28-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Насекомдардың ауыз аппараттары
Тип Arthropoda – Буыныаяқтылар
Тип тармағы Tracheata – Кеңірдектыныстылар
Класс Jnsecta – Насекомдар
Класс тармағы Ectoqnatha – Ашықжақтылар
Отряд Orthoptera – Тікқанаттылар
Отряд Coleoptera – Қоңыздар
Отряд Lepidoptera – Көбелектер
Отряд Hymenoptera – Жарғаққанаттылар
Отряд Diptera- Қосқанаттылар
Мақсаты: Насекомдардың негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу.
Құралдар: Алуан түрлі фиксацияланған насекомдардың ауыз аппаратының тұрақты препараттары.
Тапсырма: Қарапайым және арнайы ауыз аппаратының құрылысын көріп, суретін салу.
Тапсырмаға түсініктеме: Насекомдардың әр түрлі ауыз аппаратының құрылысын қарау. Лупаның көмегімен кеміргіш ауыз аппаратын қарап, жоғары және төменгі ерін, максилла, мандибуллаға бөлшектеу керек. Препараттардың көмегімен әр түрлі ауыз типтеріне көңіл бөліп, суреттерін салу керек ( араның-кеміргіш-жалағыш ауыз аппараттары, масаның тесіп сорғыш, көбелектің – сорғыш, үй шыбынының- жалағыш ауыз аппараттары)
Қорытынды ретінде салыстырмалық талдау жасап, ұқсастықтарын және айырмашылықтарын көрсетіп, суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1.Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?
2. Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?
3.Тесіп сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?
4.Қай ауыз аппараты қарапайым және оның себебі неліктен?
29-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Насекомдардың көкірек аяқтары мен қанаттарының құрылысының типтері.
Тип Arthropoda – Буыныаяқтылар
Тип тармағы Tracheata – Кеңірдектыныстылар
Класс Jnsecta – Насекомдар
Класс тармағы Ectoqnatha – Ашықжақтылар
Отряд Orthoptera – Тікқанаттылар
Отряд Coleoptera – Қоңыздар
Отряд Hymonoptera- Жарғаққанаттылар
Отряд Hemiptera – Қандалалар, жартылай қаттықанаттылар
Отряд Diptera – Қосқанаттылар
Отряд Odonata – Инеліктер
Отряд Neuroptera – Торқанаттылар