6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар



бет24/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
file-1533

38-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрылыстарымен теңіз жұлдыздары арқылы танысу.
Бөлім тармағы Deuterostomia- Екінші ауыздылар
Тип Echinodermata- Тікентерілілер
Тип тармағы Eleutherozoa- Элеутерезоялар
Класс Asteroidea -Теңіз жұлдыздары
Өкілі Asterias rubens- Теңіз жұлдызы
Класс Echinoidea- Теңіз кірпілілері
Класс тармағы Regularia- Дұрыс кірпілілер
Өкілі Strongylocentrotus sp.- Теңіз кірпісі
Мақсаты: Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аударған жөн. Теңіз жұлдызын сойып ішкі органдарының құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерініңи сыртқы құрылысымен танысқанда сауытының құрылысын зерттеп білу керек.
Құралдар: Фиксацияланған теңіз жұлдыздары, теңіз кірпілері.
Тапсырмаға түсініктеме: Лупаның көмегімен теңіз жұлдызының сыртқы құрылысымен танысып, мадрепор пластинкасын, ауыз және аналь тесігін, терінің қосалқы мүшелерін, амбулакральдық аяқтарын табыңыздар. Теңіз жұлдызын сойып, амбулакральді және ас қорыту жүйесін, скелет пластинкасына қарап мән бере отырып, суретін салу қажет. Теңіз кірпілілерінің құрылысын анықтап, суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1.Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай? Ол неге байланысты?
2.Амбулакральді жүйесі қалай орналасқан? Оның функциясы?
3.Амбулакральді жүйесі қалай пайда болады?
4.Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады?
5.Тікентерілілердің қан айналу және жүйке жүйесінің орналасу тәртібі қалай?
6.Ересек тікентерілілердің билатеральды симметриясы неден көрінеді?
7.Тікентерілілердің эмбриональдық дамуының ерекшеліктері
8.Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады?
9.Ұрықтану және өсіп-өну ерекшеліктері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет