А 11 «Механика және молекулалық физика» бөлімінен лабораториялық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Қызылорда. ҚМУ, 2007ж



бет7/25
Дата23.09.2023
өлшемі2,13 Mb.
#109915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
мех-лаб-каз (2)

Бақылау сұрақтары


  1. Күш моментінің, инерция моментінің, импульс моментінің және бұрыштық үдеудің анықтамаларын беріңдер...

  2. Қатты дененің айналысы динамикасының теңдеуін тұжырымдаңдар және қорытып шығарыңдар.

  3. Штейнер теоремасын тұжырымдаңдар және дәлелдеңдер.

  4. Зерттелетін жүйе (Обербек маятнигі) үшін үйкеліс күшінің моменті ескерілген айналмалы қозғалыс теңдеуін жазыңдар.

5. Берілген экспериментте шамалардың қайсысын өте үлкен дәлдікпен өлшеу керек?


Лабораториялық жұмыс 1.3
Еркiн түсу үдеуiн анықтау
Жұмыстың мақсаты: еркiн түсу үдеуiнiң мәнiн анықтау арқылы қысқа уақыт аралықтарын өлшеу әдiсiмен танысу.
Құрал-жабдықтар: электрлi магнитi және электрлi контактiлерi бар қондырғы және секунд өлшеуiш, шарлар жиынтығы.
Қысқаша теория
Кеңiстiкте әрбiр дененiң кез келген уақыт мезетiнде басқа денелермен салыстырғанда анықталған орны болады. Егер уақыт өткен сайын дененiң орны өзгермейтiн болса, онда дене тыныштық күйде делiнедi. Егер уақыт өткен сайын дененiң орны өзгеретiн болса, онда дене механикалық қозғалыс жасаған болып табылады. Механикалық қозғалыс – бұл уақыт өтуiне байланысты денелердiң немесе олардың бөлiктерiнiң өзара орналасуының өзгеруi.
Механикалық қозғалыс iлгерiлемелi, айналмалы және тербелмелi сипатта болады. Iлгерiлемелi қозғалыс деп, денеден жүргiзiлген және онымен өзгерiссiз байланысқан кез келген түзу сол қозғалыс кезiнде өзiне-өзiне параллель болып орын ауыстыратын қозғалысты айтады, 1 сурет.

1 сурет. Iлгерiлемелi қозғалыс.


А йналмалы қозғалыс дегенiмiз дененiң барлық нүктелерi шеңберлер сызатын және олардың центрлерi айналыс осi деп аталатын бiр түзудiң бойында жататын қозғалыс. ОО айналыс осi дененiң өн бойы арқылы өтуi немесе денеден тыс жатуы мүмкiн, 2 сурет (а, б).


а б

2 сурет. Айналмалы қозғалыс (ОО айналыс осi дененiң iшiнде орналасқан және айналыс осi ОО денеден тыс орналасқан).

Тербелмелi қозғалыс немесе тербелiс дегенiмiз уақыт бойынша дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанатын қозғалыс немесе жуықтап қайталанатын қозғалыс немесе процесс. Тербелiстер физикалық табиғаты жағынан өте алуан түрлi болады, атап айтқанда, серiппеге iлiнген дененiң механикалық тербелiсi (серiппелi маятник, 3 сурет,а), математикалық маятниктiң тербелуi (3 сурет, б), iшектiң тербелiсi, ғимараттың iргетасының дiрiлi, тербелмелi контурдағы электромагниттiк тербелiс және басқалар. Табиғаты жағынан әртүрлi тербелiстердiң өзiнiң жалпы заңдылықтары бар және бiртиптi математикалық әдiстермен сипатталады.


а б





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет