60х84 1-8 Сарыбаев indd


Қарағай бойы қар жауса да, жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ кисе де, қиыс- пайды туысқан; Арам шөп


бет126/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Қарағай бойы қар жауса да, жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ кисе де, қиыс-
пайды туысқан; Арам шөп егінді аздырар, арам молда елді аздырар; Еменнің иіл-
гені – сынғаны, жігіттің екі сөйлегені – өлгені, т. б. мақалдар туралы да осыны 
айтуға болады. 
Соның нәтижесінде ғалым Ә. Қайдар: «Мәдениет жеке адамның басына тән қа-
сиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық 
сана, дүниетаным, салт дәстүр, рухани материалдық байлықтың бәрін түгел қам-
титын өте күрделі ұғым» деп, мәдениет пен тілдің ажырамас бірлік екендігін көр-
сетеді. Демек, әр халықтың мақал-мәтелдері халықтың дүниетанымының айнасы. 
Тілімізде «Ұранымыз алаш, керегеміз ағаш» деген мақал бар. Оның мазмұнына те-
реңірек үңілсек, түбі бір түркі жұрты бір одаққа біріккенде ортақ ұраны алаш бол-
ғанын, түркі әлемінің ата жұртында қалыптасқан қазақ халқының ортақ ұранына 
айналғанын көреміз. «Керегеміз ағаш» дегенді меңзеп отығаны киіз үйдің көшпелі 
халық өміріндегі ғасырлар бойы пайдаланған, көші қонға ыңғайлы үйі болғанды-
ғын дәлелдейді. Ал, атамыз Алаш – сөзіне келсек Ш. Уәлиханов зерттеулерінде 
«Алаш ескі дәуірдегі қазақ тайпаларының жиынтық аты» [8] дейді. 
Тіліміздегі өсімдік атауларымен келетін паремиологиялық қорымызды талдай 
отырып, әсіресе, ағаш атауымен келетін мақалдардың көптігін байқадық: Ағаш 
аласа болса да, алмасы тамаша / жемісі мол ағаштың аласа болатынындай, ша-
пағаты мол адам да өзін аласа ұстайды; Ағаш бір жерде ғана өседі, бір жерде ғана 
гүлдейді / бір жерде, бір орында тұрақты өмір сүріп, қызмет істеген адам ғана береке 
табады, өсіп-өнеді; Ағаш еккеннің аты қалар / өмірде із қалдырғанның есімі мәңгі 
сақталады мағынасында; Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар, темір кессең 
қысқа кес, соға келе ұзарар / әр нәрсені ыңғайына қарай, жөн-жосығына қарай істе-
ген абзал; Ағаш көркі – ашылған гүлі, адам көркі – малы мен пұлы / әр нәрсенің өзі-
не көрік беретін сипаты болады; Ағаштан оқтық та шығады, боқтық та шығады 
/ ағаштан жонып, оқ жасауға да болады, немесе, оны отқа жағып жарамсыз етуге де 
болады; Алма алма ағашынан алысқа құламайды / адам да өз тегінен алысқа ұзап 


257
кетпейді, т. б. Әулие ағашты сыртынан білсең де, жанына барма! / айдалада жеке 
тұрған ағаштардың қасиеті, киесі бар деп санайтын қазақ салтында оған әлем (ақ 
шүберек) байлап, тәу еті, тағзым жасау әдеті бар. Бірақ «оның жанына барма» деп 
тиым салатыны – «оның маңында жын-шайтандар жүреді» деп сенуге және оның 
әулиелік дақпырты алысқа кетсе де, маңында пиғылы жаман адамдардың да бола-
тыны бар деген түсінікке байланысты [6]. 
Қазақ халқы үшін арпа, бидай, тары, жүгері, сұлы т. б. дәнді-дақылдар тоқ-
шылықтың символы болған. Солардың ішінде бидай мен тарыға қатысты тілдік 
бірліктер тілімізде өте көп кездеседі. Мысалы, бидай өсімдігінің қазақ танымында 
алатын орны зор екендігі тілде былайша көрінеді: Арпа, бидай ас екен, алтын, 
күміс тас екен; Соқыр тауыққа бәрі бидай; Досыңа арпа алып келсең, бидай алып 
қайт; Бидай арқасында қарамық та су ішеді; Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет