Дамушы маркетинг — тауарларға сұраныс қалыптастыру
жағдайында, яғни əлеуетті сұранысты нақты ұсынысқа айналдыру
үрдісі басты мақсат болып табылатын кезде қолданылатын
маркетинг.
Əлеуетті сұраныс туындайтын жағдайлар өте көп кездеседі.
Əдетте,ол жеке тұтынушының немесе шаруашылықтың қандай
да бір саласының алдына өмір көлденең тартқан мəселелерді
(қоршаған ортаны қорғау, энергия сыйымдылығының төмендеуі
жəне т.б.) шешу ұмтылысымен байланысты. Əлеуетті сұранысты
өзекті сұранысқа айналдыру үшін, бірінші кезекте жаңа сапалық
деңгейдегі жаңа тауарларды шығару қажет.
Ремаркетинг — тауардың барлық түріне тəн жəне өмірлік цикл
деңгейіне байланысты кез келген уақыт кезеңінде оған сұраныс
төмендеген жағдайда қолданылатын маркетинг.
Тауардың өмірлік циклы тұжырымдамасы қандай да бір
бұйымның қаншалықты керемет тұтынушылық ерекшеліктері
болмасын, ертелі-кеш нарықтан ығысып, орнына одан да жақсы
тауардың келуі мəселесінен шығады. Ремаркетинг қағидасы
сұраныстың жандандауына жаңа мүмкіндіктер іздейді, яғни
тауарға нарықтық сонылық беру, жаңа нарыққа фирманы қайта
бағдарлау жəне т.б. болып табылады. Осылайша, ремаркетинг
дегеніміз — фирманың жоғары өндірістік мүмкіндіктерін əлеуетті
нарықпен қиыстыру əрекеті.
Сұраныс тұрақсызданған уақытта, оны тұрақтандыру керек.
Синхромаркетинг — жағдайға бағдарланған маркетинг. Ол
сұраныс өндіріс қарқынынан артқанда немесе керісінше, белгілі
бір тауардың өндіріс көлемі нарықтық қажеттіліктен көп болғанда
қолданылады.
Құбылмалы сұраныс маусымдық қолданыстағы тауарларға
қатысты орын алады. Ал өндірістік мақсаттағы өнімдерге қатысты
жағдайда қажеттілік конъюнктураның циклдық құлдырауынан
кейін өзгереді. Синхромаркетингті қолданушы фирма нарықтың
осы ерекшелігін саналы түрде өз жоспарына енгізеді жəне болжам
жасау кезінде циклдардың сəйкес фазасын анағұрлым нақты
анықтауға тырысады. Кəсіпкер тауар өтімін тұрақтандырып,
сұраныстың құбылмалығын барынша азайту үшін, адамдардың
қажеттілігін жəне бір қажеттіліктің қарқынын арттырып, екіншісін
тұншықтыру əдістерін, яғни сұраныстың құбылу фазасына қарсы
əрекет етуді білуі керек.
Егер сұраныс фирманың мүмкіндігіне нақты сəйкес келсе, онда
қолдаушы маркетинг пайдаланылады. Бəсекелестер клиенттердің
сұранысын өзгерту немесе бірдей жағдайда осындай немесе жақсы
тауар ұсыну арқылы сұранысты төмендете алады. Жағымсыз
ықпалдарға қарсы тұру үшін, маркетинг бойынша басқарушы
баға саясатын мұқият жүргізіп, жарнамалық жұмысты мақсатты
түрде қамтамасыз етуі жəне маркетингтік операциялардағы
шығындардың мақсатқа сəйкестігін үнемі тексеріп отыруы қажет.