7-тақырып. Ғылыми жұмысты қорғауға дайындық. Оқу мен педагогикалық жұмыстардың тәсілдері



бет2/10
Дата05.05.2023
өлшемі53,2 Kb.
#90532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Құндылықтарға бағытталған тәсіл.
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.
Құндылықтарды іске асыру құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады.
Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде мінез-құлығы мен іс-әрекеттерін көтермелейді.
Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу белгіленді.
3. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.
Тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оның жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-құлық уәждерінінің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады.
4. Іс-әрекеттік тәсіл.
Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұнында білім алушының білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен қабылдауы жатыр, бұл өз кезегінде оның білімінің, біліктерінің және кең ауқымды дағдыларының белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді.
Білім алушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну», «қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» сияқты категорияларға топтастырылған.
Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше ізденуді, түсіндіруді, талдауды, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет