7-тақырып. Ғылыми жұмысты қорғауға дайындық. Оқу мен педагогикалық жұмыстардың тәсілдері



бет3/10
Дата05.05.2023
өлшемі53,2 Kb.
#90532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
5. Саралап оқыту тәсілі.
Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды.
Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
6. Құзыреттілік тәсілі.
Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Құзыреттілік тәсілінің басты міндеті білім алушылардың бастамашылдығы мен өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуге деген ынтасы болып табылады.Ол білім алушылардың жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Құзыреттілік тәсілі білім алушылардың білім, білік дағдыларын жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгертуді жобалайды.
7. Жүйелі-әрекеттік тәсілі.
Жүйелі-әрекеттік тәсілі білім алушының оқу әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өздік ұйымдастыру режимінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке-жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады.
8. Коммуникативтік тәсіл.
Оқытудағы коммуникативтік тәсіл - ақпаратты тарату мен жариялау, екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік және дағдымен алмасу. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қарым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.
Оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерге сәйкес қарым-қатынас жасай білуін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалар және шынайы коммуникация шарттарына барабар жұмыс режимі (жұптық және топтық жұмыс) пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет