырсқаның илеуін бұзба», «Ұяны бұзба», «Жаралы аңға оқ атпа», «Орманды 
өртеме», т. б. Осы тиым сөздерге баланың «неге ?» деген сауалына үлкендер «жа-
ман болады» деп жауап берген. Әрине, «жаман боладының» ар жағында жағымсыз 
әрекеттің бар екенін өз түсінігінше жорамалдап, қорытынды шығарып отырған. 
Қазақтың сан ғасыр ұлт ретінде қалыптасу барысында жинақталған баға жетпес 
рухани байлығы – тиым сөздер бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеуде. 
Тағы бір қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі әрбір географиялық атауларына 
байланысты айтылған мақал-мәтелдер, нақыл сөздер – табиғатты қорғаудың тәр-
биелік мәнін аша түседі. 


229
Географиялық жеке атауларға байланысты айтылатын мақал-мәтел, нақыл сөз-
дер – экологиялық тәрбие берудің, экологиялық мәдениетін қалыптастырудың 
ең құнды құралы болып табылады. Мысалы: «Бір тал кессең, он тал ек», «Тозған 
жерде тоқшылық болмайды», «Туған жер-алтын бесік», «Атаңнан мал қалғанша 
тал қалсын», «Су анасы – бұлақ» «Жері байдың елі бай», «Жер-ырыстың кіндігі», 
«Күте білсең жер жомарт», «Судың да сұрауы бар», «Судың кепкені – тіршіліктің 
кеткені», «Сулы жер- нулы жер», «Жері байдың – елі бай», «Жер – байлықтың 
көзі», «Жер тоймай, ел тоймайды», «Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ», 
«Орман – ел дәулеті, жер сәулеті», «Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер», 
«Таза ауа – дертке дауа», «Жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су ішерсің», 
«Сумен жер көгерер, …», «Ағын су – өмір, тоқтау су – өлім», «Құлазыған шөл же-
тім, құс қонбаған көл жетім, сортауға құйған сел жетім», т. б. нақыл сөздердің тәр-
биелік мәні зор. Ал, осы географиялық атауларға байланысты өсиет сөздердің де 
тәрбиеден берері мол, мысалы, Қорқыт бабамыздың өсиет сөзінде: «Қара тауларың 
құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын» – деп, айналадағы-
ны аялай біл деген аталы сөз қалдырған. 
Сонымен қатар, адамгершілікке арналған үш сауап: шөлге құдық қазған, өзенге 
көпір салған, жолға ағаш еккен. Міне, осы сияқты дәстүріміздегі мақал-мәлердер 
мен нақыл сөздердің әрқайсысының мәні тереңде, мағынасы зор, мазмұы астарлы 
түрде беріледі. 
Қазақ халқының тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі – табиғаттағы географиялық 
атауларға қарап әртүрлі болжамдар жасаған. Мұнда халқымыздың ғасырлар бой-
ғы тәжірибесі, Ай мен Күнге, Жұлдыздарға, олардың тууы мен батуына қарап, қар-
ға, суға, т. б. қарап, жуық арада болатын әртүрлі жағдайлардың болатыны туралы 
дәл айту мүмкіндігіне ие болған қасиеттерін назардан тыс қалдыруға сірә болмас. 
Болжамдарды айту халық ішінде кеңінен таралған. Мысалы: «Жаз жауынды, күз 
жылы болса, қыс ұзақ болады», «Сары шымшық ысқырса – шынымен-ақ күз болға-
ны», «Мұржадан шыққан түтін аспанға тік көтерілсе – аяз болады», «Мысық жерге 
паналаса – аяз болады», «Тұман түссе – күн жылынады», «Ерте көктемде қарға 
суға шомылса, күн жылынады», «Қайыннан аққан шырын көп болса, жаз жаңбыр-
лы болады», «Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады», «Қыс аязды болса, жаз 
ыстық болады», «Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылынады», «Ақпанда қыс көк-
теммен бірінші рет кездеседі», «Мысық мияулап, үйден қашса жер сілкінеді», «Үй 
жануарлары мазасызданса, жер сілкінеді», «Ай шалқая туса, сол ай толыымен сал-
қын болады», «Ай имек туылса, шаруаға жайлы, шалқая туса, өзіне жайлы», «Күн 
қызарып батса, ертесі ыстық болады», «Шілде ыстық болса, қыс суық болады», 
«Көкек ерте келсе, көктем ерте түседі», «Күн жылы болса, тырна ерте келеді», «Су 
тұнық болса, балық ойнайды», «Құрбақа бақылдаса, көктем ерте түседі», «Жаңбыр 
көп жауса, егін бітік шығады», «Жел шығыстан тұрса, құрғақшылық болады, ба-
тыстан тұрса, жаңбыр жауады», «Қар мол болса, егін бітік болады», «Аспанда жұл-
дыз ақса, кісінің өлгені», «Жылан көшсе, топан су болады», «Тасбақаның үстінде 
топырақ болса, молшылық болады», «Найзағай жарқылдаса, жауын көп жауады», 
«Шағала ауыл арасында ұшса, су тасқыны болады», «Құс жоғары ұшса суытады, 
төмен ұшса жылы болады», т. б. 


230
Тағы да бір қазақ халқына тән ерекшелікті мынадай мысалдардан көре аламыз. 
Табиғаттың адам өмірімен тығыз байланысты екенін қазақ халқы мынадай дәс-
түрлері арқылы дәлелдеген. Ертеде табиғаты әралуан қазақ халқы дүниеге нәресте 
келгенде түрлі ырым – сырымдарын пайдалана отырып, өмірге келген күнді еске 
сақтау үшін, ауылдағы ақсақалдар әртүрлі іс-әрекеттер жасаған. Солардың бірі
егер, сәби көктем, жаз, күз айларында өмірге келсе ауылда адам баспаған бұлақтың 
көзін ашып, жан-жағын тазалап, айналасына ағаш отырғызады. Бес жыл бойы бұ-
лақ үлкендердің күтімінде болады да, бала бес жасқа толғанда ауыл ақсақалдары 
жиналып: «Қарағым, балам, осыдан бес жыл бұрын сен дүниеге келіп, бүкіл елді 
қуанттың. Мына бастау сен туғанда күтімге алынған, біз оны көзіміздің қарашы-
ғындай сақтадық, енді бұлағыңды өзің күт. Бұлағым таза, тұнық, мөлдір қалпын-
да күт. Өміріңде дәл осындай таза болсын» – деп өсиет пен бата берген. Міне осы 
жастан бастап, бала туған өлкесінің табиғатын қорғауға араласа бастайды. Бұл да 
ата-бабаларымыздың жас жеткіншекке туған жерді, оның асыл қазынасын қорғау-
ға, үнемді, тиімді пайдалануға тәрбиелеген. 
Туған жер, Атамекен сөздерінде терең ұғым жатыр. Ол – әрбір адамның жарық 
дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Соңғы кезде бала тәрбиесінде халық педа-
гогикасын қолдану қолға алынып, кең етек жаюда. Шынында да ата-бабаларымыз 
кейінгі ұрпақты нақыл сөздері мен өсиет сөздері арқылы-ақ тәрбиелеп, жол сілтей 
білген. Сонымен қатар, халқымыз ерте заманнан-ақ өздерінің табиғатпен тығыз 
байланыста екенін түсіне отырып, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында таби-
ғатқа ерекше көңіл бөліп, оны қастерлегені белгілі. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет