A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар



бет27/45
Дата12.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#42556
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Әдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 б.
2. Қазақ ертегілері. Т.5. – Алматы: Жазушы, 2000. – 272 б.
3. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
4. Қазақтың мифтік әңгімелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 320 бет
5. Қасқабасов С. Жаназық. – Астана: Аударма, 2002. – 584 б.
6. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984
7. Керимбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном номинативном и функциональном аспектах. – Алматы, 1995.
8. Этнографическое обозрение. 1980, №2.
9. Казахские сказки. – Алматы, 1964. Том ІІІ. – 430 с.
Бақылау сұрақтары:

  1. Неліктен ертегінің қиял-ғажайып түрінде басқа түрлерге қарағанда мифтік таным басымырақ болады?

  2. Ертегінің аясындағы хикаялық образдарға сипаттама беріңіз.

  3. Ертегінің болмысындағы «көшпелі сюжеттер» туралы әңгімелеңіз?

  4. Жануарлар туралы ертегілердің этиологиялық сипаты қандай?



§2. ХИКАЯ, ӘПСАНА-ХИКАЯТТАҒЫ МИФТІК ҰҒЫМДАР


Мақсаты: Фольклордың аясындағы хикая, әпсана-хикаят жанрларына тоқтала отырып, сол жанрлар аясындағы мифтік танымның көрінісін айқындау.
Тірек сөздер: романтикалық образ, мифоним, жасампаз қаһарман, хикая, әпсана.
Жоспары:

  1. Қазақ фольклорындағы хикая жанры

  2. Қазақ фольклорындағы әпсана-хикаят жанрының мифтік арқауы

  3. Қазақ мифологиясындағы образдар жүйесінің мазмұны



2.1 Қазақ мифологиясындағы образдар жүйесі. Қазақ мифологиясы жеке ғылым ретінде өзінің теориялық негіздемесі мен әдістемелік әдіс-тәсілдердің бай жиынтығына ие. Теориялық негіздемесі дегеніміз әр ғылымның негізгі бір бөлігі саналатын теориялық білімінің болатыны сияқты, қазақ мифологиясында бай образдар жүйесі бар. Жалпы қай ғылымның предметі де, объектісі де – адам, тірі жан. Өйткені барлық игілік, барша іс, барша жасалатын жұмыс ол тек адамға ғана бағышталып, соның рухани құндылық дәрежесін қамтамасыз ету үшін жасақталады. Әйтпесе әлемдегі ең бір саналы мақұлық – адам дер болсақ, онда бар тіршілік адамның «қызықтауы» және онымен «өмір көрінісін бақылауы» үшін жасалған.
Жалпы әдебиеттану ғылымында образ – көркем бейне. Яғни астарында белгілі бір көркем қиялға негізделіп, өмірмен «астасып», белгілі бір оқиға не мағлұмат, іс-мәнді жеткізу мақсатында қолданылатын жанды құбылыс. Қай шығарманы алсақ та, ондағы басты өзек – оны «жандандыратын» күшінде, яғни образдың кең тарапта берілуінде. Әдебиеттану ғылымында образдың бірнеше түрі бар. Ғалым Зейнолла Қабдолов образды жалпы қарастырып, оның ішінде романтикалық образ деп бөліп алып, бүгінгі біздің қазақ мифологиямыздың образдарын осы түрге тиемелдейді. Ғалымның пікірі мынадай: «Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді» [1]. Осылайша ғалым романтикалық образдың әдебиеттегі эстетикалық, тәрбиелік мәнінің зор болып, әлі күнге дейін ел жадында толық бейненің сақталып, кейінгі шығармаларға «өзек» бола алатынын пайымдайды. Шынында, Желаяқ, Тайсоғар, Көлтауысар, Қожанасыр, Алдар көсе секілді кейіпкерлер халықтың қиялынан, болашақта осындай «керемет әрекетті», халыққа қолғабысы мол тұлғалардың армандауынан, болашаққа «үміт» артуынан туды.
Бірақ қазақ мифологиялық әдебиеті жеке өзіндік бір сала ретінде таныла бастағаннан кейін, оның өзіндік кйеіпкерлер әлемі қалыптасады. Әдебиеттануда бұл саналаның кейіпкерлері тұтастанып, бірігіп, жалпыланып, әдебиеттер тоғысында бір бүтіндікке айналады. Ал жеке саланың төл «туынысы» ретінде алып қарар болсақ, оның арнасы кең. Ғалым С.Қасқабасов мифологиялық кейіпкерлердің саралану тәртібін былайша қарастырады: «...Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне, іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі – архаикалық мифте бейнеленетін ілкі ата мен жасампаз қаһарман. Алғашқы адамға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді, яғни өмір сүруді үйретуші және оның әдет-ғұрыптарын орындаушы болып суреттеледі. Екінші топтағы кейіпкерлер – қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар, жалмауыз-кемпір т.б.» [2, 476-б.]. Яғни ғалым мифологиялық кейіпкерлерді екі топқа жіктейді. Ал біз мифтің шығу арнасы мен таралу кеңістігіне, уақыт талабының сақталуына орай негізгі 2 топқа бөліп қарастырғанымыз жөн:

  1. Мифонимдер.

  2. Жасампаз қаһарман.

Мифоним – мифке, мифтік оқиғаға, мифологиялық сюжетке қатынасып, халықтық қиялдан тарап, интеройлау жүйесінде қалыптасып, ортақ жүйеге түскен образ түрі. Интеройлау деп отырғанымыз да жалпыхалықтық түсініктің аралығында «өмір сүретін» кейіпкерлер. Мифонимдерді де былайша мағыналық-тақырыптық жағынан бөлуге болады:

  1. Хикаялық мифонимдер. Хикаялық желіге құрылған мифологиялық құбыжықтар. Ғалым С.Қасқабасоватың айтуынша: «Хикая дегеніміз – ел өмірінде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы нанымға негізделген әңгімелер» [3, 12-б.], - дейді. Яғни хикаяның астарында тұрған нәрсе – миф. Сол себепті сюжеті хикая болғанымен, ондағы кейіпкердің атауы – хикаялық мифонимдер болып табылады. Олардың ерекшелігі – кейіпкерлер ғажайып, керемет сиқырлы күшке ие.

  2. Әпсана-хикаяттық мифонимдер. Яғни белгілі бір оқиғаны, іс-әрекетті немесе жағдайды көркем баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат беру мақсатында жұмсалатын кейіпкерлер. Шындықтан гөрі бұл бейнеде көркемдік басым. Ғалым С.Қасқабасовтың айтуынша, ол аңыз секілді тарихи оқиғаға негізделмейді, сюжеті ойдан шығарылып, я болмаса басқа шығармадан алынады және әпсана-хикаят ислам дінінің таралуымен сәйкес келеді. Шындығына келсек, жоғарыда айтып кеткендей, негізгі түпкі мақсат – ғибрат ету, үлгі болу. Мәселен, Ескендір бейнесі, Құранда берілетін Сүлеймен, Лұқпан, Қарун т.б. жайындағы сюжеттер. Басты айырмашылығы – бейненің «үлгі болу» мақсатында жұмсалуы.

  3. Аңыздық мифонимдер. Жыртылай аңыздық, жартылай мифтік кейіпкерлер. Яғни мұнда белгілі бір оқиғаға байланысты орайластырылған «шындық» болмыс пен синкретистік құбылыстың мол болуы жиі ұшырасады. Мәселен, күй аңыздары (Ақсақ құлан, Жошы хан), тарихта болған адамдардың «хронологиялық-халықтық нұсқадағы түрлері (Шыңғыс хан, Ақсақ Темір турасында, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама кезеңі жайындағы). Басты ерекшелігі – шындық пен қиял арасындағы тұтасымнан туындаған нанымды бейне ретінде көрініс табады, яғни шындық басымырақ.

  4. Діни мифонимдер. Белгілі бір сенімге (дін) құрылған шығармалардағы кейіпкерлер.Бұл туындылардың бойында халықтың ойы, иланушылық, сенушілік дағдылары, таным-түсініктері жинақталған. Қанша өмірде діни дәрежеде шындық болғанымен, оның астарында халықтың алғашқы пайымы, түсінігі, нанымы жатқандықтан, мифонимдер қатарына жатқызылады. Мәселен, періштелер, жын-шайтандар, пайғамбарлар, сахабалары секілді діни бейнелер. Басты мақсаты – образдар арқылы діни уағыз бен түсінік қалыптастырту.

  5. Культтық мифонимдер. Халықтың тотемдік, магиялық, фетиштік сенімдеріне байланысты туған қаһармандар. Мәселен, мал иелері, халық киелі санайтын құстар (аққу, үкі), жан-жануар. Алғашқы қоғамдық құрылыста адамдар табиғатпен етене тығыз байланыста болғандықтан, табынары, бағынары – өздеріне «қасиетті» нәрселер болды. Ай, Күн, Жер секілді табиғат құбылыстары, тотемдер – халықтың айнымас «серігі», «жанды жолдасы» болды.

Мифологиялық образдардың келесі түрі – жасампаз қаһармандар. Немесе әлемдік деңгейде мәдени қаһарман. Е.М.Мелетинский мифтерді саралаған кезде «мифы творения» атты бір бөлігін ашып көрсетеді. Ғалым: «Жасампаздық мифтер дегеніміз – бүкіл дүниені құрайтын нәрселердің пайда болуын баяндайтын мифтер» [4], - деп, мифке жасампаздықты телиді. Бірақ жасампаз миф бар жерде, жасампаз қаһарман бар. Бұл жерде жасампаз мифтердегі образдардың бәрі жасампаз қаһарман деген сөз емес. Яғни, жасампаз қаһарман дегеніміз – «өмірге», халықтық ой-танымға белгілі бір заттың не құбылыстың алғашқы бастамашысы болып, тұңғыш «ойлап табушы» бейне. Ол тек біреу болады. Бірақ бейне ойлап табылған затымен қатар айтылып, бірге көрініс табуы тиіс. Сол ойлап табылған нәрсе соған сәйкес «жасампаз құрал» немесе «жасампаз құрылғы» деген атауға ие болады. Қазақ мифологиясында жасампаз қаһарман өте молынан кездеседі. Тіпті ол әлем мифологиясымен параллель, кейде түпнұсқа (оригинал) күйде келеді. Мәселен, жаңа жылдың жебеушісі, жасампаз күші – Аяз ата (әр елде әр түрлі). Ал қазақ (түркі) жаңа жылының жебеушісі – Қыдыр ата. Немесе Қорқыт – жасампаз қаһарман, оның «ойлап тапқан» объектісі – қобызы – жасампаз құрал.
Қазақ мифологиясындағы образдар жүйесі кең арналы, мол тынысты және олардың өзіне тән ерекшелігі сипат-бедері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет