7-тақырып. Ғылыми жұмысты қорғауға дайындық. Оқу мен педагогикалық жұмыстардың тәсілдері



бет7/10
Дата05.05.2023
өлшемі53,2 Kb.
#90532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
17. Дербес оқыту тәсілі.
Дербес оқу – оқу-тәрбие процесін дараландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бәрі бірдей ортақ қарқынды жұмыс жасау арқылы барлық сыныпқа арналған тапсырманы білім алушының өзіндік орындау іс-әрекетін көрсетеді.
Білім, білік, дағдыларын жетілдіруде және қалыптастыруда өтілген материалды бекітуге дербес оқытуды тиімді пайдалануға болады. Дербес оқытуды тиімді пайдаланғанда әрбір білім алушының белсенді оқу әрекеті қамтамасыз етіледі. Ол әрбір білім алушының жеке қарқынды жұмыс істеуіне; білімде кеткен ақтаңдақтарды жоюға, саралап оқуға, әрбір білім алушының жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатардербес оқыту білім алушының өзіндік бақылауын күшейтеді, өздігінен білім алуының негізі болып табылады.
18. Көркем-эстетикалық циклі пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру барысында көркем-технологиялық тәсіл қолданылады.
Көркем-технологиялық тәсіл материалдар мен құралдардың негізін, композициялық заңдылықтарын, түстердің кіріспе негіздерін, көркем еңбек объектілерін құрастырудың технологиялық реттілігі туралы білімдерін қолдануға бағытталған білім алушының немесе топтың оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Нақты тәсілмен ресімделген іс-әрекеттің нәтижесін, реттілігін, келісілген оқыту әдістерініңкөркем-технологиялық тәсілін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда интерактивті әдістер, инновациялық технологиялар педагогикалық және ақпарат технологияларын оқыту процесінде пайдалануға қызығушылық күннен-күнге артуда. Бұл әдістердің өзіне тән ерекшеліктеріне:

  • Сабақ барысында оқушы белсенді болуға, өз бетінше пікірлесуге, шығармашылық тұрғыдан ізденуге мәжбүр болуы;

  • Оқу процесінде оқушының білімді игеруге деген қызығушылығының үнемі қамтамасыз етілуі;

  • Оқушылардың білімге игеруге деген қызығушылығының еркін түрде әрбір мәселеге шығармашылық тұрғыдан қатынаста болу арқылы артатындығы;

  • Мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің үнемі ұйымдастырылуы. Мұғалімнің сабақ барысында қандай технологияны пайдалануы өтілетін тақырыптың мақсат, міндеттері, мазмұнына және осы тақырып бойынша оқушылардың қалыптастырылуы тиіс болған білімі, іскерлігі, дағдыларына байланысты қарастырылады. Біз сабақ беру барысында оқушының білімін, дағдысын, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін, өзара қарым-қатынасқа еркін түсе алатын, пікір таластыра алатын оқушыларды көргіміз келсе, тиімді, жаңаша, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әдістерді қолданудың маңызы зор екенін айтқым келеді.

  • 2. Дене шынықтыру сабақтарында заманауи білім беру технологиялары. Дене шынықтыру сабақтарында рефлексивті қызметті ұйымдастыру.

Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларын сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Қоғамдағы сауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін сауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отансүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылықсаналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекеткөрнекілік және даралық.
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:

  • Оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;

  • Сабақ барысында әрбір келесі сабақтың ізінше қатпарлы әдіс қалдыруы тиіс, себебі жас оқуышының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі тиіс;

  • Демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретудің толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда:

  • дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру;

  • қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру;

  • әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру;

  • үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру;

Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз – бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.

  • Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барысында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге;

  • Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге;

  • Өзін-өзі реттеуін қалыптастыру;

  • Дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру;

  • Дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту;

  • Психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға тағы басқалары арқылы қол жеткізуге болады [2; 36 бет].

 Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен білім алушының қабілеті, бейімділігі басты назарда болуы керек. Дегенменде, білім алушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырлған сабаққа байланысты. Сондықтан білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихы, спорт түрлері дамыған елдерде, спортың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сондықтан да оқытушы сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі басты назарда болуы қажет.
3. Жаңартылған бағдарлама бойынша мектептегі дене шынықтыру сабағының мазмұны мен құрылымы.
Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы негізінде «Дене шынықтыру» пәнінің мәртебесі артты деуге болады. Мұнда пән белгілі нормативтерге бекітілген талаптар бойынша тек денешынықтырып қана қоюға бағытталмайды. Арнайы педагогикалық тәсілдерге негізделеді. Жеке адамға бағытталған тәсіл арқылы бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкескелетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді. Әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырса, құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді. Сондай-ақ, денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.
Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін аса қажет. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
«Дене шынықтыру» пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінің құрамынада бола отырып, денешынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Осындай жол арқылы болашақта салауатты әлеумет қалыптастыруға болады. Сонымен қатар, денешынықтыру сабағындағы негізгі қағидаттардың бірі – белсенділік. Ол денешынықтыру мен айналысатындардың ойластырылған негізде, терең түсінуін қамтамасыз етіп, дене шынықтыру-спорт шараларына тұрақты қызығушылық мен қажеттілік тудыруға, сондай-ақ барынша белсенді болуға жетелеуге бағытталған.
Бұл қағидатты іске асыру денешынықтыру мен айналысатындардың түрлі жаттығуларды орындау техникаларын біліп, терең түсініп, денешынықтыру үдерісіне саналы және байсалды қарауға көмектеседі.

Белсенділік – адам орындайтын іс-шаралардың өлшемі, оның жұмысқа тартылу деңгейі. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, белсенділік деп білім, білік және дағдыларды саналы түрде игерудің алғы шарттарын, шарттары мен нәтижесін атаймыз. Проблемалық оқыту әдісі теориялық сабақтарда да, тәжірибелік сабақтарда да қолданылады. Мысалы, проблемалық оқыту әдісі қолданылатын сабақта 1-сынып оқушылары тірек-қозғалыс дағдыларын дамыту мәселесін қарастырғанда оларға мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:


Аяқпен неше түрлі жол мен қозғала аласың? Оқушылар бұл қозғалыс түрлерін көрсету керек.
Жоғарыда аталған сабақ түрлерінің барлығына тән ортақ белгілер бар. Олар:
• оқушы мен мұғалімнің арасындағы тығыз қарым-қатынас;
• ойлау қызметі жоғары деңгейде іске қосылған;
• ұжымдық жұмыс түрлері жеке жұмыс түрлері мен бірге қолданылады;
• оқушыларға әсер ететін эмоция деңгейі артады;
• танымдық тұрғыдан оқушылардың дербестігі;
• өзбетінше білім алуға ынталандыру, бұл саралау әдісін іске асыруға мүмкіндік береді;
• оқу үдерісінің тиімділігі артады.
Бұның барлығы оқушы білімінің сапасына қазіргі заман сабағына қойылатын маңызды талаптардың бірі – оқушының денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуын, қимыл-қозғалысқа дайындығын, психикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, саралау және жекешелендіру тәсілін қолданудың маңызы зор. 
Саралау және жекешелендіру тәсілі денешынықтыру саласында жоғары нәтижелері бар балалармен қоса, бұл саладағы нәтижелері төмен балалар үшін де маңызды. Әдетте қимыл-қозғалысқа білетінің нашар дамуы оқушының бұл сабақта үлгерімінің төмен болуының басты себебі болып жатады. Ал орташа оқушыға есептелген сабақта деңгейі жоғары оқушыға қызықсыз болады. Оның үстіне, денешынықтыру сабағында балалар негізгі, дайындық және арнайы топ деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырмаларды да, сабақ мазмұнын да, оқу материалын игеру қарқынын да, нәтижелерді бағалауды да саралау қажет.
Дене шынықтыру сабағында оқытуды тиімді түрде саралай білу әркімге білім бере отырып, оларды лайықты әрі шабыттандырушы түрде жұмылдыруға жол ашады.
Оқушыларының ішкі уәжін арттыру үшін бір қатар педагогикалық оқыту тәсілдерін қолдануға болады. Мысалы: Оқушылардың қызығушылығын туғызып, олардың қажеттіліктері мен ұмтылысына сайкелетін тапсырма орындауды қамтитын жаттығуларды әзірлеу және жетілдіру. Бұл оқушылардың спортшыларды тануына мүмкіндік береді. Олардың сынып қабырғасынан тыс дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тәжірибесі қандай? Олардың білетіні және қолынан келетіні мен істегісі келетінінің арасында қалай байланыс орнатуға болады? Мұны оқытуға қалай тиімді кіріктіре алуға болады? Сондай-ақ, мұғалім оқушылар өздері баратын секцияда үйренген дағдыларын көрсетуді өтіне алады.
Табысқа жетуге арналған ортаны қалыптастырыңыз. Барлық оқушылардың сіздің қажет болған жағдайда өзгерту енгізіңіз. Сондай-ақ оқушылардың оқу мақсатын түсінетіндігіне, олардың сабақтан шыққан кезде өздерінің спорта қандай да бір жетістікке қарай ілгерілегенін сезінетініне көз жеткізіңіз. Сабақта белсенді оқыту тәсілдері қолданылуы үшін сабақтың мазмұнын өзгерту.
Оқушыларды оқыту мен оқудың жаңа әдістерімен қызықтырыңыз. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың арасын байланыстырады, сонымен қатар, жақсы кері байланыс үшін жағдай жасап, оқытуға қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Оқушылар сізді спортшы ретінде қабылдауы үшін, әрдайым модельдер құрыңыз көрсетілімдер жасаңыз.
Ынтымақтастық ортасындағы топтық жұмысқа ынталандыру керек. Балалар спортты қазірдің өзінде жақсы көреді, сіздің міндетіңіз – олардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыратүсу.
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Олар – жалпы қолданылатын техникалар әдетте, «сыртқы» уәжнемесе «оқукерек» деген талаппен байланыстырылады. Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын пайдалануға сақтық пен қараған жөн, себебі олар ішкі уәжді төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, оқушыларда төмендегідей сезім тудыруы мүмкін марапаттардан (әсіресе мақтаудан), жаза немесе кері байланыстан аулақ болған дұрыс:
• тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
• тапсырманы аяғына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
• тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекететіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну;
• өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Бастапқы ішкі уәж төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрмет пен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлқының болмауы, негізінен, мұғалімнің оның уәжін оята алмауының салдарынан болады. Мұғалім қызметінің аса маңызды қыры – оқушылардың уәжін анықтауға көмектесетін көптеген факторларды түсіну.
Сонымен, жаңарту бағдарламасындағы денешынықтыру пәнін оқытудың орны ерекше. Онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңарту бағдарламасы нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.
Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.

4. Дене шынықтыру сабағындағы жеңіл атлетиканың орны


Жеңіл атлетикалық жаттығуларды ерте балалар бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді.
Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор.
Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді.
Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді.
Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады:
-спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі;
- ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы;
- келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы;
- дене тәрбиесі мен спорт саласында маман
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.
Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мамандарын дайындаудағы «Жеңіл атлетика» курсының тапсырмалары мен мазмұны:
Жеңіл атлетика - дене шынықтыру маманын дайындау барысында және осы мамандықта оқымайтын студенттерді дене тәрбиесіне тәрбиелеу барысында оқу тәртібі сияқты маңызды рӛлдердің бірін атқарады.
«Жеңіл атлетика»курсыныңнегізгіміндеттері тӛмендегілер болып табылады:
дене шынықтыру факультетінің студентеріне теориялық білімін меңгерту;
- жеңіл атлетика түрлерінің техникасын үйрену үдерісінде қажетті ептілік пен дағдыларды игеру;
- техникалық элементтерді орындағанда, сенімділікті, қателікті түзете білуді қалыптастыру;
- оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру және үйрету;
- жоғары спорттық нәтижеге жету үшін және қозғалыс техникаларын тиімді үйрену үшін қажетті физикалық сапаны дамыту;
- жеңіл атлетикада бапкерлік қызметтің машықтары мен ептіліктерін қалыптастыру.
«Жеңіл атлетика» курсының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің техникасы, арнайы жаттығулар кіреді.
Жүйелі түрде жеңіл атлетика жаттығуларын үйрету тәсілдері мен техникалары қарастырылады. Спорттық жаттығулармен қатар теориялық және практикалық үлгілері кӛрсетіледі. Жеңіл атлетика курсына қатысқан адамның ӛмірге деген құштарлығы оянып, сал адам ауруын ұмытып кетеді.
5. Дене шынықтыру сабағындағы спорттық ойындарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.
Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. 
Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді. 
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бір қалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.
Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды. 
Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс. 
Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары арқылы қол жеткізуге болады. 
Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.
Дене тәрбиесіндегі ойындар

Жалпы ойындар Спорттық ойындар Ұлттық ойындар


1. Ат спорты:



  1. Аламан бәйге

  2. Бәйге

  3. Көкпар

  4. Аударыспақ

  5. Сайыс 

    1. Қозғалмалы дене шынықтыру ойындары


    2. Ой ойындары


    (Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ т.б.)

    2. Қазақ күресі


    3. Затпен, құралдарды қолдану арқылы ойналатын ойындар


    3. Ителектуалдық ой ойындары: тоғызқұмалақ, хан дойбысы, нарды, дойбы т.б.


    4. Нәресте балалар ойыны

    4. Саяткерлік: құстармен,ит – тазымен т.б.






5. Мал – жануарлар, құстар т.б қолдану арқылы ойналатын ойындар
5. Садақ ату

6. Гимнастика және акробатика дене шынықтыру сабақтарында


Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Денетәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары-ның жиынтығы-гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет