7-тақырып. Ғылыми жұмысты қорғауға дайындық. Оқу мен педагогикалық жұмыстардың тәсілдері



бет9/10
Дата05.05.2023
өлшемі53,2 Kb.
#90532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гимнастикалық атаулар
Студенттер гимнастикалық жаттығуларды орындағанда, оның атауларымен танысады. Гимнастикалық атаулар негізгі 3 топқа бөлінеді.
1. Жалпы атаулар. Бұл жалпы атаулардан жеке дара атаулар шығады. Мысалы жалпы атауларға жататын еркін жаттығулар, сапқа тұру жаттығулары, жалпы дамыту жаттығулары және қолданбалы жаттығулар.
2. Негізгі (нақтылы) жаттығулар - бұл атаулар нақтылы қозғалыстың міндетін анықтайды. Мысалы - тұру, секіру, айналу, бұрылу, асылу, қолға таянып тұру, еңкейе, шалқайа секіріп түсу, отырып тұру, тұра жүру, етпеттеп қолға тұру т.т.
3. Қосымша атаулар - жалпы атаулардан шығатын жекелеген атауларды анықтайды және бағытын көрсетеді. Мысалы, кермеде асылып тартылу арқылы қолға таяну. Тербелу - алдыға-артқа тербелу. Немесе аяқты алдыға созу, оңға-солға бұру. Қолды алдыға созу, артқа қарай қозғау, жоғары көтеру. Демек дененің әрбір қимылының бағытын анықтап тұрады.
Белгілі бір жаттығуды алайық. Қолдың жаттығуы - бұл жалпы атау. Енді осы қолдың жаттығуы қалай орындалады, қолды алдыға созу, жанға созу, жоғары көтеру, төмен түсіру, бастың үстіне қою, желкеге қою, т.б.
7. Дене шынықтыру сабағындағы жүзуді ұйымдастыру
Жүзе білудің маңызы. Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды: 1. Көпшілікке жүзуді үйрету. 2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).
Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады.
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.
Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.
Жүзуден бағдарламаға сәйкес ерікн әдіспен мынадай қашықтықтарды жарыстар өткізіледі: 50,100, метрге (жаттығушының қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл, шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп кеудемен жүзу); 100 және 200 м бассейн, 100, 200 м баттерфляймен (әдеттер мұның шапшаңдылық түрі дельфин әдісімен орындалады); 100 және 200 м шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбектен орындайды; 50 м немесе 100 метрден (қашықтықты төртке тең бөліп) - баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; эстафета (алмасу): 4Х100 м бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды, жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, сонан кейін брасс, баттерфляй және еркін әдіспен аяқтайды, 4х100 м еркін әдіс – ер адамдар үшін.
Қолданбалы жүзудің маңызы. Мұндай жүзу еңбек өнімділігін арттыру және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен сүңгу қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұоапдың қолдану мүмкіндігі өте кең.
Жазғы қапырық, ыссы күндерде амалдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.
Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды жүзіп өткенді, судың астынан бір зат іздегенде суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін жүзудің спорттық әдістерін білу шарт. Себебі адам өзін суда жақсы ұстай алмай тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерінің меңгере алмайтыны белгілі.
Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Ал жүзе білмейтін немесі қатты ағынды су ала жөнелсе, өзін-өзі ұстай алмай, сасқалақтап су жұтып ағып кетуі ғажап емес. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі - суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажет.
8. Шаңғы және кросс жүгіру дайындығы дене шынықтыру сабақтарында
Шаңғымен жүру- сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық топтарына, оның ішінде тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін топтарына жақсы әсер ететін жоғары үнемелі циклді қозғалыс. Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табанның дұрыс қалыптасуына көмектеседі, жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесін нығайтады, барлық негізгі дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік сақтау, күш, төзімділік) дамытуға көмектеседі. Жаттықтырушы әрбір жаттығудың нақты міндеттерін тұжырыцмдай отырып, жаттағуды үйретудің бүкіл кезеңіне жоспар жасайды. Нақты үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін және қарқынын, сондай-ақ жаттығуды өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды. Балаларды шаңғымен жүруге үйретудің алдында әңгіме өткізу керек, әңгімелесу кезінде жаттығудың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киімнің қандай болуы керектігі туралы түсіндіру қажет. Жаттықтырушы алғашқы сабақта балаларға шаңғы мен таяқтың бойға қалай таңдала тынын түсіндіреді: егер шаңғы тігінен қойылса, ол баланың жоғары көтерген қолының ұшына жеруі, ал таяқ- қолтыққа жетуі керек. Одан кейін балаларды шаңғыны сақтау әдісімен таныстырады: серуеннен кейін шаңғылар қардан тазартылады, олардың арасына таяныш қойып байланып, тігінен қойып жиналады. Одан әрі балаларды шаңғыны әртүрлі әдістермен: иыққа салып, қолтыққа қысып және қолға ұстап алып жүруге, одан соң шаңғыны кию мен шешуге үйретеді. Әуелі жаттық- тырушы бұлардың қалай орындалатынын көрсетіп түсіндіреді, содан кейін балалар өз беттерімен бірнеше рет қайталап жасайды. Шаңғы тебуге үйрету белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Әуелі таяқсыз адымдап және сырғанап жүруге үйретеді. Одан кейін бұрылуға, тежеуге, сондай-ақ төбеге шығуға және одан төмен қарай сырғанауға үйретеді. Шаңғымен адымдап жүру арқылы таяқсыз жылжу тепе-теңдікті сақтауды, қолдар мен аяқтардың қимылдарын үйлестіруді, дамытуды және балаларды неғұрлым күрделі шеберлікті игеруге дайындайды. Таяқтарды орынсз пайдалану балаларды оларға «асылып жүруге» үйретеді. Ең алдымен алдымен балаларды шаңғышының тік тұру қалпына үйрету, яғыни шаңғы тебудің бастапқы тұру қалпына үйрету керек. Одан кейін шаңғымен және шаңғысыз дайындық жаттығуын жүргізу керек, мысалы, адымдап жүруді орындауды қимылмен көрсету, сондай-ақ аяқты шаңғымен алма-кезек көтеру, қапталға қарай аяқ басу және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет