А 11 «Механика және молекулалық физика» бөлімінен лабораториялық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Қызылорда. ҚМУ, 2007ж


Эксперименттік қондырғының сипаттамасы



бет3/25
Дата23.09.2023
өлшемі2,13 Mb.
#109915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Эксперименттік қондырғының сипаттамасы

2 суретте көрсетілген құрал – Атвуд машинасының көмегімен кинематика мен динамиканың негізгі заңдарын зерттеуге болады.


Атвуд машинасы бөлме қабырғасына вертикаль бекітілген шкаласы бар металл штангіден (2) тұрады. Штангінің бір ұшына мейлінше аз үйкеліспен қозғалатын жеңіл блок (3) орнатылған. Блоктан асыра тасталған жіңішке капрон жіптің екі ұшына массалары (m) бірдей С1 және С2 жүктер ілінген. Штанг бойымен еркін қозғалатын таяныштардың (4) көмегімен жүктерді қажетті биіктікке орналастыруға болады. Ол таяныштың бірі жүкті ұстап тұруға арналған электрлі магнитпен (5) жабдықталған. Штангіге жүктерді қозғалысқа келтіретін қосымша жүкті тосып алып қалуға арналған жылжымалы сақина (1) бекітіледі. Электрлі магнит түйме (кнопка) арқылы желіге жалғанған. Түймені ажыратқанда электр секунд өлшеуіш іске қосылады.
Түсіп келе жатқан жүк таянышқа соқтығысқанда секунд өлшеуіш тоқтайды. Егер С2 жүгіне массасы белгілі қосымша жүк салсақ (1-2 г), онда бүкіл жүйе бір қалыпты үдемелі қозғалыс жасай бастайды. Қосымша жүктің массасын арттырып, жүйенің үдеуін де арттыруға болады. Егер қозғалыс кезінде қосымша жүкті алып тастаса, онда жүйе одан әрі қарай қосымша жүкті алып тастаған мезеттегі жылдамдықпен бір қалыпты қозғалады. Бұранданың көмегімен сақина (1) мен таянышты штангінің кез келген жеріне бекітуге болды.





2-сурет. Атвуд машинасы.

Атвуд машинасының жұмыс істеу принципі жіптердің екі ұшында өзара бірдей жүктер орналасқанда оның тепе-теңдік күйде болуымен байланысты. Егер оң жақтағы жүкке қосымша жүктер қойылса, онда жүйе тепе-теңдік қалпынан шығып, қозғалыс жасай бастайды.




Жұмыстың орындалу реті

Жұмысты орындау үшін, қосымша жүктердің номерлерін жазып алып, олардың массасын таразыға тартып анықтау керек.



  1. Бір қалыпты қозғалысты зерттеу.

Сақина қосымша жүктерді алып қалғаннан кейін, жүк бір қалыпты қозғалады, . Сондықтан мынадай шарттар орындалады:



Бұл шарттарды тексеру үшін:



  1. Сақинаны штангінің жоғары ұшынан 30-40 см төменірек бекітеміз. Ал төменгі таяныш штангінің төменгі ұшынан бекітіледі.

  2. Ол жақтағы жүкке С2 қосымша жүк салады. Электр секунд өлшеуіш панеліне бекітілген «10-4 раб.» тумблерін «4 раб.» тумблерін қалпына ауыстырып, электрлі магнит тізбегіндегі токты тұйықтайды. Осы кезде жүйенің сол жақтағы жүгі төменірек орналасуы керек. Ал бүкіл жүйені электрлі магнит ұстап тұрады.

  3. Электрлі магнитті ажыратып, қосымша жүкті сақина ұстап қалғаннан кейін, секунд өлшеуіш желіге қосылады. Ол жақтағы жүк таянышқа тигенде, секунд өлшеуіш тоқтайды.

  4. Жүрілген жол S оң жақтағы жүктің жоғарғы шетінен бастап, қосымша жүкті сақина ұстап қалғанға дейінгі қашықтыққа тең болады.

  5. S-ті өлшеу және t уақытты жазып алу.

  6. Платформаның орнын өзгерте отырып, S және t мәндерін 5 рет өлшеу. Әр жүрілген жол үшін t уақытын 3 рет өлшеу.

  7. Өлшеу нәтижелерін кестеге орналастыру.




Тәжірибе №

S1=

S2=

S3=

S4=

S5=

t1, c

t2, c

t3, c

t4, c

t5, c

1
















2
















3
















Орт. мәні

















  1. Бірқалыпты үдемелі қозғалысты зерттеу.

А. теңдеуімен өрнектелетін жылдамдық заңын тексеру. Егер оң жақтағы қосымша жүк салынған жүктің жолына сақина қойылса, онда қосымша жүк қалып қойғаннан кейінгі жүктің қозғалысы бір қалыпты қозғалыс болады. Жүктің сақинадан алынған мезеттегі үдеуін анықтау. Ол үшін жүктің осы мезеттегі жылдамдығы мен қозғалыс басталған мезеттен бастап, сақинаның жүкті алып қалғанға дейінгі уақытын білу керек: мұндағы - алдыңғы жаттығудағы өрнекті қолданып берілген тәжірибе үшін үдеудің мәнін табамыз
;

Осы шартты тексереміз




немесе




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет