9-сынып Қазақ әдебиеті



бет6/20
Дата16.03.2023
өлшемі371,21 Kb.
#74966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
9-сынып аза дебиеті

Оқылатын шығарма:

Сырым Датұлы «Бала би мен Сырым»; Бұқар жырау
«Тілек»,«Әй, Абылай, Абылай», «Асқар таудың
өлгені»;«Біржан-Сара» айтысы

Оқу мақсаты:

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай
отырып, автор стиліне баға беру.

Бағалау критерийі:

Шығарманы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді; Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың
(троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану,жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

Тапсырма.
1."Біржан мен Сара" айтысы мен қазіргі кездегі айтысты салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.(5-6 сөйлеммен беріңіз)

[4]


  1. Бұқар жыраудың "Асқар таудың өлгені"толғауының көркемдік ерекшелігін талдап, автор стилін бағалаңыз. Кестені толтырыңыз.

[7]



"Асқар таудың өлгені" толғауы

Көркемдегіш құралға мысал

Қолдану ерекшелігі

Автор стиліне баға беріңіз

Асқар таудың өлгені- Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені- Аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені- Еңкейіп барып батқаны.
Айдын-шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны... Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.

  1. Риторикалық сұрақ


  1. Эпитет


  1. Метафора









Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

1

"Біржан мен Сара" айтысын қазіргі айтыспен
салыстырады;

2

айтыстың тарихи және
көркемдік құндылығын бағалайды;

1

өз пікірін дәлелді жеткізеді.

1

2

риторикалық сұраққа мысал келтіреді, қолданылу мақсатын талдайды;

2

эпитетке мысал келтіреді, қолданылу мақсатын
талдайды;

2

метафораға мысал келтіреді,
қолданылу мақсатын талдайды;

2

автор стиліне баға береді.

1



Барлығы 11



Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау нәтижесіната-аналарға таныстыруға арналған рубрика




Оқушының аты-жөні:



Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Төмен

Орта

Жоғары

шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыруда, тарихи және көркемдік құндылығына баға беруде қиналады.

шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыруда, тарихи және көркемдік құндылығына баға беруде қателеседі.

шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдауға, автор стиліне баға беруге қиналады.

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдауда автор стиліне баға беруде қателеседі.

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.



ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


"Тарихи шындық пен көркемдік шешім"бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа





Оқылатын шығарма:
Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай», Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»,
«Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»

Оқу мақсаты: 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер
жүйесін анықтау
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет