49
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» сияқты лирикалық қаһар-
маның ішкі әлемін танытатын шығармаларды біріктіре оқыту немесе тақы-
рып жағынан бірін бірі толықтыратын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адам-
дық борышың», «Жолама қулар маңайға», Абай Құнанбаевтың Әбдірахман
ӛлгенде», «Әбдірахман ӛліміне» сияқты шығармаларды біріктіре оқыту
қажет. Бағдарлама бойынша кейбір дербес сағат бӛлінген тақырыптарды да
жұптау, шоғырландырып оқыту мазмұны мен құрылым жүйесі, тілі жағынан
күрделі кӛлемі жағынан ауқымды танылған ӛзге шығармаларға кӛбірек
уақыт ығыстыруға мүмкіндік туғызады.
Сондай-ақ, күнтізбелік жоспарды
түзудің басты ұстанымдары ретінде
бағдарламаға енген оқу материалының
мазмұнымен толық танысу, шығармалардың идеялық, танымдық, тақырып-
тық қырларын алдын-ала зерделеуді ерекше атауға болады. Себебі кӛбіне
сәтсіз күнтізбелік жоспарлардағы кемшіліктер оқу материалын алдын-ала
електен ӛткізбеу салдарынан туындайтыны жасырын емес.
Бағдарламада бірнеше сыныпта оқытылатын
классик қаламгерлердің
шығармашылығының сыныптар бойынша жіктелісін толық білу де күнтіз-
белік жоспарды түзу тиімділігіне ықпал етеді.
Оқу пәнінің апталық жіктелісін анықтау;
Бағдарлама бойынша жазба жұмыстарына бӛлінген сағат мӛлшерін
анықтау;
Оқу материалдарын апталық жүктемеге жіктеуде ӛткен сыныптар-
дағы оқу материалымен бірізділікті сақтау;
Тақырыптарды белгілеуде жүйелілік ұстанымын сақтау;
Бағдарламада кӛрсетілген оқушы біліміне қойылатын талаптар қажет-
тілігін ӛтеуді жоспарлау үдерісінде үнемі оқу-жұмыс бағдарында ұстау;
Белгілі бір автордың тақырыптас шығармаларын жұптай оқыту есебі-
нен күрделі тақырыптарға сағат белгілеу мүмкіндіктерін қарастыру;
Бірнеше сағат кӛлемінде оқытылатын күрделі оқу материалдарын
сабақ типтеріне қарай жүйелеп кӛрсету. Мәселен, кіріспе сабақ типіне, жаңа
білім қалыптастыратын сабақ типіне, қайталау-пысықтау сабақтарына, қоры-
тынды сабаққа лайықты тақырыптар ұсыну;
Әр тақырып бойынша қамтылатын
әдеби-теориялық мағлұматты
ұсынуда жүйелілік пен бірізділікті сақтау, ӛзге тақырыптар бойынша да
үнемі қайталап бекіту мақсатын кӛздеу;
Сыныптан тыс оқытуға қатысты оқу-танымдық жұмыстарды ұйым-
дастыруға сағат бӛлу;
Әр тоқсанда оқушылардың жазба тілін дамытуға арналған жұмыс-
тарды жоспарлау әрі жүйелеу;
Оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау т.б.
Күнтізбелік жоспарды түзуде оқу бағдарламасындағы аннотацияны
бағдарда ұстаған орынды. Яғни ұсынылған
тақырыптар бойынша қандай
мәселеге басты назар аударылатыны бағдарламада айқын кӛрсетілген.
Әр тақырыпты ӛтер алдындағы дайындық жұмысы белгілі бір оқу-
танымдық үдерісті жобалау болып есептеледі. Сабақ үдерісінің ӛзі үлкен
50
жобалау жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Олай дейтініміз жоба
жұмысындағыдай оқу-танымдық ізденіс жасалады. Атап айтқанда:
Сабақтың мақсат-міндеттері айқындалады;
Әр сабақ кезеңіндегі оқу-жұмыс қадамы уақыт мӛлшеріне бағдарла-
нады;
Сабақ тақырыбының
мақсаты айқындалады;
Баяндайтын материалды сұрыптап, тиісті қорытындылар жасалады;
Тақырып мазмұнына қатысты ерекше назар аудартылатын басты оқу
метериалы белгіленеді;
Оқу-танымдық үдеріске тиімді әдіс-тәсілдер сұрыпталады;
Сабақтың
толық конспектісі әзірленеді;
Сабақтың жүйесі ойластырылады;
Дидактикалық материалдар дайындалады;
Сабаққа қолданатын тиісті кӛрнекіліктер әзірленеді, т.б.
Осы жобалау әрекеттерінің барысында сабақ жоспары түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: