Тампонды оң қолыңызға алып, көздің қабағын сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз, қатқан іріңді жібіту үшін.
Осы бағытта жұмсартылған ірің қабаттарын түсіру үшін көз қабағын құрғақ тампонмен сүртіңіз.
Дәке тампонын фурациллин ерітіндісіне батырып осы бағытта сүртуді қайталаңыз.
Көз ірің қабықшаларынан тазарғанша сүртуді әртүлі тампонмен 4-5 рет қайталаңыз.
Көз бұрышында іріңді бөлінді пайда болғанда:көздің қабағын сол қолдың сұқ саусағымен және бас бармағымен ашып тұрып, оң қолмен тамызғыш арқылы физиологиялық ерітіндімен сулаңыз.Содан кейін құрғақ тампонмен алдыңғыдай бағытта сүртіп алыңыз.
Екінші көзін де осы тәсілмен жуып тазалаңыз.
Қолғапты шешіңіз.
14.Қолданылған қолғапты және тампонды Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдысқа салыңыз, пинцет, мензуркаларды, тамызғышты дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
15. Қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту! Екі көзді бір тампонмен тазалауға болмайды, себебі бір көзден екінші көзге инфекция түсуі мүмкін.