Ақ Алматы технологи


Дәріс 3. Әлеуметтанулық зерттеулер



бет3/34
Дата15.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#122725
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
социология0

Дәріс 3. Әлеуметтанулық зерттеулер.
Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.
Социологияның зерттеу әдістері:
1) сұрау әдісі. Өзара әрекет сипаты бойынша, сұрау жазбалы (анкета) және ауызша (интервью) болып ажыратылады. Жүргізу орны бойынша сұрау: тұратын жері, жұмыс жері, почталық және баспалық болып ажыратылады;
2) құжаттарды анализдеу;
3) бақылау әдісі;
4) эксперттік бағалау әдісі;
5) социометрия әдісі;
Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарын талдауда құжаттарды талдаудың бір түрі контент-анализ кең қолданылады.
Контент-анализ – бұл құжаттардың сандық-сапалық талдауы, екі талдау бірлігін ажыратудан басталады: мазмұндық және сандық.
Контент–анализ - бұл қалыптасқан, сапалы және есептік құжаттардың талдауы, талдаудың екі бірліктерін көрсетуден басталады: мағыналық, сапалық, және есеп бірліктері.
Есеп бірліктері:
1) массалық коммуникацияда есеп бірліктері бет, абзац, белгі, мәтіндегі мөрлер бола алады;
2) мәтіндегі белгінің пайда болуы - оның мазмұндағы тұрақты бір белгімен анықталады;
3) мәтіндегі мазмұнды сипаттау.
Мазмұндық бірлік әлеуметтік ойды, әлеуметтік мазмұнды тақырыптан құра алады. Текст және оның мазмұны контент- анализде ең басты. Зерттеуші текстін фактілермен, оқиғалармен байланысын анықтайды.
Сонымен қатар социометриялық зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Социометрия - (socins- жолдас, қызметтес, metrum- бақылау) 19 ғасырдың аяғында социопсихолог Джекоб Моренонің зерттеуімен пайда болған термин.
Социометриялік тәсіл - сұрау әдісі. Социометрияның негізгі түсінігінде: таңдау жатады - бір индивидтің ұсынысы бойынша қызмет ету, яғни басқа индивидпен. Теріс таңдау – бір тұлғаның басқа тұлғамен бірігуінен бас тартуын көрсететін белгі.
Әлеуметтік критерий - сұрақ кезінде қалыптасып, жасаптары қарым-қатынас құрылысын белгілеуді көрсетеді (топ мүшесінен сіз кімді туған күнге шақырушы едіңіз? Топ мүшесінен кімді туған күнге шақырмаушы едіңіз?).
Әлеуметтік критерийлардың түрлері:
1) өндірістік;
2) өндірістік емес;
3) болжамдық - коллектив мүшесі арасындағы қарым-қатынасты есептейді;
4) әлеуметтік критерий - қоғамдық жұмысты таңдау.
Критерий сандары: топтағы адам саны қаншалықты аз болса, критерий соншалықты аз болады. Топтағы қарым-қатынас, сонымен қатар бір-бірін көп біліп таныса, онда критерий көп болады (7-8 критерийдан көп емес).
Әлеуметтік сұрау жүргізу кезінде әрбір сұрақ алынатын адамға әлеуметтік карточка және топ мүшесінің тізімі (топтағы тізім нөмері ) таратылады.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің (мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) дайындық кезеңі – бұл кезеңде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Онда тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі
2) жорық кезеңі – (немесе алғашқы әлеуметтік мағлұматтарды жинау кезеңі) мағлұматтарды «алаңнан» (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден т.б.) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу (анкеталық, сұхбаттық, эксперттік, т.б.) бақылау, құжаттарға талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жиналады.
3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде - жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда (мағлұматтар аз болғанды) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады
4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі – қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау барысында аладын ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, парадокстар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың нәтижелері айқындалады.
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді үш топқа бөлуге болады:
1) барламалық социологиялық зерттеу - өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық сапасын тексеруге арналады. Бұнда болашақ негізгі зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының шекаралары нақтыланады, зерттеуде кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады, мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды.
2) сипаттамалық социологиялық зерттеу – социологиялық талдаудың күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс және оның құрамдас бөліктері жайлы толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу талдау нысаны әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін үлкен қауымдар болған кезде қолданылады. Сипаттамалық зерттеудегі мағлұмат жинау тәсілін айқындау зерттеудің міндеті мен бағытына қарай анықталады.
3) талдамалық социологиялық зерттеу – зертеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттаумен қатар, оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігіне себепші болатын құбылыстарды анықтайды. Бұл социологиялық талдаудың ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасаған даярлықты, бағдарламаны және зерттеу құралдарын қажет етеді. Талдамалық зерттеуде қолданылатын әлеуметтік мағлұматтарды жинау тәсілі кешенді сипатқа ие, бұл жерде бір-бірін толықтыратын сұрау салу, құжаттарды талдау, бақылаудың әртүрлі үлгілері қолданылуы мүмкін.
Социологиялық зерттеулердің бағыттары:
- панельдік зерттеу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы бірдей уақыт аралығы арқылы қайта тексеріледі.
- лонгитюдтік зерттеу қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелуі болып табылады.
Панельдік зерттеуде тексеру нысаны ретінде әртүрлі жас топтары қарастырылса, лонгитюдтік зерттеуде тек серпімді дамушы топ ретіндегі жастар қарастырылады. Лонгитюдтік зерттеудің панельдік зерттеуден айырмашылығы – қарастырылып жатқан нысанның даму процестерін түсіндіруге, сол нысан ішіндегі топтардың ерекше түрлерін анықтауға, әртүрлі әлеуметтік топтардағы индивидтердің қалыптасу тенденциясына талдау жасауға, қарастырылып жатқан белгілердің өзгерістерін айқындап, олардың даму процесінің детерминанттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Когорталық және тарихи зерттеу бағыттарын, панельдік, әсіресе, лонгитюдтік қайта зерттеудің барлық түрлерін жүргізу барысында компьютерлік мәліметтер базасын құру және арнайы бағдарламалық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, алынған материалдарды өңдеу олардың нәтижелігінің басты шарты болып табылады.
Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі әлеуметтік мәселелерді шешудің нәтижелі болып табылады. Социологиялық мониторинг – келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөлуге болады.
Әлеуметтік мониторинг - қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі. Оның міндеті – жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда алып тұру болып табылады.
Статистикалық мониторинг – сандық сипаттамалар, қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, әлеуметтік, экономикалық т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады. Бұл екі мониторинг жүйесі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.
Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет