1. Оқу мен педагогикалық жұмыстардың тәсілдері. 2.Мұғалімдік мамандықтың өсу жолы:педагогикалық білімдердің творчествосы және тәжірибесі. 3.Эмпирикалық зерттеулердің негізгі әдістері. 4.Ғылыми іс- әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.
1. Педагогикалық тәсілдер және оқу үдерісін ұйымдастыру әдістері
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі әрине мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің үнемі ізденуі, тиімді әдіс-тәсілдерді ұйымдастыра отырып, оқыту әдістемесін жаңартып отыруы-заман талабы. Қазіргі уақытта мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдаланып отырса, сабақтың сапалы өтуіне мол септігін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің қолындағы мықты екі қарудың бірі-терең білімі болса, екіншісі-сол білімді оқушы бойына, санасына дарытатын тиімді, пайдалы, қызықты әдіс-тәсілдері болуы қажет. Әдіс дегеніміз-алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалімнің және оқушының бірлесіп, ынтымақтаса жұмыс жасауы.
Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алшылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді.
Практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама ұсынылған.
1.Зерттеушілік тәсілі. Зерттеушілік тәсілі негізінде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу іске асырылады.
Зерттеушілік тәсілі:
- оқу процесінің барлық кезеңдеріне ғылыми зерттеулердің жалпы және жеке әдістерін енгізуді(қабылдаудан практикада қолдануға дейін);
- шығармашылық-ізденіс қызметтерін оқу және оқудан тыс уақытта ұйымдастыруды жобалайды.
Зерттеушілік тәсілі «мұғалім – білім алушы» өзара қарым-қатынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай-ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң уәждеме құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.