7-дәріс Тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Мақсаты



бет15/16
Дата28.04.2023
өлшемі222,5 Kb.
#88249
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
14 апта.
Көтеш ақын өлеңдерінен танылатын ақынның өз жаратылысы және өмірінің суреттері.
(1745-1818)
Ақын өлеңдерінен танылатын ақынның өз жаратылысы және өмірінің суреттері. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» өлеңінен танылатын өмір көріністері. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік шындық және құбылмалы дүние философиясы. Ақын шығармаларындағы күнделікті өмір бейнесі. Ақын шығармашылығындағы сатира мен юмордың орны. Ақынның сөз қағысулары мен қағытпалары.
Баянауыл өңірінің тумасы Көтеш ақынның даңқы «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын өлеңі арқылы шыққан. Хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеуші ғалым М.Мағауиннің жазуынша, Көтеш осы өлеңін шығарған кезде он жеті жаста екен.
Ақынның бұл өлеңіне тән кейбір сипаттарды ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясына шолу жасау барысында айтып өткен едік. Негізінде, Көтештің ақындық даңқын шығарған осы өлеңге себепкер болған оқиғаның нақты жай-жапсары белгісіз. Десек те, өлеңнің бірінші шумағын оқи отырып, Мейрам руының Ботақан деген жігіті кісі қолынан мерт болғанын, оның өлімі үшін Абылайды кінәлі санаған жігіттің руластары Хан ордасын қоршай жиылып, құн даулағанын көреміз. Екінші шумақтан аңғарылатын жағдай – Абылай ханның салдырған қаласының өртеніп кеткендігі, сол өрт үшін Мейрам руының Жанай деген адамының кінәланып, қамауға алынғаны, «Мейрам руына жала жабылды» деп ашуланған жұрттың тағы да Хан ордасына келіп, Жанайды босатуды талап еткендігі. Бұл – қос шумақтан тұратын өлеңнен танылатын көріністер.
Алайда өлеңнің нақты мазмұнын айналсоқтап қалмай, өлеңнен көрінетін осы жәйттерге ойлана қарасақ, сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінде орныққан Дала демократиясының көріністерін көрер едік. Демек, бұл жағдай жыраулар мен ақындар поэзиясына тек көркем сөз үлгілері ретінде қараудың аздық ететінін аңғартады. Сол себепті хандық дәуірдегі поэзиялық туындыларға сол дәуірдің бейнесі ретінде қарап, соған орай тереңірек үңіле зерделеу абзал болмақ.
Сондай-ақ, ХVІІІ ғасырда ақындар поэзиясының туып, қалыптасуында өзіндік орны бар Көтеш ақынның өлеңдерінен ел өміріне уақыт енгізген өзгерістермен қатар, оның өзіне ғана тән дара мінезі, көзқарасы, таным-түсінігі, өз өмірі мен күнделікті тірлігінің бейнесі де танылатынын ескеру уәжіп. Ал шығармалардан автордың өзіндік даралық белгілерінің көрініс бере бастауы да – ақындық поэзияға тән сипаттардың бірі.
Заманы бір жыраулар мен Көтеш ақынның айтар ойында айырмашылық жоқ келеді. Бұл тұстағы айырмашылық– айтылар ойды жеткізу тәсілінде. Жыраулар философиясы дидактикаға арқа сүйесе, ақын поэзиясындағы философия реалистік суреттеулер арқылы көрінеді. Осыған орай жыраулар мен ақындар шығармашылығының тағы бір ерекшелігі танылады. Яғни, ақын – өз шындығы арқылы көпке ортақ шындықты бейнелейтін суреткер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет