2. Майлардың қанықпау дәрежесін анықтау Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар: Пробиркалар, штативтер.
Бром суы.
Өсімдік майлары.
Жұмыстың орындалу барысы. Пробиркаға 0,5-1 мл май, оның үстіне 0,5-1 мл бром суын қосып, араластырады. Бром суы түссізденеді.
Жұмыстың қорытындысын жазу:
3. Майлардың йодтық санын анықтау Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар: 1. 250 мл-лік колбалар, бюреткалар, колбалардың ауызын жабатын тығындар.
2. 0,2 н йодтың спирттегі ерітіндісі, 0,01 н натрий гипосульфитінің ерітіндісі (натрий тиосульфаты – Na2S2O3), 0,5%-тік крахмал ерітіндісі, этил спирті, дистильденген су.
3. Жануар, өсімдік майлары, сары май.
Жұмыстың орындалу барысы: Сыйымдылығы 250 мл және жақсы тығындалатын 2 колбаның біреуіне зерттелетін майдың 0,05 г-ын (егер май сұйық болса, онда оның 2 (0,05 г) тамшысын алады) салып, оны еріту үшін үстіне 5 мл этил спиртін құяды. Екінші колбаға майдың орнына 2 тамшы дистильденген су мен этил спиртін құяды (бақылау колбасы). Осыдан кейін екі колбаға бірдей 0,2 н йодтың спирттегі ерітіндісінен 2,5 мл, оның үстіне 20 мл-ден дистильденген су қосып шайқайды да, колбаның екеуінің де ауызын тығындап 5 минутқа қояды. Уақыт өткен соң колбалардағы ерітінділерді 0,01 н натрий гипосульфитінің ерітіндісімен әлсіз сары түс пайда болғанға дейін титрлеп (жұмсалған гипосульфиттің көлемін жазып алу керек), одан кейін 1 мл 0,5%-тік крахмал ерітіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді. Жұмысты екі рет қайталап жасаған дұрыс.
Майдың йодтық санын мына формула бойынша есептейді:
(а - б) • 0,00127 • 100
Йодтық сан
=
-----------------------------
С
Мұнда:
а – тәжірибе колбасындағы ерітіндіні титрлеуге жұмсалған натрий гипосульфиті ерітіндісінің мөлшері (мл);
б – бақылау колбасындағы ерітіндіні титрлеуге жұмсалған натрий гипосульфиті ерітіндісінің мөлшері (мл);
0,00127 – гипосульфит ерітіндісінің йодқа сай титрі;
С – тәжірибеге алынған майдың мөлшері (г).