6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары


Н и л а н д е р р е а к ц и я с ы



бет13/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

3. Н и л а н д е р р е а к ц и я с ы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Спиртовка, пипеткалар, пробиркалар, штативтер.
2. 1 %-тік глюкоза ерітіндісі, Ниландер реактиві.
Жұмыстың орындалу барысы: Глюкоза ерітіндісінің 2 мл-не Ниландер реактивінің 1 мл-ін қосып қайнатады. Пробиркадағы қоспа алғаш қоңыр, сонан кейін қара түске боялады. Біраз уақыттан соң қара түсті висмут тұнбаға түседі.
Жұмыстың қорытындысын жазу:


4. М е т и л е н к ө г і м е н р е а к ц и я
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Спиртовка, пипеткалар, пробиркалар, штативтер.
2. Глюкозаның сілтіленген ерітіндісі, метилен көгі.
Жұмыстың орындалу барысы: Пробиркаға 1-2 мл сілтіленген глюкоза ерітіндісін және оған 3-4 мл метилен көгін қосып қыздырғанда, метилен көгі түссізденеді. Осыдан кейін пробирканы бірнеше рет сілкісе, ерітінді қайтадан көк түске боялады. Бұл өзгеріс метилен көгінің ауамен әрекеттесуінің нәтижесінде болады. Біраз уақыттан соң ерітінді қайтадан түссізденеді. Бұл процесс ерітіндідегі барлық қант толық тотығып болғанға дейін жалғаса береді.
Жұмыстың қорытындысын жазу:


9 зертханалық сабақ.
Дисахаридтерді анықтау. Декстрин шкаласын алу
1. Сахарозаны гидролиздеу
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Су (құм) моншасы немесе электр плиткасы, пробиркалар, штативтер, лакмус қағазы.
2. 2%-тік сахароза ерітіндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің (NaOH) ерітіндісі, тұз қышқылы.
Жұмыстың орындалу барысы:
Пробиркаға 3-4 мл 2%-тік сахароза ерітіндісін құяды да, оның үстіне 2-3 тамшы тұз қышқылын қосып, 10-15 минут қайнатады. Суыған соң лакмус қағазының көмегімен пробиркадағы сұйықты 10%-тік NaOH ерітіндісімен бейтараптандырады.Осыдан кейін бейтараптандырылған ерітіндіні үш пробиркаға 1 мл-ден құяды да, Фелинг, Троммер, Ниландер реакцияларын жасайды (кесте). Сахарозаның гидролизденгенін пробиркада түзілген қызыл тұнба бойынша анықтауға болады.



Проб.


Дисахарид

Сахарозаның пробиркадағы
көлемі (мл)

Реакциялар

Тұнбаның түзілуі (түсі) немесе түзілмеуі

1

Сахароза

4

Фелинг реакциясы




Троммер рекциясы




Ниландер реакциясы








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет