Байланысты: 7 д ріс Та ырыбы С здерді стильдік ызметіне байланысты т рлер
14-дәріс Тақырыбы: Этимология. Мақсаты: Этимологияның негізгі нысаны мен зерттеу әдістерін, түрлерін танып білу. Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәнін ашып таныстыру. Дәріс жоспары: Этимологияның негізгі объектісі.
Ғылыми және халықтық этимология.
1.Этимология – гректің «шындық», «сөздің негізгі мағынасы» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Этимология белгілі бір тілдегі сөздердің шығу тегін, олардың туыстас тілдердегі сәйкес келетін сөздермен генетикалық байланысын айқындап бейнелейді. Тіл білімінде этимология деген термин екі түрлі мағынаны, біріншіден, этимология сөздің шығу тегі туралы ілім дегенді білдірсе, екіншіден, сөздің шығу тегі деген ұғымның өзін білдіреді. Соңғы мағынасында ол «жайлау сөзінің этимологиясы», «шарықтау сөзінің этимологиясы» түрінде қолданыла береді.
Сөздердің этимологиясын айқындаудың қиындығы барлық сөздерге бірдей қатысты емес. Тіліміздің лексикасында шығу төркіні (этимологиясы) ашық-айқын аңғарылып тұратын сөздер де, этимологиясы өте күңгірт, тарихи тұрғыдан арнаулы зерттеуді керек ететін сөздер де кездесе береді. Мысалы, қолқап деген сөздің қол және қап деген сөздердің бірігуінен жасалынған қаншалықты ашық-айқын аңғарылса, ашудас дегеннің ашу және тас деген сөздерден жасалғаны соншалықты айқын аңғарылады. Ал қарақат, тоқсан, сексен деген сөздердің этимологиясын айқындау оңай емес. Қарақат сөзі қара және қат сөздерден жасалған. Бұл сөздің (қарақат) қат деген сыңары қазақ тілі мен ойрат, тува тілдерінде және хақас тілінің диалектісінде «жеміс» деген мағынаны білдіретін екі сөзден жасалған.
2. Ғылыми этимология – сөз төркіні, морфемалар тарихын, дамуын дәл анықтап, көз жеткізе, көңіл сендіре ғылыми түрде түсіндіру. Халықтық этимология – кейбір адамдардың кейбір сөз мағынасын өзінше тұспалдап, өзінше топшылау жасап түсініктеме беруі.
Қазақ тіл білімінде этимологиялық зерттеулер соңғы жиырма шақты жылдан бері ғана қолға алынып келеді. Соның бір айғағы - қазақ тілінің «Қысқаша этимологиялық сөздігінде» (1966) 337 сөздің шығу төркіні (этимоны) талданған. Олардың көпшілігі қазақтың төл сөз. Сөздікте қазақ тіліне иран, араб, манғол, орыс тілдерінен енген кейбір сөздердің шығу төркініне де талдау жасалған.