33-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Моллюскалар яки жұмсақденелілердің сыртқы және ішкі құрылысымен тіссіз моллюскалар арқылы танысу.
Тип Mollusca - Моллюскалар
Тип тармағы Conchifeta - Бақалшақтылар
Класс Lamellibranchia - Тақтажелбезектілер
Отряд Eulamellibranchia (Bivalvia) – Нағыз тақтажелбезектілер
Өкілі Anodonta sp. – Тіссіз моллюска
Мақсаты:Тақтажелбезектілер мен жұмсақденелілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Тапсырма: Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аударыңыз. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.
Құралдар:Фиксацияланған тіссіз моллюскалар, глохидиялар моллюскалардың дернәсілі.
Тапсырмаға түсініктеме: Бақалшақтың сыртқы құрылысына қарап отырып, қосжақтаулылар формасын, лигаментін, өсу тармағын, алдыңғы, артқы, арқа-құрсақ жағын қөріңіздер. Бақалшағын ойып, тіссіздің денесін пинцетпен алып, жалпы құрылысын, жиырылғыш немесе қақпалық бұлшық етінің орналасуын көріп, суретін салыңыздар. Союдың алдында мантиясына, сифондарына, желбезегіне және аяғына көңіл бөлген жөн. Скальпельдің көмегімен тіссіздің денесін аяқтан бойлай жүрек қалташасына дейін кесіп, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жыныс, жүйке жүйесінің құрылысын анықтап, микроскоптың көмегімен глохидиаларды қарап, мән бере отырып суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
Тақтажелбезектілер моллюскалардың бақалшағының құрылысы қандай?
Мантия комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?
Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олар қалай қоректенеді?
34-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Құрсақаяқты моллюскалардың сыртқы және ішкі құрылысымен жүзім ұлуы арқылы танысу.
Тип Mollusсa –Моллюскалар
Тип тармағы Conchifera – Бақалшақтылар
Класс Gastropoda - Құрсақаяқтылар
Класс тармағы Pulmonata - Өкпелілер
Отряд Stylommatophora - Сабақшакөзділер
Өкілі Helix pomatia – Жүзім ұлуы