70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі


ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ. ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет13/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
82. ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ. ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (толықтыру керек, нақты әдебиет пәнінің мұғалімі бойынша)

  1. Оқыту үрдісінде мұғалім – белсенді іс-әрекет иесі. Мұғалім – сабақ үстінде шешуші тұлға. Ол көп оқитын, көп білетін, ізденгіш еңбекшіл адам. Абай Құнанбаев: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», — дейді. Оқыту байыптылыққа, ақылға салып аңғара қарауды тілейді. Мұғалімге Ақсақ-Темірдің қаталдығы, ананың мейірімі, дәрігердің дәлдігі қажет. Мұғалімнің іс-әрекеттері:

  • оқыту теориясына жетіктігіне;

  • оқыту әдісінің жүйесін меңгеруіне;

  • мұғалім мен шәкірттің ынтымақты жұмысына байланысты.

Оқыту теориясы:

  • іс-әрекет жөніндегі жалпы теория;

  • оқытудың шарттары;

  • мұғалімнің әдісті жеткізу шеберлігі;

  • әдістер теориясын жетік білу.

Мұғалімнің іс-әрекеті әдебиетті оқыту жүйесі мынандай кезеңдерден, құрамдас буындардан тұрады:

  • оқыту жүйесіне мақсат қою;

  • оқыту барысын жоспарлау;

  • тақырыпты меңгерту шарттары (мақсат қою мен жоспардың жүзеге асуы);

  • сабақты меңгеру барысын тексеру.

Оқу материалын меңгертудің, ұзақ уақыт есте қалдыртудың жеті (әдістік) шарты бар:

  • ұйыту (оқушының зейінін, ықыласын сабаққа аудару үшін төте жол іздеу, яғни оңай жолын табу);

  • көркем шығарманы түсіндіріп, талдап оқыту;

  • интеллектуалдық біліктерін арттыру, ақыл-ойын тәрбиелеу, берілетін білімнің өмірде қажет екенін сезіндіру;

  • шәкірттің қабілетін ескеріп, тақырыпты (жеке амал, жалпы амал) жеңілдетіп, ауырлатып шығармашылықпен жеткізу;

  • шәкірттің сезімін – синтезін тәрбиелеп, байқағыштығын жетілдіру;

  • дәстүрлі оқыту, шығармашылық, проблемалық сабақтардың жүйесіне, әдісіне, ерекшелігіне назар аудартып, тәжірибеде пайдалана білуге үйрету;

  • сабаққа белсенділігін арттыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет