8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы


Лекция №9 Курстық, дипломдық жұмыстарды және ғылыми жобаларды дайындау



бет14/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
қысқаша конспект

Лекция №9 Курстық, дипломдық жұмыстарды және ғылыми жобаларды дайындау
Жоспар:
1. Курстық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар
2. Курстық жұмыстарды орындау әдістемесі
Курстық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар. Курстық жұмыс мазмұнында төмендегі тараулар міндетті түрде болуы керек:
- кіріспе;
- негізгі бөлім (тараулар);
- қорытынды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен графикалық бөлімінің мазмұны кіреді. Курстық жұмыстың мазмұны төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды:
- сыртқы беті (қосымша Б)
- тапсырма (қосымша В)
- аннотация:
- мазмұны:
- белгілеу мен қысқартулар
- кіріспе
- үш бөлім (екі бөлім) құрайтын жұмыстың негізгі мазмұны:
- қорытынды
- қолданылған әдебиеттер тізімі
- қосымшалар.
Сыртқы беті Б қосымшасына сәйкес А-4 форматтағы параққа орындалады. Сыртқы бетте сөздерді тасымалдау рұқсатетілмейді. Нүкте соңында қойылмайды. Егер топтық курстық жұмыс орындалса, онда сыртқы бетке барлық орындаулар көрсетіледі. Қажет болған жағдайда курстық жұмыстың мазмұны бөлігіне әрбір орындаушының қатысқандығы көрсетіледі.
Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің кестесіне сәйкес ағымды семестрдің алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі. Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті мәліметтер беріледі (қосымша В).
Тапсырмада төмендегілер көрсетілуі керек: жұмысқа байланысты, оқыту пәні; студенттердің аты–жөні мен тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру кезеңдері мен орындалу мерзімдері; жетекшінің аты-жөні, оның қызметі, қолы және тапсыру мерзімі. Әрбір тапсырма әдістемелік және ғылыми негізде ойластыруы керек және студенттердің дайындалу деңгейі мен жұмысты орындауға кеткен уақытқа жауап беруі тиіс. Тапсырмалар В қосымшасына сәйкес бланктерде толтырылады. Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні көрсетіледі және қолы қойылады. Қажетті мәліметтерге ҚР нормативтік-заңдық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, анықтамалық әдебиеттер, статистикалық материалдар, мерзімдік басылымдар жатады.
Курстық жұмыстың мазмұнында төмендегідей құрылымдық элементтердің айқындалуы тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Орындалу мерзімі төмендегіде ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта, қорытынды - 1-2 апта, әрбір тарау - 2-3 апта, қолданылған әдебиеттер тізімі - 3-5 күн. Сонымен қатар, жұмыстың құрылымдық элементтерің көлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15 бет, қолданылған әдебиеттер тізімі -1-2бет. Есептік – графикалық бөлімде слайдтар, плакаттар аталуы, орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан кем емес орындалу ұсынылады.
Аннотацияда курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер қысқаша беріледі. Аннотацияда курстық жұмыс көлемі, кестелер, сызба, қосымшалар туралы мәліметтер қамтылады. Аннотацияны жазу үлгісі Г қосымшасында көрсетілген.
Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері кіреді. «Мазмұны» сөзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады. Қосымшада «_______» тақырыбына курстық жұмыстың мазмұнын толтыру үлгісі көрсетілген. «Белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде курстық жұмыста қолданылатын белгіленулер мен қысқартулар тізімі сипатталады. Сөздерді қысқарту үлгісі төмендегіше:
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер.
Кіріспеде автор таңдағалған тақырыптың өзектілігі, ондағы мәселерді жетілдіру деңгейі мен шешу жолдарын көрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет).
Жұмыстың негізгі бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Бұл бөлім зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады. Тарауларды артттыру қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай көлемінің өсуіне әкеледі. Жұмыстың негізгі бөлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе қолмен жазып 30-40 бет болуы тиіс.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың материалдары бойынша ұсыныстар енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен тұрады. Курстық жұмыстың соңында белгілі бір тәртіппен библиографиялық тізімдер берілуі тиіс.
Курстық жұмысты орындайтын студент экономикалық теория бойынша жазбаша жұмыспен ұсынылатын талаптарды білуі тиіс. Жұмыста зерттелінетін тақырып бойынша жан-жақты тереңдетілген теориялық білімдерге негізгі көңіл аударылады.
Курстық жұмысты жазу әрбір бөлімнің негізгі сұрақтардың мазмұнын қою мен сипаттаудан басталуы тиіс. Мазмұнын айқындау ғылыми дәл, анық және түсінікті болуы керек. Теориялық ережелер және қорытындылар нақты материалдарға негізделуі керек. Экономикалық заңдар мен болмыстар туралы дұрыс түсіну үшін, мүмкіндігінше оларды тарихи аспектілерінде қарастырылуы керек. Ең маңыздысы, курстық жұмыстың материалы логикалық тәртіппен сипатталынуы.
Сол себепті, студентке, курстық жұмыс тақырыбының мазмұнын дұрыс толық айқындау үшін, қажет:
- экономикалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкіметтің шешімдерін үйрену;
- осы аталған мәселе бойынша қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерттеу:
- мерзімдік басылымдар мен статистикалық жинақтарда жарияланған статистикалық мәліметтермен танысу:
- таңдалған тақырып бойынша журналдарда басылып шыққан мақалаларды үйрену.
Теориялық білімді жиналған материалды жазбаша түрде сипаттау –бұл курстық жұмысты орындаудағы жаңа маңызды кезең, білімдерді қалыптастыруының келесі сатысы, оларды жүйелеу және түсіну. Ақпаратты өзіндік алудың әдістерін үйрене отырып, студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру керек. Студент курстық жұмыс орындау кезінде мәліметтердің өзара байланысын, сызба бойынша жұмыс істеу, теориялық және аналитикалық жағдайларды байланыстың сипаттамасын бейнелейді.
Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылуы тиіс. Тіл, стиль, қысқа сөйлемдердің құрылуы, өз ойын түсінікті әрі жаттық тілде жеткізе білуі өте үлкен роль атқарады. Сөздерді қысқартуда, белгілеуде бірыңғайлықты сақтау керек. Басқа да қысқартулар рұқсат етілмейді.
Курстық жұмыстың орындалу тәртібі. Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:
• тақырыпты таңдау;
• әдебиеттерді іріктеу және үйрену;
• жұмыс жоспарын құрастыру;
• нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;
• курстық жұмысты жазу;
• курстық жұмысты толтыру (оформление);
• курстық жұмысты қорғау.
Курстық жұмыс тақырыбы мысалы, экономикалық теория кафедрасының ұсынысымен, өздігінше таңдалады. Жеке жағдайларда студент кафедраның тізімінде кіргізілмеген тақырыптарды алуға құқылы болады. «Экономикалық теория» кафедрасы курстық жұмыс тақырыптарын құрастырғанда оқу әдебиеттерінің тақырыптарына сәйкес болмайтындығын байқауы керек және студентті өзіндік жұмыспен айналысуына әдістемелік мүмкіндік жасайды.
Тақырыпты таңдауда бір оқу тобында курстық жұмыстың бір тақырыбын тек бір ғана студент орындайды. Тақырыпты таңдаудан соң, каталог бойынша қажетті әдебиеттер тізімін құрастыру, іріктеу және зерттеу қажет. Бұл жұмысты экономикалық теория ұсынылған оқу бағдарламасы мен семинарлық сабақты жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулардағы әдебиеттер тізімімен жұмыс істеуді бастау қажет.
Мерзімдік әдебиеттерді үйрену соңғы жылдары жарияланған және курстық жұмысты толық қамтитын басылымдарға, содан соң бұрынғы басылымдарға ауысуға болады. Әдебиеттерді үйренудің осындай тізбегі соңғы жылдағы экономиканы тереңдету реформасымен байланыстырады, себебі экономикалық ғылым – шығармашылық ғылым, тұрақты түрде дамиды және жаңа ережелер, қорытындылар, концепциялармен толықтырылып отырады.
Әдебиеттерді іріктеу және үйренуден соң студент курстық жұмыстың жоспарын ойланып, мұқият құрастыру керек, бұл негізгі сұрақтарды ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Жоспар – бұл жұмыстың негізі, осы жазбаша жұмыстың деңгейі жоспардың құрылуына толығымен сәйкес болады.
Құрастырылған жоспар кафедраның оқытушысы – жетекшесімен келісуге ұсынылады. Әдебиеттерді таңдау және үйренуден, жоспар құрастырудан, статистикалық материалдар іріктеліп және жетілдірілген соң курстық жұмыс жазуға кірісуге болады. Курстық жұмыс 1 кестеде көрсетілген график бойынша қатаң түрде орындалуы тиіс.
