7 Тақырып. Қарт жастағы адамдардың жүйке-жүйесі бұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім. Стрессті жою әдістері



бет2/8
Дата28.09.2024
өлшемі31,25 Kb.
#146081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№7 Қарт жастағы адамдардың жүйке жүйесібұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім

2. Өзін қадірлеу сезімі Науқасқа өзін қадірлеуге көмектесу маңызды. Туысқандар оның аса маңызды нәрсені ұмытып кеткенін немесе өзінің басқаша әрекеттер жасайтынын көрсетіп, кейімеуі керек. Көпшіліктің қателігі мынада: науқас олар үшін толыққанды, сана-сезімі дұрыс адам болудан қалады да, науқастың көзінше оның денсаулық жағдайын талқыға салады, ал бұл науқастың мазасыздығын тудырып, жағдайын нашарлатады. Ашу мен реніш пайда болса, мәселе де қиындай түседі, өйткені науқас жақындарына деген сенімін жоғалтып, өз ішінде тұйықталып қалады.
Қиын жағдайды жеңудің ең тиімді тәсілі – бірге көбірек күлу. Әзіл-қалжың – стрессті жеңудің ең жақсы құралы.
3. Қауіпсіз орта Науқас жадын жоғалтса немесе қозғалыс үйлесімділігі бұзылса, оның зақымдану немесе жарақаттану мүмкіндігі де артады. Сондықтан оның туыстары әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып, үйде мейлінше қауіпсіз орта қалыптастыру керек. қамқорлықтағы адамды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмау;
 шаруамен кету қажет болса, газды өшіру;
 қауіпті электр құралдарды тығып тастаңыз;
 кесетін немесе тесетін құралдарды, дәрі-дәрмекті науқастың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз; тамақты жылыту үшін қысқатолқынды пешті жақсы орнатып қойыңыз; түнде білте шамды жағып қойыңыз;
 науқастың қатты суықтауына немесе ысуына жол бермеңіз, оған ауа
 райы жағдайына сай киім таңдауға және киінуге көмектесіңіз. Бөлменің немесе үйдің жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі керек: терезелерге құлып салып, пәтер немесе бөлме есіктері іштен жабылмайтын болуы керек; науқасқа үйреншікті болып қалған жиһаздардың орнын ауыстырмау;
 жуынатын бөлмеде немесе дәретханада арнайы тұтқалар орнату;
 жуынатын бөлме немесе дәретхана құлпы сырттан ашылуы керек;
 едендер тайғанақ болмай, ондағы кілем-төсеніштер
 жылжымайтындай болуы керек; жиһаз мықты болуы керек.
4. Тығыз байланыс Ауру дамыған сайын науқас пен оны күтуші адам арасындағы қарымқатынас қиындай түседі. Қомқорлықтағы адамға шаршағаныңызды білдірмей, бойыңыздан оны соңына дейін тыңдауға күш табудың маңызы зор. Науқаспен неғұрлым көп қарым-қатынас жасалса, сырқат та соғырлым баяу дамиды. әңгімеге тартып немесе бір нәрсе сұрар алдында, науқастың сізді тыңдап жатқанын тексеріңіз. Егер тыңдамаса, оны қызықтыруға тырысыңыз; науқаспен анық, асықпай сөйлесіңіз. Көзіңізді оның көзінің деңгейінде ұстауға тырысыңыз; сүйіспеншілік пен жан жылуын көрсетіңіз.
Науқасты қайта-қайта, құшақтап, қолын ұстаудан, оған қарап күлімсіреуден қорықпаңыз; науқас жаңылысып жатса да, оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Абайлап, сыпайылықпен оны дұрыс бағытқа салыңыз; оның қандай қимылдарға немесе сөздерге жақсы назар аударатынын анықтап, қарым-қатынас барысында соларды қолдануға тырысыңыз.
Науқас гигиенасы
Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастар жуыну немесе басқа да тазалық шараларын қажет етпейді. Бұл әрекеттердің қалай орындалатынын ұмытатындар да болады. Өз жәрдеміңізді сыпайылықпен, оның намысына тимейтіндей етіп көрсетіңіз. жуыну барысын ұнамды етуге тырысыңыз;
 науқасқа душ немесе ванна қабылдау қажеттілігін сезіндіріңіз.
Егер ол көнбесе, көңіл-күйі өзгергенге дейін біраз күте тұрыңыз; науқасты қимылсыз қалдырмаңыз. Шамасы келгенше барлық нәрсені өзі жасасын; ванна қабылдау барысында пациент қысылмауы үшін, дененің кейбір аймақтарын жауып қойыңыз. Үй жағдайында науқастарды жуынатын бөлмеде орнатылған орындықта жуындырған ыңғайлы. Орындық алдын ала төселген резеңке кілемшеге орналастырылады. Науқасты шешіндіріп, орындыққа отырғызады да, аяқтарын мұқият ванна ішіне өткізеді (егер ваннаның аяқтары өте биік болмаса). Мұндай қалыпта сізге де, оған да ыңғайлы болады.
7. Дәретханаға бару :
Науқастар дәретхананың қайда екенін ғана емес, онда не үшін баратынын да ұмытып қалуы мүмкін. дәретхана есігін үлкен түсті әріптермен белгілеп қойыңыз;
 дәретханаға барудың өзіндік тәртібін орнатыңыз;
 науқастың киімі оңай шешілетініне көз жеткізіңіз, ал егер өзі шеше алмайтын болса, әдептілікпен өз көмегіңізді ұсыныңыз;
 ұйқыға жатар алдында сұйықтық ішуді шектеңіз; егер адам дәретханаға қашан баратынын сезбесе, памперс пайдаланыңыз.


8. Тамақтану
Сырқаттану барысында тамақтанудың маңызы зор екенін ескерсек, күтім жасаушы адамдар келесідей ережелерді сақтауы қажет: науқас қақалып қалмауы үшін, асты майдалап турау керек. Аурудың кейінгі сатысында науқасқа езбе немесе сұйық тағам беріледі;
асты жақсы шайнау керектігін науқастың есіне ұдайы салып отырыңыз; сезу қабілетін жоғалтқан науқас ыстық тамаққа күйіп қалуы мүмкін, сондықтан тамақ жылы болуы керек; науқастың шектен тыс көп мөлшерде тамақ жемеуін бақылаңыз.
9. Егер науқас сандырақтаса Альцгеймер науқастарында галлюцинациялар мен сандырақ ойлар пайда болуы мүмкін. Жиі оларды біреу улап өлтіргісі келетіндей немесе біреу аңдып жүргендей көрінеді. Науқаста көру немесе есті галлюцинациялары болуы мүмкін, сонда ол шын мәнісінде болуы мүмкін емес нәрсені көрдім немесе естідім деп нандыруы ықтимал. ешқашан науқаспен көргені немесе естігені туралы дауласпаңыз; егер науқас үрейге салынып, қорықса, оның қолынан ұстап, басынан сипап тыныштандыруға тырысыңыз; онымен ұстамды әрі жұмсақ, бірақ нық дауыспен сөйлесіңіз; науқастың көңілін басқа жаққа аударуға тырысыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет