6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет19/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

Жұмыстың қорытындысын жазу:


14 зертханалық сабақ
Өсімдік ұлпаларында аскорбин қышқылының сандық мөлшерін анықтау.
Аскорбин қышқылының тотықсыздандырғыш қасиетін анықтау.
Витаминдерді (А, Д, К, Е) анықтаудың сапалық реакциялары.



  1. С витаминіне сапалық реакциялар

1. Б е р л и н к ө г і н і ң т ү з і л у р е а к ц и я с ы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Пипеткалар, пробиркалар, штативтер, фарфор келісі мен келсабы, шыны құмы.

  2. 5%-тік калий феррицианиді K3[(FeCN)6] ерітіндісі, 1 %-тік хлорлы темір (FeCI3) ерітіндісі.

3. Итмұрын, немесе құрамында С витамині бар кез келген өсімдік.
Жұмыстың орындалу барысы.
Пробиркаға 5 тамшы 1%-тік итмұрын (немесе құрамында С витамині бар кез келген өсімдік шырыны) ерітіндісін, оның үстіне 1 тамшы 5%-тік феррицианид ерітіндісін және 1 тамшы хлорлы темір ерітіндісін құяды. Қоспаны араластырғаннан кейін пробиркадағы ерітінді жасыл-көк түске боялады да, берлин көгінің көк тұнбасы түзіледі.
Жұмыстың қорытындысы:


2. Й о д п е н р е а к ц и я.
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Пипеткалар, пробиркалар, штативтер, фарфор келісі мен келсабы, шыны құмы.

2. Люголь ерітіндісі (йодтың йодты калийдегі ерітіндісі), С витаминінің 0,05%-тік ерітіндісі.
3. С витаминінің таблеткасы, итмұрын немесе құрамында С витамині бар кез келген өсімдіктің жемісі.
Жұмыстың орындалу барысы.
Итмұрынның, шамамен, 0,5 г жемісін (құрғақ болса оның 1-2 жемісін ұнтақ күйге дейін үгітеді) фарфор келісінде 0,5 мл 2%-тік тұз қышқылының ерітіндісімен езеді, үстіне 2-3 мл дистильденген су қосады да, қоспаны қағаз сүзгісінен өткізіп, С витаминінің ерітіндісін дайындайды. Таблетка түріндегі С витаминінің ерітіндісін де осындай жолмен дайындайды (ерітінділерді тұз қышқылын қоспай дайындауға болады).
Пробиркаға алдын ала 10 есе сұйылтылған Люголь ерітіндісінің 10 тамшысын құйып, үстіне 5 тамшы 0,05%-тік аскорбин қышқылын немесе 1%-тік итмұрын ерітіндісін қосады. Пробиркадағы ерітіндінің түсі түссізденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет