8- дәріс Тақырып: ОҚытуды ұйымдастырудың Ғылыми негіздерін зерттеу



бет4/14
Дата04.11.2023
өлшемі185 Kb.
#121809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лекция 8 семинар срсп

Дәстүрлі тұжырымда. Бұл ұғымды педагогикалық орталық деп те атауға болады. Бұл жүйеде басты рөлді мұғалім атқарады. Осыған ұқсас доктринаны Коменский, Песталоцци, Гербарт сияқты мұғалімдер дамытқан. Бұл доктринаның принциптері көшбасшылық, басқару сияқты ұғымдар болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалімнің оқушыға авторитарлық ықпалына және материалды түсіндіруге негізделген.
Отандық білім беру яғни Қазақстан педагогтары мен ғалымдарының педагогикалық мұрасында оқыту идеяларын дамытуда Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Р. Г. Лемберг, Н. Д. Хмель және т.б. үлестеріне тоқталуға болады.
Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым–қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай атамыз бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін, үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді.
Ы.Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты.
20-30жж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан көп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары сол кездердегі мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.
Атақты ғалым, профессор Р.Г.Лемберг өзінің көптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен формализмге қарсы шығып, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік кедергілерден өту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту әдістемелерін іздеуге баса назар аударды.
Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен өздерінің педагогикалық мектебін ашқан Р.Г.Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Бұл профессор Г. А. Умановтың ғылыми мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби-техникалық білім беру мәселелері зертелді; педагогикалық үрдіс мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Н.Д.Хмель ғылыми мектебі зерттеді. Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель тұтас педагогикалық үрдістің заңдарын, заңдылықтарын, принциптерін жүйелей келе, үдерістің оның құрамдас компоненттерінің өзара байланыстылығын мұғалім мен оқушының қарым-қатынас жүйесі арқылы модельдеді.
Мұғалiмдердiң педагогикалық технологияны тиiмдi қолдана алуы олардың кәсiби iс-әрекет объектiсi болып табылатын тұтас педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күшi мен тетіктерін терең бiлу және меңгеру деңгейлеріне тiкелей байланысты.
Педагогикалық үдерістегі «педагогтар-оқушылар», «оқушылар-оқушылар», «пән мұғалiмi – оқушылар» және т.б. ішкі жүйелердің тығыз өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың өзін-өздері таныта алулары және басқаларды тани алулары жүзеге асырылмақ.

  1. Тұтас педагогикалық үдерісінің теориясын білу (мұғалім іс-әрекетінің объектісінің идеалды моделін);

  2. Нақты оқу-тәрбие ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің нақты жағдайын диагностикалау әдістемесін меңгеру;

  3. Педагогикалық үрдістің нақты жағдайын өзгертуді модельдеу, (болжау) үшін тұтас педагогикалық үдеріс теориясын қолдану;

  4. Кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогтар мен оқушылардың іс-әрекеттерінің ретін, алгоритмін анықтау.

Осы талаптардың барлығы оқушының білімді меңгерудегі өз бетінше оқу әрекетімен айналысып, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет