Жұмыстың қорытындысы:
8 зертханалық сабақ
Моносахаридтерге сапалық реакциялар.
1. Ф е л и н г р е а к ц и я с ы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Спиртовка, пипеткалар, пробиркалар, штативтер.
2. 4 %-тік күкіртқышқыл мыс (CuSO4), сегнет тұзының сілтілі ерітіндісі, 1 %-тік глюкоза ерітіндісі.
Ф е л и н г р е а к т и в і н д а й ы н д а у:
Фелинг реактиві екі ерітіндіден тұрады:
Бірінші ерітінді – 4 %-тік күкіртқышқыл мыс (CuSO4).
Екінші ерітінді – сегнет тұзының сілтілі ерітіндісі. Тәжірибе алдында екі ерітіндіні тең көлемде өлшеп алып, араластырады.
Жұмыстың орындалу барысы:
Екі пробирканың біріншісіне 1 %-тік глюкоза ерітіндісінің 3-4 мл-ін, ал екінші пробиркаға дәл сонша 1 %-тік сахароза ерітіндісін өлшеп алып, олардың әрқайсысына 3-4 мл-ден Фелинг реактивін қосады. Пробиркаларды жайлап, қайнағанға дейін қыздырады. Ерітінді суыған соң екі пробирканың біреуінде мыстың мыстың шала тотығы тұнбаға түседі.
Жұмыстың қорытындысын жазу:
2. Т р о м м е р р е а к ц и я с ы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Спиртовка, пипеткалар, пробиркалар, штативтер.
2. 1 %-тік глюкоза ерітіндісі, 5 %-тік күкіртқышқыл мыс (CuSO4), 5 %-тік NaOH.
Жұмыстың орындалу барысы: Пробиркаға 1 %-тік глюкоза ерітіндісінің 3-4 мл-ін өлшеп алып, оған 1-2 мл 5 %-тік NaOH және бірнеше тамшы 5 %-тік CuSO4 ерітінділерін қосады. Ерітінді көк түске боялады. Осыдан кейін пробиркаларды жайлап қыздырғанда сары түсті мыс гидроксиді түзіледі, ал ерітінді суыған соң тұнбаның түсі қызыл түске өзгереді, яғни мыс гидроксидінен мыстың шала тотығы түзіледі.
Жұмыстың қорытындысын жазу:
Достарыңызбен бөлісу: |