6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар



бет2/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
file-1533

4-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Колониальді талшықтылар.
Патшалық тармағы Protozoa –Қарапайымдылар
Тип Sarcomastiqophora – Cаркомастигофоралар
Класс Mastigophora – Талшықтылар
Класс тармағы Phytomastigina – Өсімдік тектес талшықтылар
Отряд Phytomnadina – Фитомонадалар
Өкілі Volvox sp. – Вольвокс
Мақсаты: Колониальді талшықтылардың құрылысымен танысу.
Тапсырма: Шар тәрізді вольвокстың колониясымен танысып,клеткаларының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференцциялануына көңіл аудару.
Құралдар:Фиксацияланған вольвокстер,тұрақты препараттар.
Тапсырмаға түсіңіктеме: Вольвокстің колониясындағы соматикалық және генеративті клеткаларының өлшемдерін салыстыру.Вольвокстің суретін салу.
Сұрақтар:
1.Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлініуі нені көрсетеді?
2. Вольвокстің көбеюі және олардың эмбриогенезі бар ма?
3. Вольвокстің жынысты және жыныссыз жолмен көбеюіндегі айырмашылықтары.
4.Талшықтылардың маңызы.


5-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Грегариналардың құрылысымен даму циклі.
Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар
Тип Sporozoa – Споралылар
Класс Gregarinina – Грегариналар
Отряд Eugregarinida – Нағыз грегариналар
Өкілі Hyrmocystis sp.
Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу.
Тапсырма: Ұн қонызының личинкасын сойып, ішегінен уақытша препарат дайындау.Микроскоптың көмегімен препараттан грегариналарды табу. Грегариналардың құрылысымен,даму циклімен танысып,суретін салу.
Құралдар: Ұн қоңызының личинкаларының тірі грегариналары.
Тапсырмаға түсініктеме:Уақытша препаратты дайындау әдісі: ұн қоңызының личинкасының басын және артқы денесінің ұшын кесіп, пинцетпен ішегін шығарып алып, әйнекке салу керек.Ішекті ұзындығынан жарып, су тамшысын тамызып, жапқыш әйнекпен жауып, микроскоп арқылы грегариналарды табу керек.
Грегариналардың құрылысымен танысып, трофозоид және сизигий кезеңдерінің суретін салу. Грегариналардың даму циклін анықтап оқып, схемасын сызу.
Сұрақтар:
1.Грегариналардың құрылысының ерекшеліктері.
2.Грегариналардың даму цикліндегі гамонтоциста және сизигий дегеніміз не?
3.Спорогония мен гаметогония дегеніміз не?
4.Редукциялық бөліну қай кезеңнен кейін болады?
5.Грегариналардың даму циклінде қандай ерекшеліктер бар?
6.Паразитизм дегеніміз не?
7.Бір клеткалық организмнің құрылысына және даму цикліне паразиттік өмір сүруі қандай өзгерістер береді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет