Ауыз қуысының күтімі Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, стоматит және басқа да ауыз қуысының қабынуларын алдын алу.
Қолдануы: халі ауыр, әлсізденген,төсектік жағдайда жатқан науқастарға.
Әзірле: стерильді :2 лоток, 2 пинцет, тіл ұстағыш, ауыз кергіш, дәке салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці, мензурка; вазелин, дезинфекциялық ерітіндісі бар флакон, сүлгі, суы бар стакан, өңделген материалға арналған лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс,Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасты идентификациялау және жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Науқастың ауыз қуысын, қызыл иегін, тілін мұқият қараңыз.
Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.
Науқасты Фаулер жағдайында орналастырыңыз.
Науқастың басын бір қырындатыңыз, мойны мен кеуде тұсына сүлгі жауып, иегінің астына лоток қойыңыз.
Қолды сұйық сабынмен сумен өңдеңіз,антисептик қолданыңыз,бір реттік қолғап киіңіз.
Науқасқа тістерін қабыстыруды өтініңіз, алмалы – салмалы тістері бар болса, алып тастаңыз.
Науқастың ұртын шпательмен ашып, дезинфекциялық ерітіндіге батырылған дәке тампонымен пинцет арқылы дәке тампонын ауыстыра отырып сыртқы жағынан әрбір тісті, қызыл иектен, түбір тістерден сол жақ кескіш тістерге қарай тазалаңыз.
Осы реттілікпен оң жағын тазалаңыз.
Дәке тампондарын ауыстыра отырып ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді осы реттілікпен ішкі жағынан алдымен сол жағынан, содан соң оң жағынан тазалаңыз.
Науқастың тілін стерилді салфеткамен орап, сол қолыңызбен немесе тіл ұстағышпен ұстап оны ауыздың сыртына қарай шығарыңыз. Шпательге салфетканы орап, тілін түбінен ұшына дейін бір бағытта 2-3 рет салфетканы ауыстыра отырып сүртіңіз.
Дәке салфетканы дезинфекциялық ерітіндіге батырып,ауыр науқастың тілін түбінен ұшына қарайғы бағытта тазалаңыз.
Пинцет, шпатель, тіл ұстағыштарды материалды өңдеуге арналған лотокқа салыңыз.
Науқасқа аузын шаюға көмектесіңіз немесе алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприцінің көмегімен ауыз қуысын сулаңыз. Ауыз қуысын шпательмен тартыңыз кезекпен сол жақ, содан соң оң жақ ұртын шамалы қысымдағы ертінідісі ағынымен шайыңыз.
Ауыз айналасын құрғақ салфеткамен сүртіңіз, стерильді салфеткаға шпательмен вазелин жағып, ерніне жағыңыз.
Пайдаланылған құралдарды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа, дәке салфеткасын, қолғапты Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдысқа салыңыз.
Қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту! Ауыз қуысын суландыру манипулияциясы халі ауыр науқастарда қолданылмайды, себебі жоғарғы тыныс алу мүшелеріне сұйықтық тамып кету әсерінен науқастың тосыннан өлімге әкеп соқтыруы мүмкін