А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет135/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖҰПТАСУЫ 
(ПАРНЫЕ ЗВУКИ) 
Жуан (твердые) 
Жіңішке (мягкие) 
А 
Ақ (белый) 
Ар (совесть) 
Нар (верблюд) 
Сан (число) 
Сат (продай) 
Ә 
Әк (известка) 
Әр (каждый) 
Нәр (питание) 
Сән (мода) 
Сәт (удача) 
О 
Он (десять) 
Оң (правый) 
Ор (канава, ров, яма) 
От (огонь) 
Қол (рука) 
Ө 
Өн (прибавляйся) 
Өң (вид) 
Өр (подъем) 
Өт (желчь) 
Көл (озеро) 
Ұ 
Ұн (мука) 
Ұш (лети) 
Ұстау (держать) 
Ұру (бить) 
Сұр (серый) 
Тұр (стоит) 
Ү 
Үн (голос) 
Үш (три) 
Үстеу (прибавить) 
Үру (лаять) 
Сүр (вяленый) 
Түр (вид) 
Ы 
Ыс (копоть) 
Сыз (сырость) 
Сыра (пиво) 
Тыс (чехол) 
Тиын (копейка) 
Ыстық (жара) 
І 
Іс (дело) 
Сіз (вы) 
Сірә (по-видимому) 
Тіс (зуб) 
Тиін (белка) 
Істік (кол) 
Қ 
Қиық (отрезок) 
Қош (прощай!) 
Қору (охранять) 
Құн (стоимость) 
Құдық (колодец) 
Қыр (грань) 
К 
Киік (сайуак) 
Көш (кочевка) 
Көру (видеть) 
Күн (солнце) 
Күдік (подозрение) 
Кір (грязь) 
Ғ 
Г 


142 
Қиғызу (отрезать) 
Соғу (побить) 
Тығу (прятать) 
Кигізу (одеть) 
Сөгу (распороть) 
Тігу (шить) 
 
 
ЖАЛҒАУ 
(Аффикс словоизменения) 
Жалғау – сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. Қазақ 
тілінде 4 түрлі жалғау бар. Олар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар. 
Жалғаулардың бәрі де сөз тіркесінде, сөйлем ішінде ғана 
қолданылады. 
 
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫ 
(Личное окончание) 
Жіктік жалғау – баяндауышқа жалғанып, оны бастауышпен жақ 
арқылы қиыстыратын жалғау. Сондықтан ол сөз табын таңдамай, 
баяндауыш болған сөздердің бәріне жалғана береді. 
Жіктік жалғаулар үш түрлі: 1) жіктік жалғаудың толық түрі; 2) жіктік 
жалғаудың қысқа түрі; 3) бұйрық райдан соң жалғанатын жіктік жалғау. 
 
ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ТОЛЫҚ ТҮРІ 
Жіктік жалғаудың толық түрі баяндауыш болған етістікке де, есім 
сөздерге де жалғанады, оның қолданылу аясы кең. 
Жіктік жалғаудың толық түрі арқылы сөздер 2 түрлі жіктеледі: 1) 
сөздің үш жағына да жіктік жалғау жалғанады; 2) есімше, есім сөздерге 
қосымша 1-ші, 2-ші жақта жалғанып; 3) жаққа жіктік жалғауы 
жалғанбайды. 
Сөздің 3 жағына да жіктік жалғауы тек көсемшенің -ып/-іп, -а/-е/-й 
түрлерінен кейін жалғанады. 
Көсемшенің жіктелу үлгісі 
Жекеше 
1-ж. Мен бар-а-мын, бар-ып-пын, кел-е-мін, кел-іп-пін 
2-ж. Сен бар-а-сың, бар-ып-сың, кел-е-сің, кел-іп-сің 
Сіз бар-а-сыз, бар-ып-сыз, кел-е-сіз, кел-іп-сіз 
3-ж. Ол бар-а-ды, бар-ып-ты, кел-е-ді, кел-іп-ті 
Көпше 
1-ж. Біз бар-а-мыз, бар-ып-пыз, кел-е-міз, кел-іп-піз 
2-ж. Сендер бар-а-сың-дар, бар-ып-сың-дар, кел-е-сің-дер, кел-іп-сің-
дер 
Сіздер бар-а-сыз-дар, бар-ып-сыз-дар, кел-е-сіз-дер, кел-іп-сіз-дер 
3-ж. Олар бар-а-ды, бар-ып-ты, кел-е-ді, кел-іп-ті 
Есімше, есім сөздерге жіктік жалғау 1-2-ші жақтарда ғана жалғанып, 
3-ші жаққа қосымша жалғанбайды. 
Есімше, есім сөздердің жіктіктелу үлгісі 


143 
Жекеше 
1-ж. Мен бар-ған-мын, кел-ген-мін, мұғалім-мін 
2-ж. Сен бар-ған-сың, кел-ген-сің, мұғалім-сің 
Сіз бар-ған-сыз, кел-ген-сіз, мұғалім-сіз 
3-ж. Ол бар-ған, кел-ген, мұғалім
Көпше 
1-ж. Біз бар-ған-быз, кел-ген-біз, мұғалім-біз 
2-ж. Сендер бар-ған-сың-дар, кел-ген-сің-дер, мұғалім-сің-дер 
Сіздер бар-ған-сыз-дар, кел-ген-сіз-дер, мұғалім-сіз-дер 
3-ж. Олар бар-ған, кел-ген, мұғалім-дер 
Бұл жіктік жалғауы есім сөзге және отыр, тұр, жүр етістіктеріне (нақ 
осы шақта ғана) тікелей жалғанады. 
Жекеше 
1-ж. Мен отыр-мын, тұр-мын, жүр-мін 
2-ж. Сен отыр-сың, тұр-сың, жүр-сің 
Сіз отыр-сыз, тұр-сыз, жүр-сіз 
3-ж. Ол отыр, тұр, жүр 
Көпше 
1-ж. Біз отыр-мыз, тұр-мыз, жүр-міз 
2-ж. Сендер отыр-сың-дар, тұр-сың-дар, жүр-сің-дер 
Сіздер отыр-сыз-дар, тұр-сыз-дар, жүр-сіз-дер 
3-ж. Олар отыр, тұр, жүр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет