Мұрын күтімі
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, мұрын арқылы тыныс алу қызметінің бұзылуын алдын алу, дәрі-дәрмек тамызу.
Қолдануы: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысында сары қабықшалар мен кілегейлі бөліндінің пайда болуы.
Әзірлеңіз:стерильді: мақта турундасы, лоток, пинцет, вазелин майы немесе өсімдік майы, мензуркалар, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты идентификациялау және жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Қолды сұйық сабынмен өңдеңіз,антисептик қолданыңыз, бір реттік қолғап киіңіз.
Науқасты Фаулер жағдайында орналастырып, басын аздап шалқайтыңыз.
Сол қолдың 4 саусағын науқастың маңдайына қойып, бас бармақпен мұрын ұшын көтеріңіз.Мұрын қуысында кілегейлі бөліндінің бар жоғын тексеріңіз.
Мұрындағы кілегейлі бөліндіні жою үшін мақта тампонын жаймен айналдыра отырып кеңсірік қуыстарына енгізіңіз.
Мензуркаға стерильді вазелин майын құйыңыз-мұрын қуысындағы қатқан бөліндіні жібіту үшін.
Турунданы пинцетпен алыңыз. Вазелин майына батырып, мензурканың қабырғасына жаймен сығыңыз.
Турунданы оң қолға алып, айналдыра отырып мұрын қуысына енгізіңіз. 2-3 минутқа қалдырыңыз (егер бөлінді қатқан болса).
Турунданы мұрын қуысынан айналдыра алып тастаңыз-қатқан бөлінді алынады.
Екінші мұрын қуысын да осы ретпен тазалаңыз.
Турунданы Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдысқа, мензурка мен пинцетті дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіңіз,қолды жуып кептіріңіз.
ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ.
СТАНДАРТ
Құлақ күтімі.
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурудың алдын алу, құлықтың жиналуына байланысты есту қабілеті төмендеуінің алдын-алу, дәрі-дәрмек тамызу.
Достарыңызбен бөлісу: |