8- дәріс Тақырып: ОҚытуды ұйымдастырудың Ғылыми негіздерін зерттеу



бет5/14
Дата04.11.2023
өлшемі185 Kb.
#121809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лекция 8 семинар срсп

Заманауи дидактикалық жүйе тарихындағы дидактикалық идеялар мен тұжырымдамалардың дамуын зерттеу бойынша П. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов, К. Роджерс, Брунерлерді айтуға болады.
Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Дж.Брунердің жетекшілігімен жүргізілген психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізінде құрастырылған модель тұжырымдамаларды қалыптастырудың кілті ретінде келесі қадамдарды анықтайды:
1) ұғымның атауы;
2) осы ұғым қолданылатын немесе қолданылмайтын қарама-қарсы мысалдар (оң және теріс);
3) ұғымның белгілері, белгілердің мәні (маңызды және маңызды емес белгілерді ажырату);
4) маңызды белгілерге негізделген ұғымды анықтау.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нәрсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді.
Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.
Қазіргі дидактикалық тұжырымдама мұғалім мен оқушының өзара әрекеті мен өзара түсіністігіне негізделген. Оқу үрдісі оқушының репродуктивті әрекетінен ізденімпаздық әрекетіне көшу негізінде құрылады. Мұғалімнің міндеті – мақсат, мәселе қою; қиын оқу-тәрбиелік жағдайдан шығудың жолын табудың белсенді көмекшісі. Бірақ педоцентристік концепциядан айырмашылығы, мұғалім оқушы мәселені тапқанша күтуге мәжбүр емес, ол оны жасанды түрде жасайды. Мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті барысында міндетті түрде мәселе шешілуі керек. Оқытуда топтық жұмыс және білімді талдау құпталады.

Қазіргі уақытта кез - келген әлеуметтік - кәсіби, жеке - әлеуметтік және субъективті деңгейдегі коммуникативті өзара әрекеттесуді дамыту үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, біз таным саласындағы белгілі бір құзыреттілік негіздерін білу, шет тілдерін меңгеру коммуникацияны дамыту мәселесін толығымен шешпейтінін жақсы түсінеміз.


Ғылыми ізденіс өрістері бірыңғай әлеуметтік-кәсіби ортаға кіруге дайындық ретінде белгіленді. Сонымен қатар, педагогика ғылымының бұл саласы әртүрлі көзқарастардан қарастырады:
- кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі,
- нақты кәсіби салаларда мамандар даярлау тәжірибесі (экономика, құқықтану, педагогика, психология, менеджмент және т. б.);,
- шет тілдерін қолдану және олардың коммуникациялық мүмкіндіктері,
- білім беру жүйелерін модельдеу және жобалау;
- мотивациялық бағдарламалық-мақсатты басқару және т. б.
Телекоммуникация, веб-коммуникация, желілік өзара іс-қимыл, жаһандық ақпараттық кеңістіктің коммуникациялық мүмкіндіктері негізінде коммуникацияларды дамытудың дәстүрлі үрдісінің түбегейлі өзгеше инновациялық білім беру ортасын құра отырып, біз басынан бастап бұрын зерттелмеген ғылыми проблемаларға тап болдық.

3. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негізі ретінде философиялық ілімдердің негізгі ережелерін зерттеу: бихевиоризм; прагматизм; экзистенциализм; неотомизм; таным теориясы (гносеология); ассоциативті-рефлекторлық теория, ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру теориясы, тұлғаға бағдарланған оқыту теориясы (тәрбиелеу, дамыту, озық оқыту және т. б.), іс-әрекеттік, тұлғалық, жүйелік, тұтас, оқытудағы конструктивистік, функционалистік, интегративті, құзыреттілік тәсілдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет