6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет18/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Жұмыстың қорытындысын жазу:


2. Б е л о к т а р д ы а н ы қ т а у
Белоктарды Биурет және Миллон реакцияларымен анықтайды.
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Пипеткалар, пробиркалар, штативтер, спиртовка.

  2. 5 немесе 10%-тік натрий сілтісі (NaOH), 1 %-тік CuSO4, Миллон реактиві.

  3. Нуклеопротеидтердің гидролизаты (6.1.2. жұмыстағы).

Жұмыстың орындалу барысы:
А. Биурет реакциясы (белоктарға сапалық реакция). Пробиркаға нуклеопротеидтердің гидролизінен алынған ерітіндінің (6.1.2. жұмыстағы) 1 мл-ін құяды да, лакмус қағазын пайдалана отырып, оны натрий сілтісімен бейтараптандырады. Алынған ерітіндінің үстіне тағы да 4-5 тамшы натрий сілтісінің ерітіндісін қосып араластырады, осыдан кейін оған 2-3 тамшы күкірт қышқылды мыс ерітіндісін тамызады. Пробиркадағы сұйықты араластырғанда ерітіндінің түсі, биурет реакциясына тән, қызғылт немесе күлгін түске боялады (Е с к е р т у: егер нуклеопротеидтер құрамындағы белоктардың сандық мөлшерін анықтау керек болса онда 2.6. жұмыстағы (20 бет) әдісті қолдануға болады).
Б. Миллон реакциясы. Екінші пробиркаға гидролизденген ерітіндінің 1 мл-ін құйып үстіне 0,3 мл Миллон реактивін қосады. Қоспаны қыздырған кезде пробиркада қызғылт немесе қызғылт-қоңыр түсті тұнба түзіледі.
Жұмыстың қорытындысын жазу:


3. П е н т о з а л а р д ы (көмірсуларды) а н ы қ т а у
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Пипеткалар, пробиркалар, штативтер, спиртовка.

  2. 5 немесе 10%-тік натрий сілтісі (NaOH), Фелинг реактиві.

  3. Нуклеопротеидтердің гидролизаты (6.1.2. жұмыстағы).

Жұмыстың орындалу барысы:
Пробиркадағы гидролизденген ерітіндінің 1 мл-ін натрий сілтісінің ерітіндісімен бейтараптандырып (6.1.2.1. жұмыстағыдай), ортаны сілтілендіру үшін, пробиркаға тағы да 2-3 тамшы натрий сілтісінің ерітіндісін тамызады. Қоспаға бірдей мөлшерде Фелинг реактивін қосады да, шайқап араластырып, қыздырады. Реакция нәтижесінде мыстың сарғыш қызыл шала тотығы тұнбаға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет