Қарағай бойы қар жауса да, жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ кисе де, қиыс-
пайды туысқан; Арам шөп егінді аздырар, арам молда елді аздырар; Еменнің иіл- гені – сынғаны, жігіттің екі сөйлегені – өлгені, т. б. мақалдар туралы да осыны
айтуға болады.
Соның нәтижесінде ғалым Ә. Қайдар: «Мәдениет жеке адамның басына тән қа-
сиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
сана, дүниетаным, салт дәстүр, рухани материалдық байлықтың бәрін түгел қам-
титын өте күрделі ұғым» деп, мәдениет пен тілдің ажырамас бірлік екендігін көр-
сетеді. Демек, әр халықтың мақал-мәтелдері халықтың дүниетанымының айнасы.
Тілімізде «Ұранымыз алаш, керегеміз ағаш» деген мақал бар. Оның мазмұнына те-
реңірек үңілсек, түбі бір түркі жұрты бір одаққа біріккенде ортақ ұраны алаш бол-
ғанын, түркі әлемінің ата жұртында қалыптасқан қазақ халқының ортақ ұранына
айналғанын көреміз. «Керегеміз ағаш» дегенді меңзеп отығаны киіз үйдің көшпелі
халық өміріндегі ғасырлар бойы пайдаланған, көші қонға ыңғайлы үйі болғанды-
ғын дәлелдейді. Ал, атамыз Алаш – сөзіне келсек Ш. Уәлиханов зерттеулерінде
«Алаш ескі дәуірдегі қазақ тайпаларының жиынтық аты» [8] дейді.
Тіліміздегі өсімдік атауларымен келетін паремиологиялық қорымызды талдай
отырып, әсіресе, ағаш атауымен келетін мақалдардың көптігін байқадық: Ағаш аласа болса да, алмасы тамаша / жемісі мол ағаштың аласа болатынындай, ша-
пағаты мол адам да өзін аласа ұстайды; Ағаш бір жерде ғана өседі, бір жерде ғана гүлдейді / бір жерде, бір орында тұрақты өмір сүріп, қызмет істеген адам ғана береке
табады, өсіп-өнеді; Ағаш еккеннің аты қалар / өмірде із қалдырғанның есімі мәңгі
сақталады мағынасында; Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар, темір кессең қысқа кес, соға келе ұзарар / әр нәрсені ыңғайына қарай, жөн-жосығына қарай істе-
ген абзал; Ағаш көркі – ашылған гүлі, адам көркі – малы мен пұлы / әр нәрсенің өзі-
не көрік беретін сипаты болады; Ағаштан оқтық та шығады, боқтық та шығады / ағаштан жонып, оқ жасауға да болады, немесе, оны отқа жағып жарамсыз етуге де
болады; Алма алма ағашынан алысқа құламайды / адам да өз тегінен алысқа ұзап
257
кетпейді, т. б. Әулие ағашты сыртынан білсең де, жанына барма! / айдалада жеке
тұрған ағаштардың қасиеті, киесі бар деп санайтын қазақ салтында оған әлем (ақ
шүберек) байлап, тәу еті, тағзым жасау әдеті бар. Бірақ «оның жанына барма» деп
тиым салатыны – «оның маңында жын-шайтандар жүреді» деп сенуге және оның
әулиелік дақпырты алысқа кетсе де, маңында пиғылы жаман адамдардың да бола-
тыны бар деген түсінікке байланысты [6].
Қазақ халқы үшін арпа, бидай, тары, жүгері, сұлы т. б. дәнді-дақылдар тоқ-
шылықтың символы болған. Солардың ішінде бидай мен тарыға қатысты тілдік
бірліктер тілімізде өте көп кездеседі. Мысалы, бидай өсімдігінің қазақ танымында
алатын орны зор екендігі тілде былайша көрінеді: Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен; Соқыр тауыққа бәрі бидай; Досыңа арпа алып келсең, бидай алып қайт; Бидай арқасында қарамық та су ішеді; Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа;