Сараптау нәтижелері, сарапшының сараптау жүргізу барысында жұмыс дәптеріне жасаған жазбалары, негізіңде ресімделеді. Сараптау актісі қосымшасы бар бірыңғай формадағы бланктарға /контрактылық сараптаулар/ немесе сараптаудың басқа түрлері үшінші бланк формаларына кедендік, консультациялық, бағалық/ жазылады. Сараптау актісінің түп нұсқасын сарапшы өз қолымен немесе басу құралына анықтап, сөздерді қысқартпай /жаппай қабылданғаннан басқа/, қатесіз, түзетусіз жазуы тиіс. Сараптау актісі үш беліктен тұрады: хаттамалық, анықтамалық және қорытынды. Сараптау актісін жасағанда, сарапшы акт формасының тиісті бап сұрақтарын толтырады. сараптау актісінің хаттамалық бөлігі Басқы бөлікте нарядтың тіркеу нөміріне сәйкес келетін сараптау актісінің он орынды нөмірі көрсетіледі. сарапшы бір тапсырыс берушінің бірнеше тауар тобына бір наряд бойынша жүргізілген сараптау нәтижелерін жеке актілермен ресімдейді. Мұндағы тіркеу нөмірі бөлшек арқылы айқындалады, бөлімде нарядтық тіркеу нөмірі, алымда-актінің реттік нөмірі көрсетіледі. сараптау актісінің хаттамалық бөлігіндегі баптарда сарапшы баптың аты жөніне сәйкес келетін мәліметтерді көрсетеді. сараптау актісінің анықтамалық бөлігі сараптау актісінің хаттамалық бөлігінде келтірілген кұжаттардың зерттеу барысы сипатталып, әдістер баяндалады, қойылған мақсатка сәйкес сараптаудың /тексерудің, зерттеудің, есептеулердің т.б./ нақты нәтижелері орын алады, тауарды тексерудің басталған және аяқталған ай, күні /жаңа жемістер мен көкөністер, ағаш материалдарын сараптау кезінде сағат уақыты/ қойылады, Сараптау актісінің анықтамалық бөлігіне сарапшы мен сараптау жүргізуге қатысқан мекеменің өкілі қол қояды. Актінің мазмұнымен мекеме өкілдері келіспеген жағдайда олар сараптау актісіне қосымша ретінде берілген ереже пікірге сілтеме жасай отырып қол қояды. Тапсырыс берушінің өкілі қол қоюдан және де жазбаша түрде ерекше пікір беруден бас тартса сарапшы олардың қолынсыз сараптау актісін ресімдеп, тиісті түсініктеме келтіреді. Сарапшының тұжырымы Тұжырымда сарапшы қойылған мақсатқа жауап ретінде қорытынды жасауы тиіс. Тұжырым қысқа да нақтылы, талассыз да объективті мәліметтерге негізделген, сараптаудың қосымша түсініктемесін қажет етпейтіндей анық, актінің анықтамалық бөлігінің мазмұнына сәйкес болуы керек. Тұжырымдамаға тек қана сарапшы қол қояды. Сараптау актісін машинкаға немесе компьютерде басады. Басылым /дана/ саны тапсырыс берушімен келсіледі. Актінің барлық данасы жақсы оқылатын болуы керек. Сараптау актісі және оның қосымшасы мөрмен расталады. Сараптау актісін хаттамалық немесе анықтамалық бөлігіндегі түзетулер сарапшы-ның және тапсырыс берушінің өкілдерінің қолымен куәландіріледі. Сараптаудың басқа актілеріне сарапшы қол қояды. сондай-ақ сараптау актісінің тұжырымдамасына енгізілген түзетулер тек қана сарапшының қолымен расталады.