Курстық жұмысты толтыру (оформление)
Жалпы ережелер
Курстық жұмыс көрсетілген талаптарға сәйкес толтырылуы тиіс. Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы тиіс, төмендегідей алаңдарды сақтай отырып: сол жақтан -30мм, оң жақтан -10мм, жоғары және төменнен-20мм. Мәтінді компьютермен жазуда бірынғай интервал, 14 кегль болуы керек. Жұмыстың ескі вариантын жақсылап қарап шығып, оны қолмен таза әрі түсінікті етіп көшіріп жазу керек немесе компьютерде өз еркімен қысқартуларсыз жазуға болады. Грамматикалық және стилистикалық қателіктер рұқсат етіледі. Курстық жұмыстың мәтіндегі барлық анықтамалар мен сандық мәліметтерге шыққан алғашқы деректер (источники) көрсетілуі тиіс. Курстық жұмыстың беттері нөмірленуі тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы керек. Студент жұмысты жазып және толтырған соң күнін белгілеп, қол қойып экономикалық теория кафедрасына өткізуі тиіс.
Мәтінді, кестені, графикалық материалдарды толтыру тәртібі. Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына байланысты, әр түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) өрнектелуі тиіс. Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы ақпараттармен тиянақты және логикалық түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді, әрқайсысының өз нөмері араб цифрларымен сипатталуы тиіс. Тақырыпша атаулары. Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді. Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 0,7мм болуы керек. Курстық жұмыстың бөлімдері мен тараулары араб сандарымен нөмерленеді. Тараулар барлық мәтіндегі реттік номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б. Бөлімдер әрбір тарау бойынша реттік номерлеу бойынша, мысалы -1.2, 2.1, 3.1. т.с.с. іске асырылады. Тараулар, бөлімдер номерлерінен соң нүкте қойылмайды.
— курстың жұмыстың тақырыбын, кеңес беру кестесін, жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын, қорғау күнін бекітеді;
— жұмыстың орындалу барысын бақылайды.
Ғылыми жетекшінің негізгі міндеттері:
- студентке тақырыпты таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістемелерін анықтауға көмектеседі;
- студентпен бірге отырып жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрады және тапсырмаларды,кеңес беретін күндерді анықтайды;
- студентті курстың жұмысты орындауға қойылатын талаптар және нақты нұсқаулармен таныстырады (жұмыстың негізгі кезеңдері, кезең бойынша жұмыс мазмұны, есеп беру түрі, т.б.);
- тақырып бойынша әдебиеттер, материалдар жинастыру үшін кеңес береді;
- психологиялық-педагогикалық бақылау мен экспериментті ұйымдастыру жөне өткізуге көмектеседі;
- алынған зерттеу материалдарының сапасын тексереді;
- курстың жұмыстың орындалу барысын бақылайды;
- қорғауды ұйымдастырады.
Курстық жұмысты даярлау шарттары. Жалпы талаптар
Курстың жұмысты даярлау сыртқы бетті толтырудан басталады. Курстың жұмыс стандарт А4 форматында жазылады. Жұмыс таза, ұқыпты, ешқандай қысқартусыз, әрбір айтылайын деген жаңа ой жаңа жолдан басталады. Әріптер мен белгілер жұмыстың барлық бетінде бірдей және талапты сақтап жазылуы керек. Жұмыс форматтың бір жақ бетінде орындалады; сол жаң — 3 см, оң жаң — 1 см, жоғарғы және төменгі жағы — 2 см болуы керек. Курстың жұмыстың беттерін нөмірлеу. Барлық беттер нөмірленеді және ол әр беттің төменгі жағының ортасына соңына нүкте қойылмай жазылады. Сыртқы бетке нөмір қойылмайды. Курстың жұмыстың мазмұнындағы, жеке беттегі кестелер мен графиктер оның беттерінің жалпы санына кіреді. Курстың жұмыстың бөлімдері немесе тараулары араб санымен азат жолдан соңына нүкте қойылмай жазылады.
Курстық жұмыстың жалпы көлемі. Курстың жұмыстың көлемі қолжазбамен — 40-45 бет, шамамен компыотермен — 25-30 бет болуы керек.
Курстық жұмыс мазмұнындағы кестелер мен графиктер Суреттер, кестелер, графиктер А4 стандарт беттерде орындалады немесе көшірме түрінде сондай өлшемдегі қағазда беріледі. Егер фотосуреттер бар болса олар стандарт қағазға желіммен жапсырылады. Оларда ешқандай сызат, түзету, таңба болмау керек. Барлық графиктер мен кестелерге курстың жұмыстың мазмұнында міндетті түрде сілтеме жасалуы керек. Сілтемеде «График» немесе «Кесте» деп жазылып нөмірі көрсетілуі керек. Таблица өте көлемді болған жағдайда келесі бетке де көшіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет