Ескертуǃ Пациенттің көзіне ерітіндінің тамбауын қадағалаңыз және шаштың барлық жеріне біртекті жағылуын қадағалаңыз.
Пациенттің шашын полиэтилен орамалмен, дәрінің нұсқауы бойынша белгіленген уақытқа байлап қойыңыз.
Пациенттің басын ақ қағаз үстіне еңкейтіп, алдын ала жиі тісті тарақтың арасына ширатылған мақта өткізіп, сірке суына батыра отырып шашын тараңыз.
Пациенттің шашын қайталап қарап шығыңыз. Бит, сіркенің жоғына көз жеткізіңіз.
10. Мақта мен қағазды спирттік шамға тұтандырып барып, өртеуге арналған шелекке тастаңыз.
11. Пациенттің және медицина қызметкерінің киімін қапқа жинап дезинфекциялау камерасына жіберіңіз, науқасқа пайдаланған заттарды педикулицидті препараттармен өңдеңіз, тарақты 70º спиртпен сүртіңіз.
12. Пациенттің медициналық картасының паспорттық бөліміне педикулез анықталғаннан кейін «Р» белгісі, күні, уақыты және тазалау жүргізген медбикенің қолы қойылады.
13. Педикулезге тексеру нәтижелері бойынша пациентті қабылдау бөлімінде жұқпалы аурулар тіркейтін журналға Ф-060/е тіркеңіз.
14. Қалалық ТҚҚБ-на жедел тәртіппен телефон арқылы хабарлама беріп, 12 сағат ішінде жазбаша түрде Ф-058/е нысанды шұғыл хабарлама жіберіңіз.
15. Педикулез ошағын бақылау мерзімі - 10күнде 1 рет жүргізіледі, педикулез анықталған жағдайда қайтадан санитарлық тазалау жүргізіңіз.
Ескерту! Қажет болған жағдайда шашты қырқып немесе қырып алып тастайды.
ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ.
Стандарт Көз күтімі. Мақсаты: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау, ауыр науқастың көздерін жуу, дәрі-дәрмектерді тамызу.