Мақсаты:Насекомдардың аяқтарын және құрылысын сипаттап, морфофункциональдық әр түрлілігін көрсету.
Тапсырма: Насекомадардың әр түрлі типті аяқтарының құрылысын қарап, бунақтық бөлімдерге бөлшектеу және мән бере отырып суретін салу. Әр түрлі қанаттарды қарап, талшықтануының схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып суретін салу.
Құралдар:Әр типті аяқтардың және қанаттардың құрылысы бар дайын препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме: Препараттардың көмегімен аяқтардың келесі мүшелерін ( жамбасша, ұршық бас, сан сирақ,табандарын) қарау қажет. Насекомдардың аяқтарының функциясы өзгерген сайын мүшелерінің құрылысы да өзгеретінің байқаған жөн. Қанаттарын сипаттай отырып, оның жүйкеленуін және әр отрядтарың жүйкелену схемасына көңіл аударыңыздар. Жүйкеленуіне байланысты қарапайым және жоғарғы отрядтарды және олардың қанаттарының талшықтануын анықтаңыздар.
Сұрақтар.
1.Насекомдардың аяқтарының әр түрлі болуы және ол неге байланысты?
2.Насекомдардың қанаттарының пайда болуы
3..Эволюция процесінде насекомдардың қанаттарының талшықтануының өзгрістері
30-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Насекомдардың ішкі құрылысы
Тип Arthropoda – Буыныаяқтылар
Тип тармағы Tracheata – Кеңірдектыныстылар
Класс Jnsecta – Насекомдар
Класс тармағы Ectoqnatha – Ашықжақтылар
Отряд Orthoptera – Тікқанаттылар
Отряд Coleoptera – Қоңыздар мен қаттықанаттылар
Мақсаты: Насекомдардың ішкі анатомиялық құрылысымен танысу
Тапсырма:Насекомдарды сойып, ішкі органдар системасын көріп, мән бере отрып, суретін салу.
Құралдар: Инъекция арқылы фиксацияланған насекомдар (шегіртке, жасыл шегіртке, қара тарақан, қоңыз).
Тапсырмаға түсініктеме: Сою әдісі (насекомдарды арқа жағынан сою). Алдын ала парафині бар табақшаға түйреуішпен қалаған объектіні екі бүйір жағынан қайшымен кесіп, сонан сон хитин жабылғышын абайлап алып тастау керек. Ішкі органдарының ең алдымен жүрегін, сонан соң қалаған ішкі мүшелер жүйесін қараған жөн. Стигма тесігінің трахеяларын, теспираторлық бұлшық еттерін, ас қорыту жүйесінің бөлімдерінің, жыныс мүшесі органдарының бездерін қараңыздар, шегін бір шетке алып қойып, жүйке тізбеін табыңыздар.
Сұрақтар.
1.Насекомдардың тыныс алуы. Оларда респираторлы-моторлық аппарат бар ма?
2. Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?
3. Насекомдардың зәр шығару жүйесі немен беліленген?
4. Ас қорыту жүйесі неше бөлімнен тұрады?
5. Насекомдарда жүрек бар ма? Бар болса оның құрылысы және қан айналу жүйесі қандай типті?
6. Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады? Сезім мүшелері қалай жетілген?