3 сурет. Серiппелi маятник (а) және математикалық маятник (б).
Iлгерiлемелi қозғалыс траекториясының түрiне қарай түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс болып бөлiнедi. Дененiң (нүктенiң) траекториясы түзу сызық болатын қозғалыс түзу сызықты қозғалыс деп аталады. Түзу сызықты қозғалыс бiрқалыпты және бiрқалыпсыз болуы мүмкiн. Түзу сызықты бiрқалыпты қозғалыс дегенiмiз дененiң (нүктенiң) кез келген тең уақыт аралығында бiрдей орын ауыстыруы немесе бұл жылдамдығы (модулы және бағыты бойынша) тұрақты болатын қозғалыс. Демек, жылдамдығы уақыт бойынша өзгерiп отыратын қозғалыс бiрқалыпсыз деп аталады. Бiрқалыпсыз қозғалыстың ең көп тараған түрi бiрқалыпты айнымалы қозғалыс деп дененiң жылдамдығы тең уақыт аралығында бiрдей мәнге өзгеретiн қозғалысын айтады. Бiрқалыпсыз қозғалыс кезiнде үдеу түсiнiгi енгiзiледi. деу дегенiмiз жылдамдықтың уақыт бойынша өзгерiсiн сипаттайтын физикалық шама, демек
Егер шамасын арқылы белгiлесек, онда t-t0 шамасын деп белгiлеуге болады, сонда (1) өрнек келесi түрге енедi
Үдеу векторлық шама, өйткенi векторлық шамасының уақыт бойынша өзгерiсiн сипаттайды. векторының бағыты жылдамдық векторының өзгерiсiнiң бағытымен сәйкес келедi.
Үдеудiң өлшем бiрлiгi келесi түрде анықталады:
Бiрқалыпты айнымалы қозғалыс кезiндегi лездiк жылдамдықты (1) өрнектен оңай табуға болады, себебi t уақыт мезетi үшiн үдеудiң формуласын мына түрде жаза аламыз:
. Бұдан лездiк жылдамдық (2)
(2) формуладағы + таңбасы бiрқалыпты үдемелi қозғалысқа қатысты, ал ң-ң таңбасы бiрқалыпты кемiмелi қозғалысқа қатысты.
Дененiң жүрген жолы мына түрде өрнектеледi
(3)
Қозғалыс басталғанға дейiн дене тыныштықта болса, онда v0=0 болады, сондықтан жүрiлген жол төмендегiдей өрнектеледi:
(4)
Бiрқалыпты айнымалы қозғалыс табиғаттағы ең көп тараған қозғалыстың түрi болып табылады. Сондықтан қозғалыстың бұл түрiне көптеген мысалдар келтiруге болады. Ең қарапайым мысал ретiнде дененiң еркiн құлауын айтуға болады. Дененiң еркiн құлаған жағдайы үшiн (2) және (4) өрнектердi қайта жазуға болады. Бұл кезде ең басты ескеретiн мәселе дене еркiн құлаған кезде оның бастапқы жылдамдығы нольге тең болады, Сонымен келесi формулаларды жаза аламыз
(5)
(6)
(6) формуланың көмегiмен дененiң еркiн құлаған h биiктiгiн бiле отырып эксперимент көмегiмен еркiн түсу үдеуiн анықтауға болады
(7)
Құралдың сипаты
Белгiлi биiктiктен дененiң (нүктенiң) құлау уақытына байланысты g еркiн түсу үдеуiн анықтауға арналған құрылғы 4 суретте келтiрiлген. Шариктiң белгiлi биiктiктен құлау уақыты С электрлiк секунд өлшеуiш көмегiмен өлшенедi. Электрлiк секунд өлшеуiштiң есептеу дәлдiгi 0,01 с. Құрыш шар Э электромагнитiмен ұста-лынады. Электромагнит сантиметрлiк бөлiктер салынған Ш штанг бойымен орын ауыстыра алады.
Электромагнит В ұстап тұратын бұранда көмегiмен штангiнiң кез келген жерiнде орныға алады. Штангiнiң төменгi жағында шар келiп соққанда секунд өлшеуiштiң қорегiн тiзбектен ажырататын П контактi орналасқан. К кiлтiн қосқанда Р релесi iске қосылады да электромагнит орамдарына ток бередi және бiр мезгiлде С электрлiк өлшеуiшi ток алады. Өлшеудiң қателiгi реленiң жұмыс iстеу жылдамдығына байланысты анықталады. Реленiң жұмыс iстеу жылдамдығы 0,02 с құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |